• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

«Самұрық-Қазына» жаңа кадрлік саясатты жүзеге асырмақшы

12 Октябрь, 2012483820


 

«Самұрық-Қазына» алдағы он жылға арнап Кадрлық стратегия әзірледі. Онда қор компанияларына тек шынайы мамандарды алу көзделген. Болашақ қызметшінің визуализациясы 2012-2022 жылдарға арналған кадрлық стратегиялық  жобадан көрініс тапты.

Құжат 2012-2022 жылдарға арналған «Самұрық-Қазына»АҚ-ның Даму стратегиясына сәйкес  әзірленді. Оған сондай-ақ  еңбек заңының және еңбек нарығының талдау нәтижелері ескеріле  жазылды. Құжатта бизнес-стратегия басымдықтарына сәйкес адамдар ресурстарын жоспарлау қаралды.

«Қор компаниясының  тобында корпоративтік рух пайда болуы тиіс. Адам жақсы жұмыс істесе ғана  табысты болатынын анық түсінуі тиіс. Бұдан басқа,  еңбек ресурстарын жоспарлаудан бастап, бағалау жүйесі және уәждемелермен аяқтағанда барлық HR-процесстерін дұрыс құра алсақ, онда қызметкер қандай да бір тегіне және қолдауына (протекциясына)  қарамастан тиімді жұмыс істеуге міндетті болады. Кадрлық саясат бірде-бір басшылыққа "пысықтарды", "үркектерді" ұстау пайдалы болмайтындай етіп құрылады», - дейді «Самұрық-Қазына»АҚ аппарат басшылығы Ұлан Тәжібаев.

Қазіргі уақытта Қор компаниясының  қорында 331 452 адам жұмыс істейді , оның ішінде әкімшілік-басқару қызметші 29 668 адамды құрайды. Қызметші құрылымындағы негізгі үлес өндірістік қызметшіге  тиесілі - 301 784  адам немесе жалпы саннан 91 %. Кадрлардың орташа  тұрақтамауы 11,6%, оның ішінде менеджмент  – 9,7 % құрайды. Қызметкерлердің орташа жасы – 35 жас, жұмыстың орташа   – 11, 8 жыл.

«Самұрық-Қазына»АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Гүлмира Раисованың сөзі бойынша «Қор компаниясының тобындағы кадрлық саясаттың күшті жағына қарамастан оның әлсіз тұстары да бар көрінеді. Қызметшілермен жұмыс  бірінші кезекті, үлкен назарды қажет ететін болып қарастырылмайды. «Біз өрт сөндірушілердің  рөлінде жүрміз. Кадрлық саясат бәрінен бұрын пассивті, белгілерді бақылау, қақтығыстарды елеу және оперативтік жұмыстарды орындау деңгейінде тұр. Негізгі проблема – барлық НR – процесстері формальды. Олар регламенттелген, бірақ іс жүзінде сақталмайды. Нәтижесінде қажет нәтижелерді әкелмейді».

Кадрлық стратегияны әзірлеушілер тобы  адам ресурстарын басқару мәселесіне қатынасты қайта қалыптастыру қажет деп санайды. . «НR – қызметінің міндеті – компанияның табысы мен жетістігі адам факторына байланысты болатындығын түсіндіру. Сондықтан қызметшіге оларды тиімді жоспарлау, дәлелдеу, дамыту және басқару қажет»- деді «ҚазМұнайГаз»ҰК»  АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі департамент директоры Шолпан Ержігітова.

Жобалық құжатқа сәйкес, жаңа кадрлық  саясаттың қағидаттары  - проактивтілік, сабақтастық, ашықтық, айқындық және бірігушілік болып табылады. Кадрлық стратегияның  әзірлеушілері әр НR–процессі бойынша корпоративтік стандарттарды енгізуді, сондай-ақ, қызметшілердің ішкі жылжуы арқылы жоғары позициялардың тағайындауын "жабуды" ұсынады. Қор сондай-ақ, еңбек нарығының жыл сайынғы талдауын өткізуді, кәсіби стандарттарға және талаптарға сәйкестікті бұзғаны үшін жеке жауапкершілікті жүргізуді бастады. Әкімшілік қызметкерлерін бағалау үшін  «Самұрық-Қазына»АҚ Корпоративтік университетінің базасында тестілеудің бірыңғай орталығын құру мүмкіндігі қарастырылады. Бұдан басқа, қызметкерлердің әр санаттары үшін біліктілікті әзірлеу, сондай-ақ, еңбекақы саясаты мен сыйақыны жетілдіру жоспарлануда. 

"Араша-ақпарат"

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>