• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жасырылған капиталға рақымшылық жасамақ

12 Апрель, 201465027


Нұрсұлтан Назарбаев отандық олигархтардың шетелдің банктерінде жасырған қаржысына рақымшылық жасамақ.

 Үкімет пен Ұлттық банк тиісті заң жобасын енді 1-ші маусымға дейін шұғыл әзірлеуі тиіс. Елбасы еліміздің калталы кәсіпкерлеріне оффшорлық аймақта құпия сақталған миллиондарының күйіп кету қаупі барын айтты. Оның үстіне «жоқ жерден» жиған тергенінен бір күнде айрылып қалулары мүмкін екенін де, қатал ескертті.

Сондықтан салым түрлі саяси себеппен күйіп кетпесі үшін кәсіпкерлерге капиталын отанына құюға шақырды. Мұндай науқан 2017 жылы басталатын жаппай декларациялаудың алдында өткізілуі тиіс. Ал инвестициялық тұрғыда табысты ірі жобаларды Үкімет ұсынуға әзір.

Ақордада өткен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев жекенің мүлкін ешкімнің заңсыз тартып алуына жол берілмейтінін де, мәлімдеді. Сондай-ақ, президент 2 айдан соң елімізде 800-ге жуық кәсіпорынның жаппай жекенің қолына берілетінін айтып, орта және шағын бизнестің әлі бюрократиялық кедергілерден көз аша алмай отырғанын сынады. Ал жұмыс істеуге қәбілетті жандарға жеке кәсіппен айналысуға кеңес берді. Тіпті Үкіметке ауылдарға дейін бизнес мектептерін ашуды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгін жұмыс істеймін деген адамға жұмыс бар. Жұмыс істегісі келмейтіндерге жұмыс жоқ. Солай ма, жоқ па? Енді не істеу керек? Ауылда отырсаң анау микрокредитті ал да, тауық, сиыр сатып аласың ба, жер айдайсың ба,өзіңді өзің асыра. Қаражат беріп отыр. Ол да қолыңнан келмей ма, қолыңнан алып қалаға әкеліп мемлекеттің ақшасына әкеліп оқытып, қолыңа мамандық беріп жұмысқа орналастырады. Сол кезде тұратын үйді де береді. Одан артық не істеу керек?

ktk.kz


<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>