• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Францияда мемлекеттік газеттер мүлдем жоқ...

21 Шілде, 2014275710


Екі ғасырға жуық тарихы бар, кезінде француздың атақты жазушы- сыншылары, оның ішінде Жорж Санд редакторлық еткен «Le Figaro» газеті редакциясы жаңа технологиялармен жабдықталған зәулім ғимаратта орналасқан. Дәліздегі үлкен мониторлардан газеттің интернет нұсқаларымен танысып, тележурналдағы сұхбаттарды тыңдауға болады. «Le Figaro» директорның орынбасары Филипп Желье Еуропа одағының «Қазақстан үкіметінің мемлекеттік қызмет реформасы және модернизациясы» жобасы аясында ұйымдастырылған сұхбат барысында қазақстандық журналистермен ой бөліскен еді.

Мен бұл газетте 1985 жыл­дан бері жұмыс істеймін, – деді Желье мырза. – Бастапқыда репор­тер болып жұмыс істедім. Газеттің кеңесі Парижде орна­ласқанымен, өзім үнемі саяхат­тап жүрдім. 14 жыл бойы газеттің шетелдердегі тілшісі ретінде қызмет еттім. Мәселен, Иеру­салимде – 5 жыл, Брюссельде – 3 жыл, Вашингтонда 6 жыл тұрдым. 2009 жылы Парижге қайта оралдым.

– Қазір ғаламтордың дамуына байланысты көптеген ірі газеттер, журналдар, оның арасында фран­цуз басылымдары да жабылуда немесе интернет-басылымға ай­на­луда. «Le Figaro» газетіне ондай қауіп бар ма?

– Интернетке қатысты бас­пасөз нарығында дағдарыс пай­да болғаны рас. Өйткені ақ­па­раттарды интернеттен тегін алуға болады. Ал біздің газет киос­кілерде 1.80 евродан (ша­ма­мен 450 теңге – ред. ) сатылады. Сондықтан оқырмандар газетті сатып алу үшін не істеу қажет­тігі жайлы ойланамыз. Біз басы­лымның газет және интернет нұсқаларын дамытуға байла­нысты арнайы стратегия әзірле­дік. Әлі түбегейлі шешім қабыл­данбады, бұл – әлі аяқталмаған үдеріс. Ең алдымен веб-редакция мен баспасөз редакцияны қоспай, оларды жақындатып, конвергенция жасадық. «Le Figaro» тілшісі өзінің мақаласын басылымның газеттік немесе интернет нұсқасына жариялай алады, яғни соған лайықты ол жаза да алуы тиіс.

– Сонда журналистер газет пен сайтқа қатар жұмыс істей ме?

– Мысалы, Қытайдағы тіл­шінің кешке даярлаған шағын ақпараты сайтқа шыққанымен, газет үшін қызықсыз деп табы­луы мүмкін. Ал жер сілкінісі сияқ­ты маңызды оқиға болса, онда тілші сайтқа ақпарат береді де, газетте жаңа мәліметтермен толықтырылған мақаласын жариялайды.

– Газеттің веб-редакциясын кім басқарады?

– Дирекция – баспа және веб-басылым үшін ортақ. Газет­тің экономика, саясат және мә­де­ниет бөлімдерінің өз жетек­шілері бар. Газеттің веб-сайты радио сияқты сағат бойынша жұмыс істейді. Өйткені зерттеу­лерге қа­рағанда, белгілі бір сағаттарда сайтты қараушылар көбейеді немесе төмендейді. Сондықтан таңғы, күндізгі және түнгі шы­ғарылымның өз жетек­шілері бар. Олардың барлығы бір-бірімен кеңесіп отырады. Кешке қарай таңертең шығатын жаңа мақалалардың шығарылуы ойластырылады. Яғни оқиғалар алдын ала болжанып, олардың түрлі нұсқалары даярланады.

– Сіз алғаш газетке жұмысқа орналасқан 80-жылдары газет­тің тиражы қандай еді?

– Жақсы сұрақ. 80-жыл­дар­дың соңында газет күнделікті 450 мыңдай данамен шықса, жексенбілік саны 900 мыңдай еді. Тираж санының біршама тө­мендеуі – барлық француз га­зет­теріне тән үрдіс. Бірақ «Le Figaro» басқа газеттермен са­лыс­тырған-­да, таралымын тым тү­с­ір­меуге ты­рысты. Интернетке көп күш жұмсап, алғаш болып га­зеттің интернет редакциясын аш­тық. Газет Францияда тара­лы­мы жағынан алғашқы орын алады.

– Дегенмен, қай нұсқа көбі­рек оқылады?

– Басылымның қағаз және интернет нұсқасы екі бөлек аудиторияны қамтиды. Күніне газеттің 350 мыңға дейін данасы сатылады, яғни оны миллионға жуық адам оқиды. Сайтты күніне 2-2,5 миллион адам қарайды. Оқырмандардың үштен бір бөлігі газеттік және интернет нұсқаны қатар қарайды. Ком­мерциялық қисын бойынша, газет және интернет нұсқада бірдей материалдарды баспа­уымыз керек. Сайтта адамдар көп кіретін оқиғалар туралы мақала газетте шықпауы мүмкін. Оның орнына газетте түбегейлі ақпарат, арнайы сараптама, репортаж, талдау, пікірлер көбірек жарияланады.

– Интернет нұсқа арқылы газетке деген қызығушылықты ұс­тап отырсыздар ма? Әлде сайт га­зеттің қағаз нұсқасын тықсырып бара ма?

– Газет, керісінше, интернет нұсқаны нығайтып, байыта тү­седі. Онда мақалалар басқаша жазылады. Егер газеттің қағаз нұсқасы болмаса, онда басқа басылымдарға ұқсап кетер еді. Бұл – қызықсыз. Газет жылдам­дық пен серпінділікке, бейне­ма­те­риалдардан табыла бермейтін өзгешеліктерге екпін салады. Газеттік нұсқа басылымға қо­сымша құн, маңыздылық береді. Мәселен, газетте Қазақстан тура­лы ақпаратты байқап қал­са­ңыз­дар, онда сол елде газеттің адам­дары бар екендігін білдіреді. Өйт­кені «Le Figaro» басқа ақ­парат көздерінен дайын мәлімет ал­майды, ақпаратты өздері табады. Газеттің баспа және интернет версиясы бірін-бірі толықтырады.

– «Le Figaro» жеке меншіктегі басылым ба, әлде мемлекет үлесі бар ма?

– Бұл газет – әркез жеке меншіктегі басылым. Францияда мемлекеттік газеттер мүлдем жоқ. Тек 3 мемлекеттік телеарна бар. Сонымен бірге үкіметтің қаулысын, декреттерін басатын мемлекеттік журнал шығады. «Le Figaro» – 1826 жылдан бері келе жатқан көне басылым. Алғаш сатиралық апталық ре­тінде жарық көрген. Оның атауы Бомаршенің атақты комедиясы кейіпкерінің атына сәйкес алынса, газеттің ұраны ретінде сол шығармадағы «Сын бостан­дығы жоқ жерде мақтауға да орын жоқ» деген нақыл берілген. 1860 жылы басылым апталық газетке айналып, содан бері талай қожайынды алмастырды. Қазіргі газеттің меншік иесі – өнеркәсіп саласындағы белгілі француз кәсіпкері Серж Дассо. Газет сату және жарнаманың арқасында қаржыландырылады. Газет басқа бағыттармен де шұғылданады. Мәселен, оның жылжымайтын мүлік және спектакльдерге билет сататын сайттары бар. Дегенмен, ең көп табыс әкелетіні – «Le Figaro» газеті. