• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жылдам өсетін компанияларды IPO-ға шығару мақсаты жоқ

25 Октябрь, 2012526748


«Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша биржаға бірінші кезекте «Қазтрансойл»,  KEGOK сияқты ең бір тұрақты компаниялардың үлестері шығарылатынын айтады  «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық  БИШІМБАЕВ.

 — Неге биржаға  бірінші кезекте басқа емес, дәл «Казтрансойл» шығарылады?

— Талдау қорытындысы бойынша бірінші кезекте ақша ағымдары  жеткілікті дәрежеде түсінікті, болжамды болуы үшін реттелетін, яғни, тұрақты компанияны шығару керек екендігін түсіндік.  «Қазтрансойл» елдің өз ішінен экспорттық нарыққа, немесе ішкі қуат көздерінен ішкі қайта өңдеу орындарына  мұнай тасымалдайды. Бизнестің неде екендігі бәріне түсінікті. Бұл - реттелуші монополия, тарифтері болжанылуы мүмкін, пайдасы түсінікті болатындай етіп, оны үкімет  реттеуі де мүмкін. Оның үстіне «Қазтрансойлдың» инфляцияға әсері   мейлінше төмен, оның пайдасы былай өзгереді: экспорттық бағыт бойынша алатын тарифтері ел ішіндегі бағаларға мүлде әсер етпейді, ал ішкі нарықтағы тарифтері мейлінше төмен; бүгінгі күні біздің мұнайдан Қазақстанда жасалатын мұнай өнімдері мен жанармайдың көтерме бағасындағы тарифтері бір пайыздан аз.

KEGOK осы себептер бойынша екінші болып таңдалынды. Бұндағы жағдай біраз күрделірек, өйткені компанияны тартымды, пайдалы, түсінікті қылу үшін тарифтік саясаты бірқатар түзетулерді талап етеді.  Компанияда бухгалтерлік емес, нақты экономикалық шынайы табыс болатындай қылу керек.

— «Қазтрансойлдың» өсу қарқыны қандай?

Читайте также: Как подключить стиральную машину?

— Қазір компанияның бизнес-жоспарының мәліметтерін ашып айта алмаймын, ал жалпы алғанда, егер тарифтік саясат жөніндегі кейбір мәселелер шешімін тапса,  «Қазтрансойл» жеке салымшылар үшін де, зейнетақы қорлары үшін де жеткілікті дәрежеде  тартымды актив болады деп айтуға болады.  «Қазтрансойл» да, KEGOK та ертең агрессивті өсуі  үшін орасан зор қаржылық ресурстар талап ететін компаниялар емес. Жылдам өсетін компанияларды IPO-ға шығаруды мақсат етіп отырған жоқпыз. Менің ойымша, азаматтар үстеме пайда табуды көздеп отырған жоқ, негізінен әрқашан үстеме пайда табу мүмкін емес.

— Оны түсінетіндеріне сенімдісіз бе? Қаржы нарығы туралы түсінігі аз кісілер оны бірінші кезекте еңбек етпей,  тез баюдың жолы ретінде қарастырады. 2000 жылдың бірінші онжылдығының ортасында қазақстандықтар керемет көпірме жылжымайтын мүлік нарығына жаппай ақша салды. Олар жылдан-жылға, айдан-айға өз мүліктерінің құнының шарықтап өскенін көрді. Жылына кемінде 50% алғысы келетін осы аудиторияны табыс ауытқымасын  түзу деп айтуға болатын компания қызықтыра ма?

— 2005–2008 жылдары болған жағдай— аномалия, бұл аномалия барлығын қателікке бастады. Адамдар бағаның өсіп, көпіршіктің көпіріп бара жатқанын көрді. Бастапқы кезеңде әрқашан бұлай бола бермейтіндігін түсінген. Бірақ баға үш жыл бойы өсіп, активтің бағасы жалпы алғанда бес-алты есе өскен кезде көпшілігі қызығушылыққа бой алдырды. Ешқандай ақылға симайтындығына қарамастан, үстеме пайданы ұдайы алуға болады деп сенетіндей жағдайға жетті. Біреулер 2005 жылы осыған сеніп,  2007 жылы активтерді «тастамағанына» өкінді. Ал енді біреу нарыққа 2007 жылы келді де, соңынан қатал жазасын алды.  Бұл ойында ұтқандар да көп болды, бірақ ақыр соңында барлығы бірге көп ұтылды. Біз бүгін актив құнының бұлай өсуі негізінде болмауы керек деп айтамыз.  Болашағын бағамдауға жеткілікті деңгейде түсінікті әрі тиянақты компания «Қазтрансойлды» ұсынамыз. «Қазмұнайгаздың» директорлар кеңесінде белгілі бір сандар  бекітілгеннен кейін «Қазтрансойлдың» бизнес-жоспарын дүйім жұртқа таныстыру рәсімін жасаған кезде «Қазтрансойл» құбырлар жүйесі арқылы орасан зор мұнай тасымалдауды күтіп отырған жоқ екенімізді барлығы көреді. Оның есесіне бұл түсінікті актив, алыпсатарлыққа қызықпай, ұзақ мерзімге салым салып,  ақшасын сақтағысы келетін инвестор өзін осы бағдарламадан табады. Ал  2005–2008 жылдардағыдай табыс көзін әлі күнге дейін күтіп  жүрген адамдар басқа жолды іздегендері жөн.  Алайда ондай адамдар аз деп ойлаймын. Назар  аударсаңыз,  өзіміздің ақпараттық бағдарламамызда біз сізді бұл акция өткен жылғымен салыстырғанда ертеңгі күні екі есеге қымбаттауын  күтпеуіңізді әрдайым ескертіп отырамыз.   Оған негіз жоқ.

