• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

«Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ-да бизнесті трансформациялау

23 Июнь, 20149832


«ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау бойынша стратегиялық жобаны жүзеге асыруға кірісті. Компанияның орталық аппаратында модернизациялау және трансформациялау бойынша отырыс өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің айтуынша, тәжірибе жинақтай келе кәсіпорында бизнес жүргізу туралы кемел көзқарас қалыптасқан. Даму бағытының дұрыстығының арқасында, «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлемнің табысты темір жол компанияларының рейтингіне енген.

«Бизнесті трансформациялау бағдарламасы «Самұрық-Қазына» Қорының қызметтің жоғарғы көрсеткіштеріне жету үшін қойған тапсырмаларды табысты түрде іске асыруға жаңа серпін алуға мүмкіндік беретін уақытылы бастамасы. Бұл жаһандық бәсекелестіктің ұлғайуы, дүниежүзілік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуі мен әлемдік қаржы дағдарысының әсерініен орын алған нарықтардың жоғарғы волатилділігі шарттарында қаржы жағдайының тұрақтану мәселесіне стандартты емес шешімдер табу және компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндігі. Қор бастамашылық еткен бизнесті трансформациялау жобасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қызметіне қосымша серпін беруімізге көмектеседі деп үміттенемін, - деді Асқар Мамин.

Компания стратегиясы мыналарды қарастырады: оңтайлы корпоративтік құрылым мен заманауи басқару жүйесін қалыптастыру, өндірістік және портфелдік активтерді оңтайландыру. Бизнесті трансформациялау бағдарламасы міндеттер тұрғысынан ең маңызды элементтердің бірі және компанияға стратегиялық жоспарларды орындауға көмектеседі.

«Самұрық- Қазына» Қорының барлық топтарының ішіндегі бизнесті трансформациялау бағдарламасы бойынша біздің компания пилоттық жоба ретінде таңдалынып алынды. Трансформациялау бағдарламасының негізі – адамдарға сену. Бүгінде біз ағымдағы жағдайды терең талдайтын 100 кәсіпқойды таңдап алдық. Тапсырма – қазіргі бизнес-үдерістерді бұдан да тиімді ету. Бұл ұмтылыс сән қуушылық емес, бұл – көштен қалмаудың амалы.

Қазақстанның темір жол компаниясы жаңа нарықтар ашылуына байланысты жұтылып кетпей, жаһандық бәсекелестік шарттарында да жұмыс істей алады. Тапсырыс берушіге біздің бәсекелестеріміз бере алмайтын шарттарды  ұсыну арқылы, ҚТЖ әрқашанда өз орынын табады», - деді кеңес барысында «Қазақстан Темiр Жолы» ҰК АҚ экономика және қаржы мәселесі бойынша вице-президенті Алмас Лепесбаев.

«Самұрық- Қазына» АҚ бизнесті трансформациялау бастамасы аясында нақты бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы әрбір еншілес ұйымның қызметінің тиімділігін арттыру қарастырылған. Бұл бастаманың алғашқы толқыны біз үлкен үміт артатын «Қазақстан Темiр Жолы ҰК» АҚ, «Қаз Мұнай Газ ҰК» АҚ, «Қазпочта» АҚ әсер етеді.

«Қордың компаниялар топтарын трансформациялау бастамасы 8 тармақтан тұрады. Жобаны жүргізіп және оған жауап беретін жетекшілері белгіленді. Тәжірибеден білетініміздей, тез келетін өзгерістер ауыртпашылықтар да әкеледі. Бұны тісті емдеумен салыстыруға болады. Мүмкін бұл ең жеңіл, жағымды іс емес шығар, бірақ өте қажет. Егер біз алға жылжымасақ, мақсатымызға жете алмаймыз», - деді «Самұрық- Қазына» АҚ трансформациялау бойынша бас директоры Адамас Илькявичюс.

«Трансформациялау қорытындысы бойынша «Самұрық- Қазына» қоры біздің еншілес компанияларымыз үшін өте тиімді және білікті кеңесшіге айналуы тиіс. Біз Президенттен тікелей тапсырма алдық. Ұзақ тарихы бар біздің көптеген компанияларымыз ескі стандарттарымен жұмыс істеуге әдеттенген. Бизнес-үдерістер заман талабына сай болуы керек. Бәсекелестік өзгерістерді талап етеді», - деп қорытындылады «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма басшысы Өмірзақ Шөкеев

"Араша-ақпарат"



<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>