• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Экономиканы кәсіпкерлер қозғайтын жүйе қалыптастыруымыз керек

25 Октябрь, 2012638078


Даму жобаларын жаңаша өлшемдермен бағалау, ұлттық компания мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың малайзиялық моделі, кикілжіңнің пайдалы жақтары және дағдарысқа қарсы күрестегі жаңа қағидалар жөнінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық  БИШІМБАЕВ баяндайды.

 «Халықтық IPO» арқасында болатын ішкі  трансформация тақырыбына тоқталсақ. Сіздердің жаңа стратегия қабылдағандарыңызға көп бола қойған жоқ. Бұл қағаздарды биржаға орналастырумен байланысты ма?

— Әлбетте. Стратегияны егер сіз көрген болсаңыз келісерсіз,  «Самұрық-Қазына» өзінің  алдына қойған негізгі қағидалары мен тапсырмаларын біршама ықшам түрде баяндайды. Ол құжатқа біз ұлттық компаниялар қалай жұмыс істеуі керек, топ-менеджменттің тиімділігін бағалауға арналған қандай формальды өлшемдер бар және қандай да бір, соның ішінде инвестициялық шешім қабылдаған кезде  топ-менеджмент нені негізге алатыны көрсетілген практикалық оқу құралы ретінде  қараймыз. Стратегияны қабылдағанға дейін ондай ережелер болған жоқ деп айтпаймын, бірақ ақыры құжат түрінде бекіттік қой. Мәселен, ұлттық компаниялардың тиімділігін қалай бағалау туралы сұрақ бар болатын: пайдасы бойынша ма, кірісі бойынша ма немесе республиканың дамуына қосқан үлесі бойынша ма? Баланс табу өте қиын. Құны  өспейтін, пайда әкелмейтін бірақ, инфрақұрылымды дамытатын, жұмыс орындарын көбейтетін өте жақсы жобалар жасауға болады. Біз нарық пен мемлекеттің ортасында болғандықтан, осы мақсаттардың қайсысының басымдық алуы керектігі әрқашанда пікірталас сұрағы болатын.

Ал өзіңіз қандай модельді жақтайсыз?

— Бірі екіншісіне кедергі келтірмеу керек және бұл мақсаттардың арасындағы келісімді табу керек. Өйткені, егер біз тек қана нарықтық қөзқараспен қарайтын болсақ, сөзсіз біз үшін бұл дұрыс болмас. Ал егер біз пайда таппай, тек дамумен айналыссақ, онда ұлттық компания деген механизм неге керек. Онда барлығын жай ғана бюджеттік бағдарламалар ретінде ұйымдастырып, оларды қаржыландыру керек. Қабылданған стратегия  — нарықтық және экономикалық мақсаттар арасындағы қол жеткен консенсус. Бұл - өте маңызды, өткені біздің барлығымызды бір тәртіпке, реттілікке келтіруі керек және де әсері әлден байқалады. Айталық, инфрақұрылымдық, бірақ пайдалылығы төмен жобалар... Стратегия бұл туралы не айтады? Олар ел үшін маңызды, инфрақұрылым маңызды. Егер біз онымен айналыссақ, онда компания алдында IPO тұрғанына көңіл аудару керек. Бұндай жобалар кез келген компанияның құнының төмендеуіне әкеледі.  Бұрынғыдай бюджеттен ақша алып, жобаны бастау деген болмау керек. Өйткені, жобаның кірістілігі іске асыруға берілген капитал құнынан  төмен. Біз бұдан былай  елімізге бұл «пайдалы» немесе «пайдасыз» деген емес, «жобаның кірістілігі капитал құнынан жоғары ма, әлде төмен бе?» деген терминдермен талқылай бастаймыз. Мен мұны серпін  деп есептемін. Директорлар кеңесінде осы өлшемдерді қолдана отырып, пікірталас жүргізу менің ойымша, серпін. Кез келген келісімді жүргізгенде компаниялар қалайда пайдаға шығатындай қылып  қаржыландыруды құрылымдандыру керек. Егер жоба еліміздің дамуы үшін қажет болса, олар ұлттық компаниялардың негізгі бизнесіне нұқсан келтірмейтіндей схема керек. Мұндай жобаларды жүзеге асырған кезде компаниялар сырты қампиғанымен, іші қуыс болмауы, яғни, мол активі бола тұра, кіріссіз қалмауы тиіс. Міне, ең қиын сәт осы болған шығар. Қаңтар айынан бастап әр түрлі деңгейлерде — директорлар кеңесінде, үкіметтегі жиналыстарда әрдайым талқылаулар жүргізілді. Ең соңғы нүкте Елбасымен болған жиында қойылды, онда Нұрсұлтан Әбішұлы екпін салатын ақтық мәселелерді көрсетті: ия, ел дамуының жобалары - «Самұрық-Қазынаның» маңызды қызметі, бірақ бұл мәселеде кірістілік  пен тиімділік есептен шығарылмауы керек.

