• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қайрат Нұртастың аты тағы дауға қалды

09 Шілде, 201412397


Жаңадан ашылып жатқан "МС KZ" атты музыкалық арнаның тұсаукесерінде қонақ ретінде өнер көрсетуі тиіс эстрада жұлдызын ұйымдастырушылар тақырға отырғызып кеткен.

Соның салдарынан концертті Алматыдағы Балуан Шолақ зәулім кешенінде емес, мейрамханада өткізуге мәжбүр болған әншіге онда орын таппай түрегеп тұрғандармен сырттан қарап кіре алмай қайтқан көрерменнің өкпесі қара қазандай. Олар енді билет құны өтелсін деп талап етуде.

"Прайм плаза" сауда орталығында болған бүліктен кейін, тұныққа шөгіп, біраздан бері көзден таса болған Қайрат Нұртас араға бір жыл уақыт салып, өзін асыға күткен алматылық көрермендерімен дәл осы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қауышуы тиіс еді.

Алайда әншінің әндерін марқая тыңдап, құшақ-құшақ гүлдерді табыстаймыз деп келген тыңдарманның ыстық ықыласы тағы да ақталған жоқ.

Белгісіз себептермен концерттің өтетін жері бір емес бірнеше мәрте ауыстырылып, мыңдаған адамға тар ғана мейрамханада тарылуға тура келді.

"Қайрат бұл кешке көп әншінің бірі ретінде шақырылған еді. Одан бөлек арнаның тұсаукесерінде Ақбота Керімбекова, Бүркіт, Тамара Асар сынды эстрада жұлдыздары өнер көрсетуі тиіс болған", - деп отыр.

Десе де, айтулы кештің абыройы спорт сарайынан шағын мейрамхана деңгейіне дейін түскеннен кейін ұйымдастырушылардың опасыздық жасағанын сездік дейді ол.

"Жабық сарай алдында арпалысып тұрған көрерменнің көңілін қалай болса да жұбату үшін Қайрат мейрамханаға барып жалғыз өзі ән шырқады", - дейді Қайраттың анасы және продюсері Гүлзира Айдарбекова.

Сол күні Қайратты көруге жазбай, қапаланып қапыда кеткен көрермен билет құны қайтарылсын деп Гүлзираның жағасынан алған.

Алайда сахнаға шығып, көз жасын төгіп, баласының кінәсіздігін айтып ақталғаннан кейін, халық сабырға түсіп, түсініспеушілікпен қарады дейді ол. Қайраттың анасының айтуынша, бұл әншіге қарсы өштікпен құрылған қаратұзақ.

"Егер мына жерде болмайды деп бәрі қырғын шығарса, біреулер рахатқа батар еді. Олар енді рахатқа бата алмайды, олардың арманы орындалмайды. Біраз адамның мүмкін бұл әдейілеп жасалған айласы болуы керек", - дейді ол.

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінің басшысы кассадан не бәрі 70 қана билеттің сатылғандығын айтады. Ғимаратты жалға алуға ұйымдастырушылардың қаржысы жетпеген соң, екіара келісім шарт бұзылған екен.

Десе де Қайрат Нұртас қатысатын концертке келем деген адам тапшы деген директор орынбасарының сөзі кеудеге күдік ұялатады. Оның айтуынша, бұған кешеуілдеп берілген жарнама кінәлі - 31-арна.

Оңай олжаға алданып, бір баспаймын деген жерін екі басып, басы дауға қалған әншінің өзі керемет шоуға ұласатын жеке шығармашылық кешін қыркүйек, қазан айларында өткіземін деп жоспарлап отыр. Ал Қайраттың анасы істі сотқа беру мәселесіне әзірге асығып отырған жоқ.

aikyn.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>