• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

«Халықтық ІРО» бағдарламасы басталды

31 Октябрь, 201212998204


Ел Үкіметі «Халықтық ІРО» бағдарламасының тұсауын кесті: алғашқы болып бағалы қағаздар нарығына «ҚазТрансОйл» АҚ шығады.

Үкімет отырысында ел басшылары «Халықтық ІРО» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары бастау алатын қаулыны қабылдау жөнінде бірауыздан мақұлдап дауыс берді. Премьер-министр Серік Ахметов жергілікті атқарушы билік өкілдеріне жаңа бағдарламаны халық арасында насихаттау бойынша шараларды белсенді атқаруды тапсырды.

«Бүгінгі таңда «Халықтық ІРО» бағдарламасы басталуда. Бұл шешімге келмес бұрын ауқымды дайындық, ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық жұмыстар тындырылды. Халықаралық сарапшылар мен кеңесшілердің, банктер мен қаржылық институттардың атсалысуы арқылы көптеген түйінді түйткілдер тарқатылды. Аталған іске адамдардың мол шоғыры жұмылдырылып, шетелдік тәжірибе кәдеге жарады», - деді С.Ахметов.

 Ол «Халықтық ІРО» Қазақстандағы тиісті бағдарламалардың біріншісі екенін атап өтіп, оның табысқа жетуі тұрғындардың қаншалықты мән-жайға қанық болуына байланысты екенін айтты.

«Қазақстандықтарға жинаған ақшасын тек жылжымайтын мүлік сатып алуға, депозитке салуға арнап қана қоймай, заманауи қаржы институттарына инвестициялау мүмкіндігі тууда. Бағдарламада белгілі халықаралық ұлттық компания «ҚазТрансОйл» акцияларын Қазақстанның кез-келген азаматы сатып алатындай жағдай қарастырылған. Бұл бағдарламаны адамдарға кеңінен насихаттап, қор нарығының ерекшеліктері жайлы жан-жақты түсіндіру қажет деп санаймын. Әрбір қазақстандық шешім қабылдар кезде толыққанды ақпаратқа ие болуы тиіс. Мен облыстар, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің назарын осыған аударғым келеді. Барлығыңыз қал-қадірінше атсалысқандарыңыз абзал», - деп ой қорытты С.Ахметов. 

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, бір акцияның құны 725 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акцияларының бағасы, саны мен орналастыру жайы бекітілген.

           «Бағаны, компания құның толық таразылап шыққан, халықаралық UBS компаниясы мен «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ ұсыныстарын назарға ала отырып қалыптастырдық. Кеңесшілердің қорытынды есе­біне сәйкес, ҚТО акционерлік капиталының 100 па­йыздық құнын бағалау 18 па­йыздық дисконтты пайдалан­ған­нан кейін 250 млрд. теңгені құ­ра­ды.  Ал ҚТО акцияларын орналастырудың назарға ұсынылған саны мен бағасын есепке ала келе, ор­на­ластыруға қажет шекті кө­лем 28 млрд. теңгені ($186 млн.) құрауы ықтимал», - деді Өмірзақ Шөкеев.

 

«Самұрық-Қазына» АҚ мәліметіне жүгінсек, «Халықтық ІРО» бағдарламасына 500 мыңға жуық жеке тұлға қатысады.

«Біз айтарлықтай ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сауалнама нәтижесінде «Халықтық ІРО» бағдарламасы туралы бүгінде халықтың ересек буынының 34,4%-ы білетініне көз жеткіздік және де сауалнамаға қатысқандардың 7,3%-ы акцияларды сатып алуға дайын ниет танытты. Осы деректер негізінде бағдарламаға қатысатын халық әлеуетін 500 мың адам деңгейінде бағалауға болады», - деді ол. 

Оның пікірінше, «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын орналастыру барысында басымдық жекелеген инвесторларға, яғни ҚР азаматтарына беріледі. Содан кейін барып зейнетақы қорларының өтінімдері қанағаттандырылатын болады.

«Осы орайда ескертерлігі, ҚазТрансОйл акцияларын бастапқы орналастыру аясында, жекелеген инвесторлардың сатып алуына болатын акциялар саны шектеледі. Жекелеген инвесторлардың өтінімдері толықтай 7 млн. теңге маңайында қанағаттандырылатын болады», - деді Ө.Шөкеев.

«Самұрық-Қазына» АҚ жүргізген талдауға сәйкес, «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында орналастырылатын «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларының шекті көлемінің үштен екі бөлігін Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорлары сатып алуға әзір отыр.

«Жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) тарапынан байқалған сұранысты алдын ала талдау бойынша, бір акцияның құны 700-750 теңге аралығында болған жағдайда, ЖЗҚ-лардың жиынтық идинтикативтік сұранысы 19 млрд теңгені немесе 127 млн долларды, яғни, акцияларды орналастыру шегінің үштен екі бөлігін құрайды», - деді Ө.Шөкеев.

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әркен Арыстанов «Халықтық ІРО» бағдарламасының жастар мен зейнеткерлерге арналған бөлек нұсқасын ойластыруды талқыға салды.

«Ақпараттық іс-қимыл барысында бізге: «Мұндай ақшасы жоқ студенттер не істейді» деген сұрақтар қойылды. Сондықтан, бағдарламаны жастар мен зейнеткерлерге икемдеуге болады», - деді Ә.Арыстанов ҚР Үкіметі отырысында сөз сөйлеген тұсында. 

 Оның айтуынша, қазақстандықтардың бойында бағдарламаға деген қызығушылық оянған, адамдар болашақта акциялар сатып алу үшін  жинақтаушы шоттар ашуда.

«Біз 3 мыңнан 300 мыңға дейін салымшы болады деп болжап отырмыз. Олардың барлығы «ҚазТрансОйл» ком­паниясының акцияларын сатып алады деп айту қиын. Дегенмен, қызығушылық танытып, бағдарламаға басқа қандай компаниялардың қатысатынын сұрап жатыр. Өйткені, әркімнің өз мүддесі бар», - деді ол.

«Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 6 қарашадан бастап орналастырыла бастайды. 

«Содан соң бір ай жүзінде жазылу жүргізіледі. Осы сәттен бастап, егер сізде брокерлік шот ашылған болса, өтінім бере аласыз», - деп түсіндіреді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

«Самұрық-Қазына» АҚ басшысының орынбасары Қ.Бишімбаевтың айтуынша, өтінімдерді ашу 6 қарашаға, ал жабу 5 желтоқсанға жоспарлануда. 14 желтоқсанға дейін есептеулер жүргізіледі.

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі мақұлдаған «ҚазТрансОйл» АҚ-ның орналастырылатын акциялары саны мен бағасының шекті көлемі 28 млрд. теңгені ($186 млн.) құрамақ.

«Халықтық ІРО» бағдарламасы 2012 мен 2015 жылдар аралығы үш кезең арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік компаниялар үш топқа бөлінген: 2012 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ, 2013 жылы «KEGOC» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазтрансморфлот» ҰТКК» АҚ, 2014 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ және 2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ акциялары орналастырылмақ.

2015 жылға дейін Қазақстанның 10 ірі компаниясы республика азаматтарына сату үшін өз акцияларын орналастырады деп күтілуде. 160 мың қазақстандық бағдарламаға қатыспақ.    

Бағдарламаның басты көздеген мақсаты тұрғындарға елдің ірі кәсіпорындары акцияларының иелері атануға мүмкіндік жасау мен акциялардың танымалдылығын арттыру және де бағалы қағаздардың қазақстандық нарығын дамыту болып табылады.

Асыл Бауыржан 

  

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>