• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қанат СӘДУАҚАСОВ, Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы: жаңа заң апатты азайтады

06 Июнь, 20145722112


Ішкі істер министрлігі елдегі жол қауіпсіздігінің күрделі жағдайын ескере отырып, «Жол қозғалысы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды әзірледі, оларды Парламент мақұлдады, Мемлекет басшысы үстіміздегі жылдың 17 сәуірінде қол қойды. Жаңа заң бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында әкімшілік жауапкершілік күшейтілді. Жаңа заңдағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Жол жүрісін қамтамасыз ету саласында үйлестіру басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қанат Сәдуақасовпен әңгімелескен едік.

– Қанат Сушыұлы, жол қоз­ғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заң бұдан бес-алты жыл бұрын өзгертілген еді, жақында тағы өзгерістер енгізілді. Осының қаншалықты қажеті болды, се­бептерін түсіндіріп беріңізші?

– Жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы жағдай ауқымды дағдарыс сипатына ие болып отыр. Сараптап қарасақ, бұл автомобиль паркінің өсуінен, жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларына немқұрайды қа­рауынан және жол жүрісіне қа­тысушылардың жалпы құ­қық­тық мәдениетінің жоқтығынан туын­дайды. Жол-көлік оқи­ғалары­ның (ЖКО) динамикасы 2001-2007 жылдар аралығында барлық жағынан апаттылықтың өске­нін көрсетті. 2008 жылғы заңды қабылдау елдегі апаттылықты төмендетуге едәуір әсер етті. Соған байланысты заңға өзге­рістер мен толықтырулар енгізуге тура келді.

Осы заңның шең­берінде Қазақстан Республи­касының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне түзетулер мен жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзу­шы­лықтардың барлық құрамдары бойынша әкімшілік жауап­кер­шілік күшейтілді, қайталап жа­салған және ұдайы құқық бұзу­шылықтар үшін жауапкершілік көзделді, сондай-ақ әкімшілік жазаларды баламалық салу мүм­кіндігі алынып тасталды. Осы­лайша, 2007-2011 жылдар ара­лығында ЖКО саны 15 942-ден 12019-ға дейін, қаза тапқандар саны 4 365-тен 2 707-ге және жарақат алғандар саны 18 951-ден 14 мыңға дейін төмендеді.

Соңғы екі-үш жыл аралығында Жол жүрісі қағидаларын бұзушы­лықтарды жасаудың күрт өсуі және осының салдары ретінде ЖКО, онда қаза тапқан және жарақат алған адамдар санының едәуір өсуі байқалды. Мысалы, алдыңғы жылды өткен жылмен салыстырғанда арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары тіркеген ЖЖҚ бұзушылықтардың саны 89,5 пайызға (492890-нан 934193-ке дейін) өсіпті. Бұл бұрын қабыл­данған шараларға адамдардың бейімделіп алғанына байланысты, ал көлік басқару мәдениеті бұрынғы деңгейде қалғанын көрсетеді. Сондықтан тәртіпті кү­шейту үшін заңға тағы да өзге­рістер енгізу керек болды.

– Жол-көлік оқиғалары негі­зінен, кімнің кінәсінен болады?

– Соңғы кездегі сараптама нәтижелеріне қарағанда жүргі­зушінің кінәсінен 21 294 ЖКО болған, бұл жол бойындағы бар­лық оқиғалардың шамамен 90 пайызын құрайды. Оның ішінде мас күйдегі жүргізушінің кінә­сімен 600 ЖКО жасалып, 106 адам қаза тауып, 867 адам жарақат алған.

– Жол бойында апатқа себеп болатын қандай ереже бұзушылық жиі қайталанады?

– Жүргізушілердің кінәсінен әрбір төртінші ЖКО жылдамдық режимдерін сақтамаудан болады. ЖКО-да зардап шеккендердің жалпы санынан осы себеп бойынша әрбір үшінші адам қаза табады және әрбір бесіншісі жарақат алады. Қарсы жүру жолағына шығу салдарынан биыл 1 659 ЖКО жасалды, бұл өткен жылға қарағанда 30 пайызға артық. Жол қауіпсіздігіне әсер ететін ЖЖҚ-ны елеулі бұзушы­лықтардың бірі – жол қиылыс­тары мен жаяу жүргінші өткел­дерінен өту қағидаларын бұзу. Осы себептер бойынша биылғы жылы 4 513 ЖКО жасалды, онда 142 адам қаза тауып, 5 508 адам жарақат алды. Келтірілген дерек­тер жол ережесін бұзған адамды тәрбиелеу және жаңа құқық бұзушылық жасаудың алдын алу бөлігіндегі әкімшілік жаза қолдану жазасы арқылы мүмкін емес екенін көрсетеді. Сондықтан мұндайларды қатаң жазалайтын заң керек болды.

– «Қазақстан Республи­касы­ның кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодек­сіне түзетулер енгізілді. Осы өзге­рістер туралы не айтасыз?

– «Жол жүрісі туралы» Заң­ның жаңа талаптарымен өзара байланысты үш жаңа бап қолда­нысқа енгізілді. Олар – «Жол жүрісі туралы» заңдағы оқу ұйым­дарында көлік құралдарын жүр­гізушілерді даярлаудағы та­лап­тардың күшейтілуі. Осы Заң ар­қылы Кодекске көлік құ­ралдары жүргізушілерін даяр­лау қағидаларын бұзғаны үшін оқу ұйымдарының жауапкершілігін көздейтін жаңа 464-2, 464-3-баптары енгізілді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың 8 түрі бойынша салынатын айып­пұл көлемі көбейтілді: 461-1 бап – көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостансаны пайдалануы, 462 бап – көлiк құралдары жүргiзу­шiлерiнiң қозғалыс кезінде белгi­ленген жылдамдықты арттыру, 463-1 бап – жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу немесе жол­дың жүру бөлігін кесіп өту, 463-2 бап – маневр жасау ережелерін бұзу, 463-3 бап – көлік құралын жол­дың жүру бөлігінде орналас­тыру, қарама-қарсы жолға шығу немесе басып озу ережелерін бұзу, 463-4 бап – көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ере­же­лерін бұзу.