«Қазтрансойл» үлестерін сатқаннан қанша түсім күтіп отырсыз?

— Директорлар  кеңесінде компанияның акцияларының 10 пайызын орналастыру туралы шешім қабылданды. Қазір қандай бағадан болатындығы талқылануда. Шешімді «Қазмұнайгаз» директорлар кеңесі қабылдайды. Сондықтан да сіздің сұрағыңызға әзірше жауап бере алмаймыз.

Бұл ақша компаниялар үшін қаншалықты қажет?

— IPO құрылымдануы бойынша ол бас акционердің, яғни ҚМГ иелігіне кетеді. Менің ойымша «Қазмұнайгазда» іске қосу сатысында тұрған жобалары жеткілікті.

— Ия, ҚМГ жаңа мұнай өңдеу зауыттарын салса артық болмас еді...

— Жалпы алынатын сома сондай үлкен болмайды.  Егер «Қазтрансойлдың» баланстық құны 327 млрд теңге шамасында болса, әңгіме 30–32 миллиард теңге шамасында болып тұр. Акциялардың кесімді құны 10 мың, сондықтан орналастыру кезінде оларды бөлшектеу жоспарлануда. Алғашқы шығарылым мен  «Қазтрансойлдың» IPO-сы қаншалықты сәтті болатындығына және  IPO-дан кейінгі кезеңде акциялар өздерін қалай көрсететіндігіне әрине, көп нәрсе байланысты. Біз бұның бәрін түсінеміз және бәрін пайымдай отырып, әзірленудеміз.

— Бұл туралы әңгіме қозғаған екенсіз... «Халықтық IPO» сөз тіркесін инетернетте терсеңіз, бірінші кезекте ресейлік ВТБ банкісінің күйінішті уақиғасын айтатын сілтемелер шығады. IPO барысында қағаздарын өткізген бағамен ақыр соңында өз акцияларын кері сатып алыпты. Ал бұл дегеніміз - идеяның беделін толығымен түсіру, өйткені, егер  адам акцияларды алатын болса, онда ол баға белгілерінің құлауы тұрғысындағы тәуекелдерді өз мойнына алуы керек. Сіздер талдадыңыздар: ресейліктер нені дұрыс істемеді?

— Әрине. Есіңізде шығар, ол жылдары банктер өте жылдам өсті. Барлық банктер капиталға 3–5 мультипликатормен сатылды. Сол кезеңдегі өсу қарқынына өте оптимистік болжамдар жасалды: экономиканың осындай өсуінде банктер өркендей береді және т. б. Бірақ өсу тоқтап қалды. Орналастыру уақыты сәтсіз еді. Әлемдік экономиканың механизмі бір уақытта осылай морт сынады деп ешкім күткен жоқ. Осыдан көтеріңкі баға шығады. Яғни, ол IPO сәтсіздігі ең алдымен ақталмаған үміттерге байланысты. Үміттер асқан оптимистік болды. Сондықтанда, ВТБ орналастырулары халықтық  IPO идея ретінде беделінен айырылды деп айтпас едім. Барлық тәуекелдерді есепке алмаған болар. Адамдар ол қағаздарды алдында айтқанымыздай, тұрғын үй нарығы сияқты алды, қателесіпті... Жалпы 2005 — 2007 жылдың аяғында үстеме пайда күту психологиясы сол кезеңге сай еді. Барлығы тамаша жүрді, кез келген бизнес өсті, бағалар көтерілді. Барлығы несие алды, кімге, қайда сатарын білмесе де, кәсіпорындар ашты. Өзінің жылжымайтын мүлігін кепілге қойып, несие алып, компания ашудың мүмкіндігінің өзі көпшілікті еліктірді. Соңынан нәтижесін көрдік. Қазір бұның бәрі өтіп кетті ғой. Жағдайдың күрт өзгеруі мүмкін екендігін көпшілік түсінеді деп үміттенемін.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>