• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қаңғып қалған қазақтың бір баласы немесе Рүстемнің аянышты тағдыры

12 Қаңтар, 201350381


 


Өткен 2012 жылдың соңында бір топ журналистермен бірге жұмыс бабымен Арқалыққа жол түсіп, жүректі сыздатар тағдыр иесімен жолықтық. Рүстем есімді қазақ азаматы біздің келгенімізді естіп, өксікке толы өз өмірі жайындағы әңгімелерімен бөліскелі келіпті. 

Әңгіменің ұзынырғасы былай. Рүстемнің анасы 16 жасында от басып, некесіз жүкті болады. Онысын үйіне сездірмей босанып, шақалақты перзентханаға қалдырып кеткен. Ешкімге керексіз нәрестені Торғай обылысы, Амангелді ауданында біреудің малын бағып жүрген қарақалпақстандық баласы жоқ жұбайлар асырап алып, өздерімен бірге Қарақалпақстанға алып кетеді. Жауапкерсіз жалаң сезімнің қиянатынан пайда болған сәби, міне, осылай нәресте күнінде туған анасынан, туған жерінен, туған елінен жыраққа кете барады. Сонымен... 

Жаны жүдеу жас жігіт әңгімесін былай сабақтады: «Мен Қарақалпақстанда қарапайым отбасында өмір сүріп жаттым. Үйде әке-шешем (өгей әке-шешесін айтып отыр) және үлкен әжеміз бар болатын. Тұрмысымыз нашар, тек әжеміздің пенсиясымен күн көреміз. Әке-шешем маған салқын қарайтын. Оқуға да бірде барып, бірде бармайтынмын. Сабақта отырғанда да қай жерде қандай жұмыс бар, қалай ақша табам деген ойлар мазалай беретін. Өйткені ақша таппасам, үйге жақпайтын едім. Бір күні үлкен әжеміз өмірден өтті. Біздің отбасымыздың нағыз сүреңсіз өмірі осыдан кейін басталды. Үйде кіріс жоқ. Әкем де, шешем де араққа салынып, бөтелкенің соңына түсті. Үйдің берекесі кетіп, күнде айқай-шу, ұрыс-керіс көбейді. Бұрын үлкен әжемізден аз да болса жасқанушы еді. Әкем үйдегі мүліктерді біртіндеп араққа сатып, ештеңе қалдырмады. Кейін басымыздағы баспанамызды да сатып қала шетіндегі құлағалы тұрған жер үйге көшіп келдік». 

Рүстемнің әңгімесін терең тыныстап, үнсіз тыңдап отырмыз. Бірақ жас көзінде үміт оты ойнап тұр. Бізбен бейне бір жанашыр-жақындарын көргендей іштесе сөйлесті. Қазақ тілінде ерекше таза сөйлейді екен. Терең бір күрсініп алып әңгімесін жалғады: «Арақкештіктің соңы орны толмас қайғыға әкелді. Бір күні әкем мастықтың буымен шешемді ұрып өлтірді. Арақтың адамды ардан бездіретіні соншалық, шешемді ешкімге көрсетпей үйдің ішіне көміп тастады. Қанша дегенмен адамның қаны жібермейді ғой, шындық ашылып, ақыры әкем де темір тордың ар жағына кетті. Мен әкемнің туыстарын паналадым. Осы кезде бір ағамның сөзі жүрегіме ине сұғып алғандай болды. «Сен біздің қанымыз емессің! Сенен бізге опа жоқ, әкеңді де түрмеге тоғытқан сенсің! Бізден аулақ  жүр!» деді. 

Міне, сан жылдан бері жұмбақ болып келген шындық осы кезден бастап ашыла бастады. Әке-шешемнің маған неге сонша суық қарайтынын енді сезгендей болдым. 2007-жылдан бастап, балалар үйіне әкеліп тастады. Аздап тұрмысым жақсарғандай болды. Алайда мені туған жерім мен туған ата-анам туралы сұрақтар мазалай берді. Уақытша құжатымда туған жерімнің Қазақстан екені айқын жазылған, ал туған анам кім, әкем ше?»

Рүстемнің айтуынша, ол содан бастап, ғаламтордан туған жері туралы, анасы туралы іздене бастайды. Күндердің бірінде өзінің кіндік қаны тамған Торғай облысы, Құсмұрын аулынан Гүлжауһар есімді қызбен танысады. «Іздегенге-сұраған» демекші, Гүлжауһардың әжесі Рүстемнің тағдыры туралы, оның анасы туралы білетін болып шығады. Кезінде қой баққан Рүстемнің өгей әке-шешелерімен көрші отырған екен. Осылай жіпұшын тапқан Рүстем 21 жылдан соң туған жерін іздеп табады, туған анасын табады, әкесін табады!  Алайда, тағы да далада қалады.