Тағы бір күшейтілген шара ретінде автокөлікті мас күйде жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімдерін айтуға болады. Мысалы, бірінші рет – 3 жылға (бұған дейін – 2 жыл), екінші рет – 6 жылға және әкімшілік қамау 15 тәулікке ұзартылды (бұған дейін – 5 жыл және әкімшілік қамау 10 тәулік болатын), үшінші рет – 10 жылға және әкімшілік қамау 30 тәулікке ұзартылды. Ереже бұзудың екі түрі бойынша: жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін (463-3-бап 3-бөлігі) және ішкі істер ор­гандары қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін (471-бап 1-бөлігі) санкциялар «айыппұлдан» «көлік құралын басқару құқығынан айыруға» өзгертілді.

– Қанат Сушыұлы, 2008 жыл­ғы заңда жол қауіпсіздігі сала­сын­дағы ереже бұзушылық­тардың бар­лық түрлері бойынша әкімшілік жа­уапкершіліктер ғана қатаңда­тыл­­ған, тек жол қозғалы­сына қаты­су­шылар қаза табатын және жа­рақат алған жағдайларда ғана жауапкершілік күшейтілген. Ал жаңа заңда қалай? Айыппұл көле­мін тым өсіріп жіберген деп жүр жұрт...

– Бұл ретте жаңа заңды әзір­леу кезінде айыппұл санкция­ларының мөлшерін анықтау шеңберінде біз жолдарда апат­тылық деңгейі төмен елдердің халықаралық тәжірибесін ескердік. ЖЖҚ бұзғаны үшін ең жоғары айыппұл Финляндияда және Швейцарияда, өйткені бұл елдерде ең жоғары айыппұл сомасы шектелмеген, ол құқық бұзушының жылдық табысына сәйкес есептеледі. Осыған дейінгі уақытта жылдамдықты арт­тырғаны үшін ең қымбат айып­пұл – 200 мың доллар Финлян­дияда тіркелген болатын. Алайда өткен жылы Швейцарияда автомо­бильді сағатына 300 километр жылдамдықпен (бұл жолдың сол учаскесіндегі рұқсат етілген нормадан бір жарым есе асады) жүргізген жүргізушіге 1 мил­лион­нан астам айыппұл салынды. Финляндияда жылдамдық ре­жимін сақтамағаны үшін ең тө­мен айыппұл бір жарым мың евро­ны (379 500 теңге) құрайды, «қызыл­ға» жүргені үшін – 90 € (22 770 теңге), қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін – 135 € (34 155 теңге) төлеу керек болады. Фран­цияда жылдамдықты арттыр­ғаны үшін – €1500 (379 500 теңге), рет­теушінің немесе бағдаршамның тыйым салатын сигналына жүру – €90 (22 770 теңге), қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін – €135 (34 155 теңге). Италияда жыл­дамдықты арттырғаны үшін – €750-ден €3119-ға дейін (189 750-ден 789 107 теңгеге дейін), реттеушінің немесе бағдаршам­ның тыйым салатын сигналына жүру – €90 (22 770 теңге), қауіп­сіздік белдігін тақпағаны үшін – €75- €300 (18 975 – 75 900 теңге). Жапонияда жылдамдықты арт­тырғаны үшін ең төмен айыппұл – $800 (145 000 теңге), реттеушінің немесе бағдаршамның тыйым салатын сигналына жүру – ша­мамен $420 (76 440 теңге), тұраққа қою қағидаларын бұзғаны үшін – шамамен $830 (151 060 теңге), қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін – $450 (82 350 теңге). АҚШ-та жылдамдықты арттырғаны үшін ең төмен айыппұл – $500 (91 000 теңге). Көрсетілген елдерде жолдардағы апаттылықтың төмен деңгейі байқалады. ЖЖҚ бұзғаны үшін қазақстандық айыппұлдар арттырылды, дегенмен де әлемнің басқа дамыған елдерімен салыс­тырғанда олар жеңіл.

– Ішкі істер органдары қыз­меткерлеріне қатысты жаңа заң қандай талаптар қояды?

– Жаңа «Қазақстан Респуб­ликасының iшкi iстер органдары туралы» заңның 19-бабына сәйкес, ішкі істер органдары­ның қызметкерлері Қазақстан Рес­публикасының бүкіл аумағын­да, атқаратын лауазымына, уақытқа қарамастан, оларға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы арыз немесе хабар берілген жағдайда, ондай әре­кеттердің жолын кесу, жәр­демге мұқтаждарға көмек көрсету, оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ жақын жердегі ішкі істер ор­гандарын хабардар ету жөнінде шаралар қолдануға міндетті. Бұл ретте Қазақстан Республика­сының Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодексіне сәйкес жол қауіпсіздігі саласындағы құ­қық бұзушыларға өз құзыреттері шегінде тек жол-патрульдік по­лициясының қызметкерлері ғана хаттама толтыра алады және айып­пұл сала алады. Сонымен қа­тар ІІМ ішкі істер органдары қыз­меткерлерінің заңдылық та­лаптарын сақтаулары бойынша шаралар кешенін ұдайы негізде жүргізеді.

– Әңгімеңізге рақмет!

                                                                                                                                                                                                                aikyn.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>