• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Астанада шетелдік компанияның сеніміне кіріп 12 млн. долларды үптеп кеткен алаяқтар сотталды

11 Шілде, 201410255


Астана қаласы Алматы ауданының №2 соты алаяқтық жасаған екі азаматтың бірін 7 жылға, екіншісін 4 жылға бас бостандығынан айырып, мүліктерін тәркілеу туралы үкім шығарды. Бұл туралы қалалық проуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Азамат П. мен И. алаяқтық жасау мақсатында өзара сөз байласып, өндіруші зауыттан мыс жеткізу туралы жалған ақпарат таратқан. Одан әрі, азамат П. түсті металдарды жеткізу саласында қызмет ететін коммерциялық кәсіпорынның жалған директоры болып шыға келеді де,  И сатып алушыларды іздеу бойынша делдал болып, ол өзінің танысы Оңтүстік Корея азаматына төмен бағамен мыс сататындығын хабарлаған.

Ал Оңтүстік Кореялық азамат әлгілердің қылмыстық пиғыына күдіктенбей Фин компаниясының өкілімен таныстырған. Кейіннен азамат П. серіктестік директоры ретінде фин компаниясымен  80 млн. АҚШ долларына катод мысын жеткізуге келісімшарт жасасып, шетелдік сатып алушыны өз әрекеттерінің заңдылығына сендіріп, жалған кепіл хат жасаған», - делінген баспасөз баянында. Кейіннен, жалған кепіл хатын алған шетелдік компания алаяқтардың шотына 12 млн. АҚШ долларын аудара салған.

Ал қылмыскерлер әлгі ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап, автокөліктер мен жер учаскелерін сатып алады. Дегенмен, алаяқтар көп ұзамай құрықталып, олардың мүлкі тәркіленіп, өздері бостандығынан айырылды.

inform.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>