— Бірақ бұндай көзқараспен  кейбір елімізге керекті, бірақ кірісі жоқ бірқатар жобалар тасада қалып қояды.

— Керісінше. Сіз сипаттағандай жобамен енді міндетті түрде мемлекет айналысатыны анық болды. Егер ол мемлекетке қажет болса және үлкен   мультипликативті әсер берсе, онда оған мемлекеттік, аймақтық және республикалық бюджеттер бар. Жаңа тәсілдер бұл жобалар жасалынбайды дегенді білдірмейді. Олар ұлттық компаниялардың экономикасын есепке ала отырып құрылымдандырылатын болады. Міне, осы өте маңызды. IPO-ға дайындала отырып, біз тиімділікке, әрекеттердің ашықтылығына, қалыпты инвестицияларға талпынамыз. Бұл - негіз. Міне мына қағидаларды барлық салаларға енгізуге тырыстық: инвестициялық қызмет, қарызды басқару, еркін өтімділікті басқару. Бұның бәрі енді түсінікті индикарорлар түрінде реттелді. Жобаны бағалау әдістемесі пайда болады: ол нарықтық па, нарықтық емес пе? Енді біз егер ол нарықтық болмаса, компаниялардың ешқайсысына шығын келтірмей орындау үшін   жобаны   қалай  құрылымдандыру керек екендігін үкіметпен талқылаймыз.

Бізде ҚТЖ бойынша  жақсы мысал бар. Мәселе - екі жаңа темір жолы туралы.  Президенттің жолдауында айтылған өте үлкен жобалар. Бұндай өтелім  мерзімі өте ұзақ  күрделі инфрақұрылымдық инвестициялардың  жобаларын қалай дұрыс құрылымдау керектігі туралы біз көп пікірталастырдық.  ҚТЖ-да бар ресурстарды бағалай отырып, біз үкіметпен бірлесіп, бюджет қаржысы мен ұлттық компаниялар ақшасын микширлеудің арқасында қаржыландырудың мүмкін  болған механизмін жасауға мүмкіндік беретін қаржыландыру құрылымын жасап шығардық. Яғни, бұл ережелер іс-тәжірибеде жұмыс істей бастады. Дискуссия ұзақ әрі қажырлы болғанымен, негізгі нәрселер бойынша келіскеннен кейін алға жылжудамыз, ал жобалар іске қосылуда.

Ұлттық холдинг пен мемлекет арасындағы осындай сындарлы қарым- қатынасты сіздер сингапурлық Temasek-тан алдыңыздар ма?

— Temasek - бүгін негізінен жай ғана нарықтық инвестициялық компания. Олар Сингапурдың дамуына әсеріміз бар ма, жоқ па деп еш  қарамайды. Шешім қабылдаудағы уәжі біреу ғана — қаржылық пайда табу. Егер Үндістанда бір үлкен пайда әкелетін, бірақ Сингапурға еш қатысы жоқ компанияны сатып алуға мүмкіндік болса, олар барып, оны сатып алады. Алайда олар директорлар кеңесіне кірмейді, басқаруға отырмайды. Оларды инвестициядан тек қаржылық табыс табу қана қызықтырады. Яғни, бұл негізінен таза инвестициялық қор. Бізді қызықтырған екінші модель — малайзиялық Khazanah Nasional холдингі. Олардың міндеті дәл біздікіндей: Малайзияны дамыту және қаржылық пайда табу. Біз олармен біршама ұзақ пікірлестік. Оларда бір өте маңызды қағидат бар: инвестициялық жобаларға ешқашан дерлік бюджеттік қаржыны жұмсамайды. Олардың айтуынша: «Бизнес пен бюджеттік ағымдарды араластыруды бастай салысымен, тиімділіктің шегі жоғала бастайды. Өйткені, «Біз сізге ақша бердік қой» деген принцип орын алады». Сол кезде сіз менеджменттің де тиімділігін дәл бағалай білуден айырыласыз.

Бұл ретте «Халықтық IPO» бағдарламасы,  немесе былайша айтқанда, ұлттық компаниялардың бөліктерін жекешелендіру - сол  90-шы жылдардағы жекешелендіру сияқты, мәні зор модернизациялық бағдарлама.

