• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Он жылға арналған стратегия

27 Ноябрь, 201261425


Таяуда Мемлекет басшысы мен Үкімет «Самұрық-Қазына» АҚ 2022 жылға дейінгі Даму стратегиясын» мақұлдады. Құжаттың мазмұнында мемлекеттік саладағы кәсіпорындардың жұмысына байланысты олардың табыстылығы мен тиімділігі, активтерінің құны, жобаларының пайдалылығы, өзге де көптеген мәселелер жөнінде жаңаша көзқарас байқалады. Стратегияның толық мәтінін қордың www.sk.kz сайтынан көруге болады.   

Бір ескерте кетерлігі, қордың экономикадағы салмағын таразылап, қызметтік міндеттерін екшеп, жаңғыртудың баяғыдан қажеттілігі сезіліп тұрған еді. Мемлекет дағдарыс сындарын сәтті еңсерге кезде, қордың өзекті мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған мүмкіндіктерін ұзақ мерзімді, стратегиялық мақсаттарға жұмылдыру зәрулігі айқындалды. Жаңа стратегияны бірнеше жыл бойы қарастырып, қабылдауға талпыныстар болғанмен, алып холдингтің барлық мақсаттары мен міндеттерін бір арнаға тоғыстыруды қамтамасыз ету оңайға соқпады. «Самұрық-Қазынаның» құрамында 361 еншілес және 200-ден астам қауымдастырылған компания бар. Олардың басым бөлігі мемлекеттің аса маңызды активтерін басқаруда. Қор компанияларының бәріне ортақ межелер мен басымдықтарды белгілеу, бағындырылатын белестерге қатысты әлеуетін анықтау алдыңғы орындағы дүниелер еді.

Стратегияны әзірлеу барысында қор басқа елдердегі қызметі ұқсас холдингтердің тәжірибесін зерделеп, мұқият зерттеді. Әсіресе жаңғырту кезеңін басынан кешіріп үлгерген мемлекеттік қорлардың тәжірибесі қызықтырды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Өмірзақ Шөкеев атап өткендей, «оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: операциялық және стратегиялық мақсаттағы холдингтер. Біздің мақсат сонда, орта мерзімді келешекте корпоративтік басқару деңгейін көтеру және еншілес компанияларды әлемдік деңгейге шығару арқылы стратегиялық холдинг болып қалыптасу».        

Мысалға сингапурлық «Темасек» компаниясын алуға болады. Бүгінгі таңда ол толықтай мемлекет қарамағындағы, бірақ кез-келген коммерциялық компаниялар сияқты бәсекелестік нарық алаңында белсенді әрекет етудегі стратегиялық холдинг. Бұл жерде, мәселен, малайзиялық «Казанах» холдингі қатардағы коммерциялық басымдықтармен ғана шектеліп қалмай, жеке компаниялар араласа қоймайтын әлеуметтік маңызды жобаларға да инвестиция құюды көздеуде. Дегенмен, «Казанах» өз ісінде мемлекет тапсырмасы аясында пайдасы аз әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға кіріссе, үкімет акционер ретінде оған саналуан тәсілдер арқылы көмектесіп, қолтығынан демейді.

Қазақстанда осының барлығын сараптай отырып, белгілі бір тоқтамға келді. Қордың кәсіпорындары корпоративтік басқару тәжірибесінде, бизнес үдерістердің тиімділігі, өнімділік, пайдалылық, жоғары технология тармақтарында тіпті жекеменшік бәсекелес компанияларға озық үлгі болғаны абзал. Осы орайда холдинг әлеуметтік міндеттердің кең ауқымын сақтай отырып, малайзиялық тәжірибеге сәйкес, қажет тұста мемлекет қаржысын тартуы ықтимал.

