• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қанат Ислам: «Арландар сапына қайта келмеймін»

23 Қаңтар, 2014260116


Өз уақытында «Арландар» сапында өз өнерімді көрсеттім. Командаға қолымнан келгенше үлесімді қосыуға тырыстым. Жеңіс те сыйладым, жеңіліп те қалып жаттым. Жеңісіме масаттанған жоқпын, жеңілсем жасыған жоқпын. Шамамның келгенінше команданы алға тартқаныма халық куә.

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам қарашының 29 күні Эквадор астанасы Кито қаласында 16- жекпе-жегін өткізіп, қарсыласы Эмило Хулионды үшінші раундта ұрыпқұлатқан болатын. Ол жаңа жыл қарсаңында аз уақытқа демалыс алып елге оралды. Қазір Алматыда келесі айқасына жаттығып жатыр. Алайда, ғалам торлар мен БАҚ беттерінде «Қанат «Астана арландары» командасынақайта келуі мүмкін», Қанат «Арландарға керек пе?», «Қанат Олимпиадаға қатысуы мүмкін» деген неше түрлі ой-пікірлер желдей есіп жүр. Бұл сұрақтар мен пікірлерге жауап алу үшін Қанаттың өзіне қоңырау шалып, анық-қанығын білуге тырыстық.

 Қанат «Астана» президенттік клубы сізді шақырып, «Арландар» сапында өнер көрсетуіңізді сұрапты. Бұл қаншалықты шындық?

–      Шақырғаны рас. Бұл мәселеге байланысты Бақтияр Артаев арнайы кездесіп,өзінің ұсыныстарын айтты. Ол маған: «біздің қатарымызға қосылсаң «Астана арландарында» өнер көрсетесің және АИБА ұйымдастыратын APB жобасына қатысып, Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдамаға таласуыңа болады. Егер келісіміңді берсең, біз сені «Астана» құрамына қабылдауға дайынбыз», – деген болатын.

–        Сіз Бақтиярдың бұл ұсынысын қалай қабылдадыңыз?

–       Өздеріңізге белгілі, мен қазір кәсіпқой бокста жүрмін. Бір жылда 16 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеттім. Оның 14-і нокаунд, 2-і таза жеңіс. Он бесінші кездесуімде колумбиялық Эмилио Хулио Хулионы жеңгеннен кейін, WBA (Дүниежүзілік бокс ассоциациясы) тұжырымы бойынша орташа жеңіл салмақта Fedecaribe  (Америка және Кариб теңізі аймағы чемпионы) чемпион атандым. Осылайша осы тұжырым бойынша әлем бойынша үздік 12-орынға қол жеткіздім. Бұл дегеніңіз әлем чемпионы атаққа жақындау деген сөз. Осындай деңгейге келіп алып, кәсіпқой боксты қалай тастап кетем. Сондықтан, Бақтиярға келісім берген жоқпын. Бақтияр ғана емес, «Астана арландары» кәсіби бокс клубының директоры Болат Манкенов ағамыз да қайта келуімді сұраған. Мен бас тарттым.

–      Мүмкін әлі де ойланып көрерсіз? Олимпиадаға баруға мүмкіндіктер болатын шығар?

–       Мен Қытайда жүре бергенде Лондон Олимпиадасына қатысуға толық мүмкіндігім болушы еді. Тіпті, елге келген соң да, қытайлар өз атынан Олимпиадаға баруымды сұрады. Менің басты мақсатым – Олимпиада қатысу болса, онда қытайдың атынан бара беруші едім. Қытайдың атынан бір емес, екі Олимпиадаға қатыстым. Үшінші рет қазақ туын жамылып шықсам деген арманым болды. Ол арманым орындалмады. Бұл жайында айтқым да, ойлағым да келмейді. Енді Олимпиада да емес, кәсіпқой бокста Байрағымызды желбіретуді мақсат еттім. Сол мақсатыма жетуім керек. Табандылығы жоқ адамнан етшеңе өнбейді. Анау шақырды, мынау шақырды деп шақырған жерге кете берсең мақсатың қайда қалады?!

–    Сонда «Астана арландарына» мүлдем бармаймын дейсіз ғой...