— Сонда да айталық, сіз  тек қана технологиялар трансферті үшін шетел активтерін Temasek сияқты сатып алумен айналысқыңыз келмей ме?

— Тек қана технология керек болып тұрғанда, бүкіл компанияны сатып алу өте қымбатқа түспек. Apple өнімдерін Қазақстанға енгізу үшін Apple-ді сатып алудың қажеті жоқ

— Айталық, «Қазатомөнеркәсіп»  Westinghouse-дың 10-пайыздық үлесін сатып алды. Бұл технологиялар мәселесінде  қандай-да бір пайда бере ме, әлде бұл тек  әлемдік нарықтарда мәмілелер жасау үшін ғана көмектесе ме?

— Бірінші кезекте әрине, бұл оған салмақ қосады.  Компания ойыншылары көп емес спецификалық нарықта жұмыс жасайды. Олардың барлығы да айтарлықтай ірі және беделдері үлкен. «Қазатомөнеркәсіптің»  қандай да бір халықаралық компанияға қатысуы оның орнын сөзсіз күшейтеді. Өзінің негізгі қызметі шеңберінде мәмлелерді құрылымдау үшін де маңызға ие. Бұл өзінің өткізу нарығын кеңейту мүмкіндігі, бұл  Қазақстаннан тысқары жерлерде өз қызметі  профилі бойынша қызықты жобаларға қатысу мүмкіндігі.  Қазақстанда бизнесті тұрақты дамытуға әсер етеді, стратегиялық альянстар, одақтар мен әріптестіктер құру жеңілірек болады.

— Менеджмент пен акционер арасындағы қарым-қатынасқа келейік. Жаңаөзендегі оқиғадан кейін холдингтің басқарма төрағасы ауысты. Мердігерлер компанияларда күшті ротация орын алды, директорлар кеңесінің кейбір мүшелері кетті, орнына басқалары келді. Бәрлығы өте жылдам болды. Осыған байланысты сұрақ: компанияларды басқаруға директорлар кеңесі қаншалықты қатысады?

— Әрине, бұл жай ғана формальды мәселе емес. Директорлар кеңесі келіп басқарма құжаттарын бірауыздан мақұлдай салмайды. Негізінде,  біз басты шешімдерді қабылдауда негізгі назарды  директорлар кеңесіне аударуға талпынамыз. Жақында ұлттық компаниялардың бірқатар жарғылары қайта қаралды. Бұрын менеджмент құзыретіне жатқан кейбір сұрақтар енді директорлар кеңесі деңгейіне беріледі.

— «Саұрықтың» «мердігерлері» бұрын ба болған. Бұл - компаниялар менеджменті  мен директорлар кеңестері арасында кикілжің үшін таптырмас негіз.

— Жөнімен болған кикілжің әрқашан да пайдалы, өйткені ол пікірталасқа негіз болмақ. Ал пікірталас кезінде ең жақсы шешім табуға болады. Білесіз бе, 1986 жылы «Челленджер» апаты неліктен болғаны туралы арнаулы топ ұзақ талдау жасады. Көп жылдар бойы тексеру жұмыстарын жүргізді. Ақыр соңында комиссия мынандай қортындыға келді: түпкілікті себебі - ұжым ішіндегі жөнді кикілжіңнің болмауы.  NASA-да бұл жобамен айналысқан топ ішінде бәрі тек бірыңғай келісімге келу ұстанымында болған. Бір көзқараспен ғана қарайтын адамдар болды, бағдарламаның дамуында тек бір жолмен жүрді. Ал бұл  қандайда бір тұжырымдамалық қателік жіберуге әкеліп соқтырды, ал балама көзқарастың болмауы, талқыға салмау, дұрыс пікірталастың жүргізілмеуі осыған сүрлеу жол салды. «Челленджермен» болған қайғылы жағдай таңдалынған жолдың қателігінің шарықтау шегі еді. Дұрыс тайталас әрқашанда жақсы деп есептеймін. Бірақ ол кәсіби негізде құрылуы керек. Талқылау «мен бастықпын — сен ақымақсың» дәрежесінде емес,  қандайда бір көрсеткіштер, жоспарлар төңірегінде болу керек.

— Ұлттық компанияларды өзінікі сияқты қабылдайтын қалыптасқан командалар бар. Олар қандай да бір пайда әкелуі мүмкін, бірақ шынайы тиімділікке талпынбайды. Содан кейін кейбір қалыптасқан топтар өз басқарушыларын жоғарылатады. Мұндай нәрсе жоқ па?

