• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қазақстандық клубтар Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымына өтті

11 Шілде, 201481225


Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық үш команда да екінші айналымға жолдама алды. Кеше қарағандылық "Шахтер" мен елорданың "Астана" футбол клубтары өз алаңында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңсе, Алматының "Қайраты" Албанияда жергілікті "Кукеси" командасымен тең ойнады.

Алғаш болып жасыл алаңға шыққан Қарағандының "Шахтеры" Армениядан келген "Ширак" командасының қақпасына жауапсыз төрт доп соқты. Алғашқы гол қақпашы Всеволод Ермаковтың өрескел қателігінен кірді. Оның қайтарған добы өз қорғаушысының аяғына тиіп қақпаның бос бұрышынан табылған. Мұнан кейін Ұлан Қонысбаев пен Никола Покривач және Андрей Финонченко бір-бір голмен көзге түсті.

Екінші айналымда жерлестеріміз «Атлантас» (Литва) командасымен күш сынасатын болады.

"Астана" футбол клубы да Армениядан келген қонақтарды жерге қаратты. Ереванда жергілікті "Пюник" командасын 4:1 есебімен жеңіп келген "астаналықтар" бұл жолы Астанада өткен матчта 2:0 есебімен басым түсті. Гол авторлары: Бауыржан Жолшиев және Дмитрий Шомко. Астаналық команда үшін келесі матч 24 шілдеде өтеді. Жерлестерімізді Израильдің "Хапоэл" командасымен бақ сынаспақ.

Алғашқы ойынын Алматыда өткізген "Қайрат" албаниялық "Кукеси" командасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Кеше Албаниядағы қарымта кездесуде күш сынасқан қос команда есепті аша алмай тең тарқасты. Бұл нәтиже "Қайратты" іріктеу кезеңінің екінші айналымына алып шығып отыр. 24 шілде күні жерлестеріміз Данияда жергілікті "Эсбьерг" командасымен жасыл алаңға шығатын болады.

baq.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>