• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Универсиаданы айтқанда Азиада шығыны еске түседі

15 Июнь, 201466784


Қазақстан олимпиада комитетінің есебінше, 2017 жылы Алматыда өтетін қысқы универсиадаға 950 миллион доллар қажет. Алайда сарапшылар бюджеттен бұдан да көп қаржы жұмсалады деп алаңдайды.

Алматыда 2017 жылы өтетін қысқы универсиаданы ұйымдастыру комитетінің төрағасы Илья Уразаков жарысқа қанша қаржы керегі анықталып жатқанын, сомасы белгілі болған соң жұртқа жариялайтындарын мәлімдеді.

Өткен айда Алматы қалалық құрылыс басқармасы 2017 жылы өтетін қысқы универсиадаға қажетті екі мұз айдыны кешенін салуға тендер өткізіп, оларға жұмсалатын қаржыны жариялады.

Алатау ауданында салынатын 12 мың көрермен сыятын мұз айдынына 31 миллиард теңге (шамамен 169 миллион доллар), ал Медеу ауданында салынатын 3 мың көрерменге арналған мұз айдынына 15,6 миллиард теңге (шамамен 86 миллион доллар) жұмсалмақ.

Екі спорт кешенін салуға Қазақстан бюджетінен 255 миллион доллар бөлінеді.

Бұдан бөлек студенттер қалашығы, олимпиадалық қалашық, халықаралық әуежай, метро және жер үсті пойызы жолы салынады деп жоспарланған. Осыған дейін универсиада өткізген қалалардың бірде-бірі олимпиадалық қалашық салмаған. Алматыдағы қалашықта банк, кинотеатр, емхана, мейрамханалар болмақ. Универсиададан кейін ол қалашық шағын ауданға айналады деген жоспар бар.

Бұған қоса универсиаданы ұйымдастыруға, жолдарды жөндеуге, 2011 жылғы Азиададан кейін пайдаланусыз қалған тау шаңғысы мен фристайл базаларын қайта қалпына келтіруге де қаржы қажет.

Қазақстан олимпиада комитеті «универсиада өткізуге шамамен 950 миллион доллар керек» деп болжайды.

«1 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРДАН АСЫП КЕТЕДІ»

Экономист Жәнібек Нұрхалықовтың есебінше, Қазақстанның 2017 жылғы қысқы универсиаданы өткізуіне 950 миллион доллар жетпейді.

«950 миллион доллар жұмсалады десек, оның 250 миллион доллары екі спорт кешеніне кетті. Халықаралық әуежай салуға, Алматыда жер үсті жүрдек пойызын салуға да көп қаржы керек. Ұйымдастырушылар «студенттер және олимпиада қалашықтарын саламыз» деп отыр. Оған қалған 700 миллион доллар жетпейді. Бұлардың көбі – универсиадаға дейінгі шығын. Ал универсиада кезіндегі шығындарды да есептеу қажет. Сондықтан Қазақстан 2017 жылғы универсиадаға 1 миллиард доллардан артық ақша шығындайды» дейді маман.

Сарапшы 2017 жылы өтетін универсиада мен халықаралық ЕХРО көрмесі Қазақстан бюджетін әлсіретіп кете ме деп қауіптенеді.

«Қазақстан универсиадаға 950 миллион доллар жұмсайды» дегенге сенбейтіндердің енді бірі – спорт журналисі Абай Амангелдіұлы. Ол елдің 2011 жылы өткен Қысқы Азия ойындары кезінде жеті спорт ғимаратын салуға әуелі 30 миллиард теңге бөлініп, кейін оның құны 132 милииард теңгеге жеткенін, жарысты өткізуге жиыны 233,5 миллиард теңге жұмсалғанын (1,65 миллиард доллар) еске салады.

Алматыда өткен Азиада ойындарынан соң ұйымдастыру комитетінің бірнеше жауапты қызметкер «бөлінген қаржыны талан-таражыға салды» деген айып бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған еді.

azattyq.org


<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>