• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

"Самұрық-Қазына" инновациялық жолмен еңбек өнімділігін арттырғысы келеді

12 Октябрь, 2012475331


 

"Самұрық-Қазына" АҚ компаниясының тобында бірыңғай корпоративтік портал іске қосылатын болады. Ауқымды корпоративтік жобалардың міндеттері мен мақсаттары жайында «SK News» сұхбатында "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Жексен Жылқыбаев әңгімеледі.

Бірыңғай портал

 - «SK News» бірінші нөмірінде  Қор басшысы Өмірзақ Шөкеев "Самрұқ-Қазына" АҚ компаниясының тобында бірыңғай корпоративтік порталды  құру туралы айтып берді. Сіз осы жобаның бастамашысының бірі болдыңыз. Осы ресурс қандай функцияларды атқарады және Қор компаниясы тобының қызметкерлері үшін оның  пайдасы немен қорытындыланады?

- Бірыңғай корпоративтік порталдың басты мақсаты - өндірістік операциялар мен инновацияларды жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттыру. Функционалды тұрғыда порт бірнеше блоктардан құралатын болады. Бірінші блок - әлеуметтік желі. Идея қарапайым. Біз формальды емес ашық жолды құрамыз және оған Қор компаниясы тобының барлық қызметкерлерін біріктіреміз. Олар бүгін 300 мыңнан аса адам болады деп болжануда.

Әлеуметтік желі форматы неге таңдалды? Бірыңғай ашық жолда қарым-қатынас жасай алатын кез-келген деңгейдегі  қызметкерлердің кәсіби қоғамдастығы алаңын ашу қажеттілігі туды.

Екінші және ең ірі порталдың блогы – ұйымдастыруға процесстік тәсіл элементері бар үздіксіз жақсарту жүйесі. Идея тірегі – барлық қызметкерлердің ұжымдық ақыл-ойын енгізу. Әр қызметкер орталық аппараттың  адамдарына қарағанда жергілікті жердегі бар проблемалар әлдеқайда ауыр екенін біледі. Пайда болған мәселелерді оперативті және дер кезінде шешу үшін олар туралы айтып беру, оларды талқылап, жалпы шешімге келу мүмкіндігі пайда болады. Мұндай практика әр Жұмыс беруші бизнесінің дамуына және үздіксіз жақсарту жүйесіне қызметкерді тартуға мүдделі  әлемнің жетістікті компанияларында  қолданылады.

 Үшінші элементке қатысты айтар болсақ, ол -   электрондық газеттер. Басылымның зор әлеуметті маңызы бар. Бірінші кезекте бұл жүргізетін саясатты түсіндіретін құрал. Оның екінші қызметі – ішкі корпоративтік РR мен идеяларды синхрондау.

Біз сонымен төртінші элементті қарастырып жатырмыз. Ол – қоғаммен ашық диалогты болжайтын краудсоринг. Краудсоринг жүздеген адамдардың ақыл-кеңесін пайдалана отырып, кез келген сипаттағы қиындықтың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Проблемалы мәселелерді шешу үшін сыртқы ортаның идеяларын тартатын кезде осындай моделдің прототипі деп "Инновациялық Қазақстан" конкурсын атай аламыз.

 -         Бірыңғай корпоративтік портал қандай дайындық сатысында тұр?

 -  Қазақстанда Қор корпоративтік орталығында үздіксіз жақсарту жүйесін енгізу басталады. Мысалы, "Қазақстан Темір Жолы" АҚ-да өнертапқыштық  ұсыныстар жүйесі  қызмет етеді. Сыналатын бағдарламалық өнімді біз Қор компаниясының барлық тобы ауқымында енгізуге жоспарлаймыз.

 - Қандай белгілі компаниялар корпоратвитік порталдарды енгізді?

 - Мысалдар көп. Microsoft, Pricewaterhouse, KPMG, Жинақ банк және басқа компаниялар. Жинақ банкінде 3 жылдан аса Идеялар Биржасы қызмет етеді. Бұл   әр қызметкер жұмысты жақсарту бойынша  ұсынысты бере алатын,  ал басқа қатысушылар мен сарапшылар оған идеяны  аяғына дейін жасап шығаруға және енгізуге көмектесетін корпоративтік бағдарлама. Жүйе Жинақ банкінің барлық аймақтық бөлімшесін біріктіреді және қызметтестіктің негізгі жаңа мәдениеті болып табылады. Бастамаға мөлшерлеме және қызметкерлердің белсенділігі өнертапқыштық ұсыныстарды енгізуден  7 млрд рубльмен едәуір нәтиже алып келді.