Еншілес ұйымдар қызметінің тиімділігін көтеру – ұлттық әл-ауқат қорының негізгі міндеттерінің бірі. Қорда мемлекеттік компаниялар өз қаржысын тиімді профильдік активтерге салып, өндірісті жаңғыртуын, барлық қажетсіз шығындарды қысқартуын бақылауда ұстайды. Бекітілген стратегия, саланың ерекшелігіне байланысты, компанияларда бастама ретінде көтеріліп, жүзеге асырылуы мүмкін инвестициялық жобалар кірісі нормаларының төменгі шегін қатаң түрде орнатуды діттейді. Қор ірі компаниялармен бірлескен күйде, барлық үдерістерді талдау мен тексеруге, компанияның өзіндік құны мен өзге де шығындарын бағалауға сүйенген шығындарды қысқарту бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде. Сонымен қатар, алдыңғы қатарлы шетелдік компаниялардың бизнес үдерістеріне көз жүгірте отырып, салыстырмалы талдауға баса назар аударылуда. Еншілес компаниялар мен үздік әлем компанияларының тиімділік деңгейінің айырмашылығын анықтау және бизнес үдерістерді оңтайландыру мүмкіндігін белгілеу, басқару корпусының жұмысын компания өсімін ынталандырып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін бағыттарға жұмылдыру мақсаттары үшін қор арнайы халықаралық кеңес беру фирмаларын шақыруда. Холдинг басшылығының айтуынша, жылдың аяғына дейін, дәл мақсатты деңгейлері мен мерзімдері қарастырылған шығындарды қысқарту мен үдерістерді оңтайландыру бойынша нақты бастамалар жасалмақ. Қор ауқымында еншілес компанияларды тағы бір тиімді жұмысқа ынталандыратын тәсіл – жаңа дивидендтік саясат жасалу үстінде. Жаңа дивидендтік саясаттың мақсаттарының бірі дивидендтер мөлшерін анықтау бойынша амалдарды ашық әрі таза ету, оларды есептеу мен төлеудің баршаға ұғынықты әдістемесін бекіту. «Самұрық-Қазына» АҚ дивидендтерді есептеу  нормативтерінде компаниялардың кемелдену дәрежесіне, жұмысының ерекшелігіне, пайдалылығына, өзге де деректерге қарай сараланған әдіске жүгінуде.  

Бір анығы, холдинг тиімділікті көтеру мәселесімен бұрыннан жоспарлы түрде ыждаһатты айналысуда. Ағымдағы жылдың 9 айы қорытындысында қордың жиынтық таза кірісі екінші деңгейлі банктерді санамағанда, 727 млрд теңгені құрады. Бұл дегеніңіз, өткен жылғы деңгейден алынған жоспарлы көрсеткіштен 20 пайызға артық. Аталған жайт холдингтің жүйеқұраушы компаниялары тұрақты өсіп жатқанын аңғартады. Басшылық тараптың пікірінше, өсім тек өндіруші компанияларға тиесілі емес, бұл жерде инфрақұрылымдық компаниялардың да үлесі бар: қарқынды «Қазақстан темір жолы» АҚ 116%, «КЕGОС» АҚ 124% қамтамасыз еткен.

Бүгінде қорда 200-ден астам жобадан тұратын кең ауқымды инвестициялық бағдарлама назарда, оның жартысынан көбі белсенді түрде жүзеге асырылуда. Негізінен бұл жобалар стратегиялық салаларда тындырылуда. Анығырақ тоқталсақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ инвестициялық қоржынында елуден артық жоба болса, 38-і атқарылу үстінде. 2020 жылға қарай мұнай мен газ өндіру 1,5 есеге көбейіп, мұнайды қайта өңдеу іс жүзіндегі 13,7 миллионнан 19 миллион тоннаға дейін көтерілмек. Ал мұнайды тасымалдау көлемі ағымдағы 65,8 миллионнан 85 миллион тоннаға дейін, газ тасымалдау ағымдағы 98,8 миллиардтан 132 миллиард текше метрге дейін шарықтамақ. Мұнайды өңдеу тереңдігі 68 пайыздан 90 пайызға, елде жасалатын мотор жанармайларының сапасы Еуро-4 дәрежесінен Еуро-5 стандартына дейін апарылатын болады деп күтілуде. Осы жылдың аяғына дейін «Ақтау зауытында жол битумын шығару» жобасы бойынша құрылысты тәмамдау жоспарлануда. Сәйкес мерзімге таман Атырау облысында мұнайдың төгілуіне байланысты әрекет ететін Солтүстік Каспий экологиялық базасын салу бойынша жұмыстарды аяқтау ниетте. Елдің оңтүстігінде газбен жабдықтау мәселелерін толықтай шешуге мүмкіндік беретін Қазақстан – Қытай және Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырларының алғашқы телімін жарақтау басталды.