«Мен бұрын көп армандайтынмын», деп жалғады әңгімесін Рүстем. «Туған жерімді, туған әке-шешемді тапсам, сан жылдық мауқымды бассам дейтінмін. Осы арманыма тістене жүріп жеттім. Алайда, міне тағы тауым шағылып отыр. Анамды таптым, есімі Айнұр екен. Қазір базарда сатушы болып жұмыс істейді. Бір баласы бар, күйеуі қайтыс болған. Туған әкем де осында. Есімі Марат. Басқамен отбасын құрған, балалы-шағалы. Анам басында жылы қарсы алды. Бірақ құжат жұмыстарымның қиындығының әсері ме, білмеймін, қазір ат-тонын ала қашады. Үйінен қуып шықты, тіпті маған «сені өмірге әкелгеніме рахмет айт» - дейді. Әкем тіпті отбасына жолататын емес, бір рет жолықтық. Әне-міне көмектесем деп жүрді де, қазір мүлдем алыстап кетті. Естісем Қостанайға көшіп кетіпті.

Еш амалым қалмағасын Арқалық қаласының әкімі Берік Әбдіғалиұлын іздеп тауып, жағдайымды айттым. Ол кісіге Алла разы болсын. Алғысымды айтамын. Мені панасыздардың уақытша тұруына арналған жатақханасына жіберді. Қазір сонда жатырмын. Жұмыс тауып істейін десем, құжаттарым толық емес. Ендігі менің жалғыз арманым - Қазақстан азаматтығын алып, туған жерімде қалу» - дейді. Ол қазір Өзбекстан Республикасының берген уақытша төл құжатымен жүр екен. Онда ұлты қарақалпақ болып жазылып кетіпті. Ендігі мәселенің барлығы осы жерде тұр. Бұл оның өз елінің азаматтығын алуына үлкен кедергі.  Жағдайды толық түсініп отырған Рүстем: «Қазір мені құжатым бітпей, Қарақалпақстанға қайта шығарып жібере ме деген қорқыныш ұйықтатпайды» дейді. «Ұйықтатпайды» дейді. Дәл осылай айтты.

Құлын күнінде адасып кеткен азамат 21 жыл өткенде айналып қазығын тапты. Туған жеріне оралды. Алып ұшып анасын іздеді. Тапты. Еркелей келген баланың кеудесінен нұқып қалсаңыз қандай күй кешуші еді... Солай болды. Әкесін тапты. Ең жақыным деген кісіңе сағына жетіп қуана құшақтай бергенде кеудеңнен итеріп қалса қалай болар еді... Солай болды. Туған елін тапты. Алыстан келген ағайыныңа айызың қана ассаламуағалейкум дегеніңде бетіңе бажырая бір қарап қасыңнан өте берсе, созған қолың сол күйінде қалса... Солай болды.

Солай болуы заңды да. Неге?

Себебі өте айқын. Жетімін жылатпайтын, жесірін қаңғытпайтын иманы бекем аталар танымынан алыстап кеткен аяр қоғамның қағаздан басқа сенері бар ма? Құжатын да, басқасын да айтамын. Ал, қағазға - бәрібір. Қақпақылға түскен өмірі мен туғандарға (туған жері, туған елі, туған ана, туған әке) деген ыстық сағынышын қазақ тілінің қанын сорғалата сөйлеп тұрған Үрістемнің қазақ екеніне сенбейді. Сөзіне ісі дәлел болып қанша қиындықпен еліне жеткені өз алдына.

Ал, қазақтың болашағы жайында теледидардан иығын қиқаңдата орысша сөйлеп тұрған «Тәуелсіздіктің құрдастарын» қазақ деп қоямыз. Себебі қағазда солай жазылған. Мұның да себебі бар. Қағазда тұрған аты болмаса, «тілі басқа, ділі өзге, ол да қазақ саналған» кезде қазақтың қазақ екенін қай белгісінен танитынымызды да білмей қалған екенбіз ғой.

Мінекиіңіз, кезінде (1929 жылдарды айтайық) аталарымыз өзінікін қойып өзгенің аш-жалаңаш, жетім-жесірлерін қанатының астына алып, балапандай бағып еді-ау. XXI ғасырдағы «өркениетке жеткен» кейпіміз мынау. Құлындай кісінеп, ботадай боздап адасып жүріп елін тапқан бір жетімнің кекілінен сыйпарға бойда қуат жоқ. Қағазға сүйеніп қалт-құлт етіп әзер тұрмыз.

Р.S. Қаншама тарихтан бері жауларымыздың ең алдымен адамдық биік парасат, кісілік кесек болмысын ұстап тұрған қазақтың жүрегіндегі иманына шүйліккені осы екен-ау...


Ризабек Нүсіпбекұлы

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>