• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

«Самұрық-Қазына» депутаттарға жекешелендіру бағдарламасын іске асырудағы негізгі қағидаларды түсіндірді

26 Июнь, 20146801


«Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы сараптамалық-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтіп,  «Халық IPO» және Қордың компаниялар тобының активтерін жекешелендіру бағдарламаларының іске асырылу мәселелері талқыланды.

Кеңестің отырысы барысында қор жетекшілері «Кегок», «Казақстан Темір Жолы» және «Қазатомпром» компанияларының акцияларын ашық ұсынысқа шығарудың ерекшеліктері туралы депутаттарға хабарлады.  «Халық IPO» іске асырылуына ағымдағы жағдайдың әзірлігі баяндалды.

Депутаттарға түсіндірілді

«Бүгінгі таңда компанияларды қор нарығына шығарудың алғышарттары жасалған. Тек таяуда шешілетін техникалық мәселелер ғана қалды», - деді отырыс барысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма басшысының орынбасары Елена Бахмутова.

Депутаттар кеңес барысында «Халық IPO» бағдарламасының орындалуы тиіс ақпараттық кампаниясы мәселесін көтерді. ««Халық IPO-ның» бірінші толқынында экономикалық тәжірибе жинақтаған адамдарды тартсаңыздар дұрыс болар еді деп ойлаймын», - деді Д. Назарбаева.

«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу бойынша директоры Жұмағали Мыңжасаров депутаттарға бағдарламаны жекешелендірудің негізгі қағидаларын түсіндірді және активтерді өткізудің мерзімдері мен тетіктері жайлы айтып өтті.  Ж. Мыңжасаров депутаттардың сұрақтарына да жауап берді.

Сараптамалық-консультативтік кеңестің мүшелерінің ойынша, алдыда тұрған жекешелендіру бағдарламасының негізгі қағидалары ашықтық және экономикалық тиімділік болуы керек.

«Жекешелендіру бағдарламасын іске асыру кезеңдері ең алдымен экономикалық тиімді болғанын қалар едім. Қор экономикалық қауіп-қатерлердің алдын алып, барлық өрбу сценарилерін есептейді деп үміттенеміз», - деді ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Рауан Шаекин.

Араша-ақпарат анықтамасы: «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы сараптамалық-консультативтік кеңес 2012 жылы құрылған. Кеңестің негізгі мақсаты – қордың ең басымдылыққа ие бағыттарын дамытуда сараптамалық-консультативтік жәрдем беру. Кеңес қордың және оның еншілес компанияларының қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасайды. Кеңес құрамына Өмірзақ Шөкеевтің басшылық етуімен Қазақстан Республикасының парламенті депутаттары, еліміздің көрнекті қоғам қайраткерлері, заңгерлер және заңгер-ғалымдар кіреді

"Араша-ақпарат"


<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>