Мұнай-газ саласындағы жобалардан бөлек, қорда энергетика бағыты маңызды орында. «Самұрық-Энерго» АҚ қазіргі кезде жалпы құны 8,6 миллиард доллар болатын 19 жобаны жүзеге асыру үстінде. Оның ішінде қуаты 1320 МВт болатын Балқаш жылу электр станциясының құрылысы бар. Жауапты жұмыстың тұсауын үстіміздегі жылдың қыркүйек айының ортасында Қазақстан мен Корея елдерінің басшылары кесті. Жобалық қуатына 2016 жылға қарай шығуы тиіс «Шардара ГЭС жаңғырту» жобасы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бірінші тамыздан бастап Мойнақ гидро-электр станциясы іске қосылып, Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 нысандарын жаңғырту және қауқарын кеңейту жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, «КЕGОС» АҚ Ұлттық энергетика желісін жаңғырту мен Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік көлік дәлізін салу шаруаларын ширақ жүргізуде. Бұл жобалардың барлығы кешенді түрде бірнеше мәселені шешуге жол ашпақ: Қазақстанның оңтүстігінде электр энергиясының тапшылығы жойылып, Орталық Қазақстанның электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігі күшеймек және Ұлттық электр желісінің барлық аймағы біріктірілмек.

Соңғы екі инвестициялық жоба айрықша көңіл бөлуге сұранып тұрғандай. 17 қазанда өткен мемлекеттік комиссия отырысында полипропилен өндірісі бойынша газ-химиялық кешенді қаржыландырудың түпкі сызбасы бекітілді және де Жамбыл облысындағы химиялық технопарктің жобасы құпталды. Технопаркте төрт жоба іске қосылады: нілдегіш қышқыл және натрий цианиді, күйдіргіш сода мен хлор, үш хлорлық фосфор және глифосат өндірісі қызу еңбек көрігін қайнатпақ. Ендігі жылы мұнда инфрақұрылым бой көтеретін болады. «Негізі, біз, болашақта айналасында жүздеген шағын және орта бизнес өндірістері дүниеге келетін екі қуатты химия кластерінің іргетасын қалаудамыз», – дейді қор басшысы Өмірзақ Шөкеев.

2014 жылға дейін, қор, жалпы сомасы 150 миллиард теңгеге жуықтайтын, мемлекеттік компаниялар атсалысатын, жаңа өндіріс ошақтарын құру бойынша тағы 44 жобаны іске қосуды межелеуде. Олардың жұмысы қор компанияларының отандық тауарларға деген сұранысын жыл сайын 90 миллиард теңгеге қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндік береді.

Холдинг Қазақстанда жұмыспен қамтуды көтермелеу, отандық өндірісті демеу тәрізді әлеуметтік маңызды міндеттерге назар аударуда. Таяуда «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жаңа Сатып алу ережелері күшіне енді. Онда қазақстандық өндірушілер мен қор компаниялары арасында ұзақ мерзімге ынтымақтастық орнату арқылы жаңа өндірістерді ынталандыратын іс-қимылдар легі түзілген. Сатып алу талаптарының ішінде жаңа өндірістерді игерудегі қазақстандық жеткізушілерге шартты жеңілдіктер ұсыну, тауардағы қазақстандық мазмұнның бір жарым есеге өскені үшін берілетін шартты жеңілдіктер мөлшерін көбейту, сатып алу басымдықтары мен түбі отандық мәндегі материалдарды қолдану бойынша жеткізушілер үшін келісімдік міндеттемелер қою сынды көптеген игіліктер кездеседі. 10 жылға дейін ұзақ мерзімді уағдаластықтар жасау да тиімділігін танытуда. Ендігәрі қор компаниялары өнімнің жаңа түрлерін игеруге бел буған отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттарға отыруға міндетті.

Сатып алу үдерісінің мөлдірлігін көтеру, адамның араласуын азайту үшін де серпінді істер атқарылуда. Ғаламтор арқылы жүргізілетін сатып алу үдерісі барлық ықтимал қатысушыларға ашық және толықтай мөлдір. Мұндай үлгіні қор жаппай, тендердің барлық деңгейінде енгізуге ниеттенуде. 14 қыркүйектен бастап бүгінде тәжірибелік пайдаланымға тапсырылған «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі таныстырылды.

