• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

КСРО-ның Халық әртiсi: Алматы циркiн жекешелендіру - ақылға сыймайтын іс

08 Шілде, 20146003


Кеңес Одағы циркiнiң аңызы, КСРО-ның Халық әртiсi Вилен Головко алматылық цирктi жеке адамға беру үлкен қателiк деп есептейдi. Бұл туралы ол бүгiн Астанада "Азия жаңғырығы" атты цирк фестивалiнiң аяқталуына арналған баспасөз мәслихатында мәлiм еттi.

"Қазiр маған Алматы туралы ойға сыймайтын дүние айтты - Алматы циркi жекешелендiрiлмек. Басымызға кiрiп-шықпайтын әрекет қой бұл! Цирк өнерiн, әртiстердi, студенттердi бiреудiң жеке қолына беру мүмкiн нәрсе ме?! Сатамыз, бiттi дептi! Даму бола ма бұдан кейiн?!", - дейдi В. Головко бұл жайтқа таңданып.

Оның ойынша, цирктер қалалық әкiмдiктердiң құрамында емес, ҚР Мәдениет министрлiгiнiң қарауында болуы тиiс.

"Әкiмдiктер цирктердi Мәдениет министрлiгiне бермей, олардың барлығына бiр адам ғана жауапты болмайынша, даму болмайды. Барлығы шашылып жатыр. Әкiмдiктерге цирктi қол астында ұстау тиiмдi, бiрақ олар оның дамуына үлес қосуды мүлдем ойламайды", - деп атап өттi ол.

Нашар басқарудың үлгiсi ретiнде В. Головко қарағандылық цирктiң жағдайына тоқталды.

"Мен анда-санда ол жерде ресейлiк компанияның атынан бағдарлама қоямын. Ондағы цирк филармонияның қарамағына өтiп кеткен! Тап-тамаша манеж тұр, оркестр КСРО заманынан берi сақталған, сахнаның сырты да бар, жануарлар бөлмелерi де жоқ емес, түптеп келгенде цирктiң жұмыс iстеуiне барлық жағдай қолында, бiрақ ол цирк емес, филармония. Олар оны жалға берiп қойған", - деп хабарлайды В. Головко.

Вилен Головко Алматыдағы қазақ циркiнiң қалыптасуына зор үлес қосқан өнер иесi. 1975 жылы ол Олжас Сүлейменовпен бiрге Қазақстан туралы "Ғажайыптар әлемi" атты бағдарлама жасаған болатын. Елiмiзде бiр жарым жыл бойы тұрған ол қазақ ауылдарын аралап, жас таланттарды iздеумен айналысты.

Айта кетейік, Қазақстанда цирк тек Астана, Алматы, Қарғанды және Шымкентте бар.

inform.kz


<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>