 Бұдан басқа 2011 жылы әлемнің 64 елінің 120 мың қатысушысы біріктірілген "Жинақ Банк 21"теңдессіз краудсорсингтік жобасы жүзеге асырылды. Біріккен күштер арқылы бар болғаны екі айда "Басқарудың жаңа технологиялары. Әлем нені өзгерте алады?" халықаралық қаржы конференциясы қатысушыларымен ұсынылған  Ресей-21 және Жинақ банк -21 баяндамалары дайындалды. Конференцияның материалдары мен 15 үздік жобалары  2014-2019 жылдарға арналған Жинақ банктің негізгі стратегиясы болды. 

                                            Интеллект-карталар

-      Жеке сипаттағы сұрақ қоюға рұқсат етіңіз. Сұхбат алар алдында адал журналист ретінде  біз сіздің жеке ісіңізді зерттеп, қызық сәтті таптық. Сіз интеллект-картаны кәсіби түрде құрастырумен айналысасыз. Сізді тіпті БАҚ-да компьютер миі бар адам деп атаған екен. Интеллек-картаның шынайы өмірдегі көмегі қандай? 

 -          Иә,  мен бұнымен 10 жылдан аса айналысып келемін. "Мидың швецарлық  әскерлік пышағы"  атанған интеллект-карта қазіргі күні бүкіл әлемнің 250 млн аса адаммен пайдаланылады. Оның жетістігі білім және бизнес саласында тапжылмастан өсуде. Жүз мыңдаған оқушылар соның арқасында бағасын жақсарып, жоғары технология бойынша жұмыс істейтін көптеген фирмалар миллиондарын үнемдеді және өзіне шамалас табыс көлемін қамтамасыз етті. Визуалды тұрғыдан интернет –карта өзара логикалық байланыстағы негізгі ойдың ортасында және белгілі  бейнеде  суреттелген түсініктер мен идеялар желісін білдіреді. Бұндай жұмыстар қағазда да, әр түрлі мамандандырылған компьютерлік бағдарламаларда да орындала алады. Бізде, Қазақстанда бұл технологияға бірнеше мың адам ие.

-        Осы тізімде «Самұрық-Қазына» АҚ топ-менеджерлерінің өкілдері бар ма?

-         Өкінішке орай, көп емес. Осы технолгияның тиімділігін мысалға келтірейін. Лекциялар мен семинардан кейін материалды стандартты игеруін айтатын болсақ, адамда бұл  көрсеткіш  алынған ақпараттан тек 20 пайызды   құрайды. Осындай ресурсты пайдаланушы нақты адам аптасына 1 бос жұмыс күнін ала алады. Демек, бұл жай ғана адамның ойы мен жұмысын ғана құрылымдау емес, сондай-ақ ол өнімділікті күшейтіп, уақыт пен белгілі қызметке жұмсалған шығысты үнемдеу болып табылады. Мысалы,  бізге баяндама жасау үшін бірнеше сағат керек болатын болса, интеллект – карта арқылы баяндаманы 15-20 миунтта жазуға болады. (Интеллект-картаны құру техникасы туралы толық деректерді газеттің келесі нөмірінің "Кітап сөресі" айдарынан оқыңыз.

-       Соншалықта қысқа уақытта сондай материалды дайындау қолыңыздан келіп жатыр ма? 

 -          Иә. Бұнымен мен он жылдан бері айналысып келемін ғой.


 Хобби туралы:


- Жақсы жұмыс үшін жақсы демалыс керек. Жұмыстан тыс уақытыңызды қалай өткізгенді ұнатасыз?

- Менің хоббиім- ағаш отырғызу. (Күлімсірейді) Бұны коллекция жинаумен салыстыруға болады. Біреу марка, тиын жинағанды ұнатса, мен ағаш отырғызғанды жақсы көремін. Менде  80 ағаш бар. Бірақ бұнымен сүйікті ісімді шектемеймін.. Спортты қатты жақсы көремін. Фитнеспен құштарлықпен айналысамын.

Тағы да менің бір құмарлығым – кітап оқу. Қазіргі заманғы адам тек білімді болып қана қоймай, креативті болуы тиіс. Ал бұл үшін күніне кем дегенде бір сағатты әдебиет оқуға арнау қажет деп санаймын. Нәтижесінде орташа  есеппен адам айына төрт кітап, жылына 50 кітап оқитын болады. Кітаптың осындай көлемін оқымай,  қазіргі заманғы  адам бәсекелестікке қабілетті бола алмайды. 

 "Араша-ақпарат"

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>