Қор дамуының негізгі стратегиялық бағыттарының арасында, жаңа стратегияға сәйкес, барлық кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігі айрықша жіктелуде. Бұл өте кең ауқымдағы ұғым. Жергілікті бизнес ортамен өзара байланыс, әр өңір мен салада тиімді әлеуметтік жеделсатылар жүйесін жасау, персоналдың даму мен оқуға қызығушылығын ояту – бәрі осы жерде. Қорда айтқандай, осы орайда, әлеуметтік-еңбектік қарым-қатынас пен кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөлінбек. «327 мың жұмыскердің басын қосқан «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы үшін еңбек кикілжіңдеріне жол бермеу маңызды. Осы мақсатта толқулар білінген аймақтардың жағдайын таразылап, әлеуметтік серіктестердің келіссөздер алаңына айналған Әлеуметтік серіктестік орталығы құрылды. Ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылыққа байланысты бірінші басшылардың жеке басының жауапкершілігі мен компанияның әлеуметтік тұрақтылығының жыл сайынғы рейтингісі енгізіліп, кәсіподақтармен өзара әрекеттесу жүргізілуде, қор компаниялары кәсіподақтарының Кеңесі құрылуда. Қарамағымыздағы жұмыскерлердің біліктілігін көтеруге айрықша назар аударылуда», – дейді Өмірзақ Шөкеев.

Жұмыскерлерді өсімге ынталандырып, өзіндік дамуға құштарлығын ояту үшін қорда кадрларды даярлаудың дуальдық жүйесі тұжырымдамасы жасалып, жүзеге асуда. Онда қатаң біліктілік талаптары мен үнемі білім алудың мүмкіндігі қарастырылған. Барлық компаниялар тобы бойынша орта техникалық білімге ие 700-ден астам мамандық іріктеліп алынды. Олардың әрқайсысы үшін кәсіби стандарттар дайындалуда. Топтың кәсіби стандарттарын ұлттық біліктілікті анықтау жүйесіне ықпалдастыру жүргізілуде. Жас толқын үшін де ынталандыру шаралары жасалуда. Бірінші қыркүйектен бастап бірқатар техникалық жоғары оқу орындары мен колледждерде компаниялар тобы үшін 400 студент оқуын бастады. Арнайы тағайындалған ұстаздарының баулуымен болашақ мамандар «Самұрық-Қазына» АҚ кәсіпорындарында бір мезетте оқып, жұмыс істейтін болады.

Қордың кадр саясаты жалпы алғанда елеулі өзгерістерге түсуде. Қазір холдингте негізгі басқарушылық лауазымдарға «ТОП-100» атауы таңылған кадрлық резерв қалыптастырылуда. «Біз департамент директоры орнындағы және одан да жоғары мансаптардағы барлық қызметкерді сүзгіден өткіземіз, – деп түсіндіреді Өмірзақ Шөкеев. – Әлеуеті құптауға болатын, жұмысын жақсы істейтін жандар кадрлық резервтің «С» тобына кіреді. Тұлғалық және кәсіби сипаты қызмет сатысымен жоғары өрлеуге мүмкіндік беретін қызметкерлер «В» тобына жатқызылады. Тек болашақта тізгін ұстар  дарынды қызметкерлер «А» тобына сұрыпталады. Қордың бес ірі еншілес компаниясында біз кадрлық резервті қалыптастыру бойынша алғашқы іріктеу жиындарын өткіздік. 98 басшы бағалауға ілікті. Зерттеу нәтижесінде олардың отыз жетісі В рейтингін иеленді». Қордағылардың айтуынша, корпоративтік басқаруды жаңғырту үшін барлық деңгейде кең ауқымда құлаш сермеуге мүмкіндік беретін жұмыс бастау алуда. Холдингте үздік қызметкерлерді компаниялардың басқарма төрағасы деңгейіне дейін өсіру болжануда. Олар үшін мансап жоспарлары жасалып, «Самұрық-Қазына» топ-менеджментімен бірге стратегиялық сессияларға қатысып, оқуға жол ашылады. Жалпы холдинг басшыларының пікірінше, озық басқару тәжірибелерін енгізуден қор компанияларындағы жұмыстың коммерциялық деңгейі ғана емес, мемлекет жүктеп отырған стратегиялық міндеттер де ұтпақ.

Бек АЙДАР                                     

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>