• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

БҰҰ-да Украинаға дауыс бергенде Астана қалыс қалды

28 Март, 201423543


БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадан Қырымның бөлінуі туралы референдумды заңсыз деп танитын қарарды көпшілік дауыcпен қабылдады. Дауыс беру кезінде Қазақстан қалыс қалды.

Наурыздың 27-і күні Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 100 мемлекет «Украинаның территориялық тұтастығы» туралы қарарды қолдап дауыс берді, 58 мемлекет қалыс қалып, 11-і құжатқа қарсы дауыс берді. Қарсы шыққандардың ішінде Армения, Беларусь, Боливия, Венесуэла, Зимбабве, Куба, Никарагуа, Ресей, Сирия, Солтүстік Корея мен Судан бар.

Бас Ассамблеяның сессиясында бірінші болып сөз алған Украина сыртқы істер министрі қызметін атқарушы Андрей Дещица әлемдік деңгейде мойындалмаған Ресейдің Қырымды аннексиялау әрекеті қауіпсіздік бойынша халықаралық келісімдерге елеулі нұқсан келтіргенін айтты.

Украина өкілінен кейін Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин сөз сөйлеп, өз елінің әрекетін ақтап алуға тырысты. Чуркин БҰҰ қабылдаған қарарды «теке-тірес тудырушы» және «Қырымдағы референдумға күмән келтіруші» деп сипаттады.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қарарынан айырмашылығы – Бас Ассамблеяның қарарына ешбір мүше-мемлекет вето қоя алмайды. Бұл қарар заңды тұрғыда орындалу міндетін жүктемейді, бірақ әлеумдік қауымдастықтың позициясын білдіреді.

КИЕВТІҢ НОТАСЫ

Наурыздың 26-сы күні Украина сыртқы істер министрі орынбасары Наталья Галибаренко Қазақстанның Украинадағы елшілігінің кеңесшісі Арғын Оспановқа нота тапсырған.

Онда Гаагада журналистерге брифингте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинадағы оқиғаларға байланысты мәлімдемесіне байланысты Киев алаңдаушылық білдірген. Украина тарабы мұндай мәлімдемелер «жалпыға бірдей халықаралық құқық нормалары мен әлем елдерінің көпшілігінің ұстанымымен үйлеспейтіндігін, екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынасқа қайшы келетінін және Украина тарабы оны қабылдай алмайтынын» білдірген.

Наурыздың 25-і күні Гаагадағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит жұмысының қорытындылары бойынша брифинг өткізген президент Назарбаев Украинада «іс жүзінде халық пен ел екі бөлікке бөлініп қалып, нәтижесінде ішкі саяси жағдай бақылаудан шығып кетті» деп айтқан.

«Бүгінгі бірінші кезектегі міндет – құқықтық алаңға қайта оралу, бұл сайлау өткізу дегенді білдіреді. Заңды президентті, парламент пен легитимді үкіметті сайлау керек. Сосын осы негізде бейбіт келіссөздер жүргізіп, қалыптасқан ахуалдан бірлесіп шығу қажет» деген Назарбаев.

azattyq.org


<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>