–      Иә, енді қайтып «Арландар» сапына қосыла алмаймын. Онда менің салмағымда талантты боксшылар жетіп жатыр. Өз уақытында «Арландар» сапында өз өнерімді көрсеттім. Командаға қолымнан келгенше үлесімді қосыуға тырыстым. Жеңіс те сыйладым, жеңіліп те қалып жаттым. Жеңісіме масаттанған жоқпын, жеңілсем жасыған жоқпын. Шамамның келгенінше команданы алға тартқаныма халық куә. Разылығыммен келіп, разылығыммен кеттім. Ешкімге артар өкпем, тағар кінәм жоқ. Оның үстіне «Арландар» сапында да, ұлттық құрама сапында да менің салмағымда жұдырықтасатын не бір мықты жас таланттар жүр. Енді келіп, олардың жолын бөгегім келмейді. Жастарға да жол беруіміз керек. Олар да өз өнерлерін көрсетіп, шеберліктерін шыңдасын. Алдағы келе жатқан Олимпиадада Байрағымызды желбіретсін. Мейлі кім болса да, бір қазақ баласы Олимп шыңына шығып жатса, ол да менің қуанышым.

–     Осыған дейін «Астана» президенттік клубынан басқа тағы қандай ұсыныстар болды?

–   Бір ғана елімізден ұсыныстар болған жоқ. Басқа елдерден де түрлі-түрлі ұсыныстар болды. Оның барлығын барып жатпағаннан кейін айтудың да керегі шамалы. Ең бастысы алға қойған мақсатыма жету.

–     Сізді елге өкпелеп шетел асып кетіпті деп айтып жүргендер де жоқ емес...

–  Мен сондай әңгімелерді айтатын адамдарды түсінбеймін. Еліме өкпелейтін болсам «Елім, жерім» деп неге келдім. Құрттай қайнаған қытайдың ішінде құрсағымды асырап жүре бермеймін бе?! Ол жақтан аштан өліп, көштен қалатын болған соң келген жоқпын. Бойымда қан, кеудемде жан бар кезде елімді тауып, кішкене болса да маңдай терім ата-жұрт топырағына тамсын деп келдім. Шетел асқанда бір жола қоныс аударып, қазақстан азаматтығынан бас тартып, шетел азаматтығын қабылдаған жоқпын. Әрең қол жеткізген «Қазақстан азаматы» деген жеке төлқұжатымды енді басыма ешқандай қоспасыз алтыннан сарай соғып берсе де ешқандай елге айырбастамаймын. АҚШ-қа кетсем жер шарының арғы бетіне қазақ деген елдің бар екенін, қалай жұдырықтасып, қалай төбелесетінін көрсету үшін кеттім. Ай сайын еліме келіп, отбасымда болып демалып келіп, кетіп жүрмін. Ол жақта тек мен ғана емес, талай қазақтың баласы жүр. Соның барлығы еліне өкпелеп кеткендер емес шығар? Қазақта: «Ит үреді, керуен көшеді» деген мәтел бар. Кім не десе де айта берсін. Менің жұрттарға барып, сен былай депсің, сен олай депсің деп есеп алып жүретін уақытым жоқ. Еңбастысы елім аман, жұртым тыныш болып, әр қазақтың шаңырағы жеңістермен жетістіктерге толып жатса содан артық бақыт жоқ.

–       Енді келесі кездесуіңіз қашан болады?

–    Қазір Алматыда жаттығып жатырмын. Бұйыртса, 17-кездесуім ақпан айының ортасына қарай өтуі мүмкін. Нақтылы уақыты мен кіммен шаршы алаңға шығатыным дәл қазірге дейін белгісіз. Қай күні, кіммен жұдырықтасатынымды промоутерім анықтайды. Ол – «Nelsons» компаниясының менеджері Нельсон Мендес. Қазір осы шаруалармен айналысып жатыр. Менің міндетім тек жаттығу, жаттығу. Шақырған уақытта дап-дайын болып барып, шаршы алаңда қарсыласымды ұрып құлату.

–       Кіммен айқасқа шығатыныңыз белгілі болды ма?

–      Кіммен шаршы алаңда айқасатыным да белгісіз. Оны да промоутерім анықтайды. Әйтеуір кімді шақырса да, деңгейі менен төмен боксшыны шақырмайтыны анық. Мен кіммен болса да шығуға дайынмын.

–         Әңгімеңізге рахмет!

alasharena.kz


<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>