— Қор жүргізіп жатқан негізгі жұмыс бағыттарының бірі — менеджмент жұмысын бағалау. Бұл даму жоспарлары, олардың орындалуы. Қызметтердің шешуші көрсеткіштерінің үлкен тізімі бар. Және де бұл тек кіріс қана емес. Бұл сонымен қатар өнімділік, тиімділік, компанияның қаржылық тұрақтылығы, негізгі ақша ағымын қалыптастыратын бағыттарды бағалау. Ал топтарға келсек, «мынау - менікі, анау - бөтен» дәрежесінде пайымдау, менің ойымша тұғырыққа тірейтін жол. Сіз менен директорлар кеңесі мен басқарма арасында қалыпты өзара әрекет етушілікің бар-жоғы туралы сұрақ қойдыңыз ба?

Бұл жайлы да.

— Былай айтайын: әлбетте бар, үдеріс мінсіз болмаса да, барлығы сөзсіз  дұрыс бағытта дамуда.

— Қор соңғы жылдары дағдарысқа қарсы қызмет атқарғандығы жайлы  қор өкілдері мен шенеуніктер көп рет айтты. Енді, міне, дағдарыс аяқталған сияқты, басқа істерге көшетін кез келді. Дегенмен, Қазақстанға  әсері болуы  мүмкін дағдарыстың жаңа толқыны жайлы соңғы жылдары  президент те, алдыңғы премьер де аз айтқан жоқ.  Қор дағдарыстың алғашқы толқынында оған қарсы мандат алған болса, екінші толқын келгенде де сол іспен айналыса ма?

— Әрине, әлемдік экономикада жағымсыз бір жағдай орын алып, бізге әсерін тигізсе, және де бұл үдерістер Қазақстан ішінде жүйелі және айтарлықтай басым  күш алса, онда шындығында да қор өзінің дағдарысқа қарсы қызметіне оралуына тура келеді. Бізде бүгін үлкен инвестициялық бағдарлама — тұтастай алғанда 50 млрд доллар шамасындағы 190 – ға жуық жоба бар. Және де көпшілігі жаңа жобалар. Мұнда да екі жолмен жүруге болады.  Барлығын тоқтатып қоямыз, немесе дағдарысқа қарамастан құрылысты жалғастырамыз. Бұл - 2008–2010 жылдары дағдарыстың бірінші толқынымен күресу үшін таңдалынып алынған стратегия. Есіңізде болса, ол кезде мемлекет шығыстарын азайтқан жоқ, инвестициялық бағдарламаларды тоқтатқан жоқ. Керісінше: Қорғас — Жетіген, Өзен — Тәжікстан шекарасына дейін үлкен темір жолдар салынды. Біз бюджеттік салымдар есебінен тұрғын үй құрылысының барлығы дерлік нысандарын салып бітірдік. Аймақтар үшін «Жол картасы» бағдарламасы болды — республикалық бюджеттен және ұлттық қор есебінен бизнеске арналған арнайы субсидиялар бөлінді. Билік инфрақұрылымды жөндеді, шартты түрде айтқанда, жылдар бойы ештеңе істелінбеген және қол тимеген нәрселерді жаңартты. Неге олай? Өйткені айталық, дағдарыс кезінде бәрі арзандайды. Сәйкесінше құрылыс жүргізу де арзандайды. Егер қаражатыңыз болса, шарықтап тұрған кезеңмен  салыстырғанда  дағдарыс уақытында азырақ ақшаға көп іс бітіре аласыз. Енді, жақын уақытта неге әзірленетіндігімізге  қарайық. Осы жуырда ғана Балқаш ЖЭО-сының құрлысы басталды. Бұл жоба бойынша ұзақ жұмыс атқардық — ені міне құрылысы да басталды. Бұнымен қатар аймақтық тұрғыда энергетикада, баламалы энергетика саласында көптеген жобалар болады. Қандай жағдай болмасын, еліміз осының бәрін жасау керек болады.  Тек, мәселе қашан салатындығымызда, бәрі қымбаттағанда ма, жоқ әлде циклділікке қарсы әрекет етіп, дағдарысқа қарамай іске кірісеміз бе?   Білесіз бе, қор нарығындағы стратегиялардың бірі — фаза қарсылығында әрекет ету. Егер бәрі сатып алып жатса, сен сатуың керек. Егер бәрі сатып жатса, сен сатып алуың керек. Екінші толқынға келсек, бізге жеңіл болмақ.

Қашанда ұлттық компаниялардың тиімділігін қалай бағалау туралы сұрақ тұратын: пайдасы бойынша ма, әлде кірісі немесе республиканың дамуына қосқан үлесі бойынша ма? Тепе-теңдік табу өте қиын.

— Неліктен?

