• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Алматылық құтқарушылардың қолынан құлып бұзу ғана келе ме?

14 Қаңтар, 201337690


Абақты деген атымен болмаған қазақ даласында біреудің үйіне кіріп, дүние-мүлкін ұрлау деген де кездеспеген. Әрине, малдың барымта-сырымтасы жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ, қазіргідей қабындаған ұрлық жасау деген ұғымды ел өліммен бірдей көретін. Айтпағымыз, ол емес. Ұрлықтан қорғану үшін салынатын құлып жайлы болмақ. Әуелі, құлып туралы да емес, сол құлып бұзылып ескі ашылмай қалған жағдайда әрекет ететін 051 құтқару қызметінің біліктілігі жайлы.

Жақында Алматыдағы бір танысымыздың құлпы ашылмай біраз әбігерге түседі. Негізі, құлыпқа кіліт дұрыс түспей қойған соң, асыққан үй иесі есікті жаба салған. Сөйтіп, құлыптың есікті ашатын тұтқасындағы тілі ғана құлыпталып, негізгі құлып тілдері ашық күйінде қалып қояды. Қайта келген үй иесі құлыпқа кілітті салғанымен ол не ары, не бері бұралмай тістесіп тұрып алады. Ақыры болмаған соң үй иесі 051 қызметіне хабарласып, құтқару қызметіне өтініш білдіреді. Арқасында «Алматы құтқару қызметі» деген жазуы бар бір жас жігіт бір сағат күттіріп зорға жетеді. 10 мың теңге көлемінде тұратын қымбат құлпын бұздырмай аштыруға ниеттенген үй йесі құтқарушыға осы тілегін айтады. Құлыптың юабылмай қалғанын, тұтқаның тілі арқылы ғана құлыпталып тұрғанын түсіндіреді. Есікті біраз шұқылап аша алмаған әлгі жігіт ақыры құлыпты бұзбақ болады. «Терезеден түспейсіз бе» десе оған түнде рұқсат етілмейтінінін, ал күндіз түссе жеті мың теңге алатынын айтады. «Бұзбай ашатын басқа жолы, мәселен, барлық құлыпты ашатын бесаспап кіліт жоқ па?» деген сұраққа бас шайқайды. Ондай кілітті полицейлер тіркеуге алады екен. Сонда, мемлекеттің заңды құтқару қызметіне полицейлер сенбегені ме? деген сауал туады. Сонымен, құтқарушы бала құлыпты балталап, балғалап жүріп қиратып, сыртқы темірін қопарып тастайды. Сырты ашылғанымен құлып әлі тістесіп, бұралмай тұр. Бірақ, тұтқадағы құлыпталған тілдің бұрайтын тиегі ашылып тұрса да, оны бір бұрап көруді ойламаған құтқарушы енді есікті тесіп, қиратуға кіріскенде жаны ұшқан үй иесі әлгі тиекті өзі бұрап қалғанда есік ашылады да кетеді...

Иә, бұның бәрін неге жіпке тізіп отырмыз. Себебі, біздің елде өз жұмысына деген жауапкершілік, оны құрметтейтін түйсік пен біліктілік жетіспейтіні қынжылтады. Олар құтқару қызметі. Оларда мол тәжірибе мен ойламдылық жетіспесе, ертеңгі күні адамдардың өміріне қауіп төніп тұрған басқа да қысылтаяң жағдайда қалай қызмет етпек!? Құлыптарыңызға абай болыңыздар. Қолынан тек бұзу мен шағу ғана келетін, басқа ұтымды тәсілі жоқ қара күштің иелеріне күндеріңіз түспесін.

Гүлнұр Сағаева, Алматы қаласы.

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>