— Егер дағдарыс келсе, ол енді банк секторы арқылы келмейді. Егер бірінші толқын осы арқылы тараса, бөлінген қаржы ресурстарының үлкен бөлігі экономиканың осы сегментін тұрақтандыру үшін жұмсалды. Бізде қазір инвестбағдарламамызды тоқтатпай, жобаларымыз арқылы бірге жылжуға мүмкіндігіміз бар. Өйткені, банкирлер шығындары бойынша көрініп қалды... Жаңаша, экспортқа негізделген мұнай химиясы, химиялық өндіріс орындары ашылады. Қазір  бізде Жамбыл облысына арналған бағдарлама бар. Біз онда арнайы экономикалық аймақ құру жөнінде жұмыс істеудеміз. Бұл – төрт бірдей жаңа химиялық жоба. Жамбыл облысы тарихи тұрғыда әрқашанда Қазақстанның химия орталығы болған. Әңгіме бүгінгі күнге сай, бұрын өндірілмеген жаңа өнімдермен, бүтіндей жаңа технологиялық платформада   аймақтың экономикасын жаңғыртуда болып тұр. Қазақстанда мұнай химиясы алғаш рет Атырауда ашылады. Энергетика да бар. Оңтүстік үшін бұл үлкен мәселе екенін білесіз. Ия, Солтүстік - біздің энергетикалық орталығымыз. Бірақ шынын айтсам, мыңдаған километрлерге энергия тасымалдау онша тиімді емес.  Сондықтанда аймақтық аспектілерді де ұмытпағанымыз абзал.  Тау- кен секторындағы барлау мәселесіне мемлекет көптен бері көңіл бөлген жоқ. Бұл күнде «Тау-Кен Самұрық» барлау жұмыстарын жүргізуші алғашқы инвестор рөлін орындауда. Болашағы жақсы блоктар да бар. Біз кеңестік  уақыттан бастау алатын негіз бойынша жұмыс істегенімізді жақсы түсінеміз. Қазір қайтадан геологияға инвестиция көлемін ұлғайту керек.  Қорларды табу бойынша барлау жұмыстарын жүргізіп, балансқа қойып, оларды әрі қарай дамыту қажет.  Тағы бір мысал —  ҚТЖ көліктік машина жасауда өнім көлемін соңғы алты жалда он есе өсірген. Бұл күндері олар локомотивтерді экспортқа шығаруда. Алдарында вагондар жиынтығын жаңарту міндеті тұр.  Бұл мәселені тек импорт арқылы ғана емес, өз қуаттарын пайдалану арқылы шешуде. Сонымнен қатар бизнес те дамуда. Өйткені ҚТЖ өзі қатысатын жобалар бар, кейбір жобаларда, егер инвестор ақшасын салып, белгілі бір сапа стандарттарына сай келетін өндірісті жолға қойса, ұлттық компания олардың өнімдерін келісілген мөлшерде алуға  ұзақ мерзімді келісім-шарт ұсынады. ҚТЖ өз  жоспарында көліктік машина жасау өндірісінің көлемін отыз есе арттыруды көздейді. Отандық өндірістің  мұнай, химия және энергетика саласында іске асыруға болатын үлкен әлеуеті бар. Мемлекет жүзеге асыратын үлкен жобалардың айналасында шағын және орта бизнес қалыптасады. Біздің «Самұрық-Қазына инвест» компаниясы осы іспен арнайы айналысады. Қазақстандық жобаларға қолдау көрсетіледі. Олардың қатысуы кәсіпкерлерге біздің ұлттық компаниядан ұзақ мерзімді тапсырыс алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кез келген жобаның 25% - на ғана кіру арқылы бастаманы жеке кәсіпкердің қолына береміз. «Самұрық» - өте үлкен, жекеменшік сектордың  экономикасына орын жоқ деп айқанда, біздің мақсатымыз жекеменшік секторын жою емес, қайта оларды қолдау  екендігін түсінеміз. Себебі түптеп келгенде экономиканы жеке кәсіпкерлер қозғауы тиіс. Бұл іс олардың қолдарынан келеді. Сондай жүйе қалыптастыру — біздің мақсатымыз. Дағдарысқа қарсы бұрынғы  жоспарды, алдыда болатын жаңа тәуекелдерді есепке ала отырып, егер қажет болса, дағдарысқа қарсы бағдарламаға белсенді қатысамыз деп ойлаймын. Бірақ осы жолы біздің оған қатысуымыз біраз басқаша болмақ. Яғни, қаржылық секторда - азырақ, нақты секторда көбірек. Бұл  сегмент үшін осындай ауқымды бағдарлама қорда белгіленген.

Камила Нұржан


 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>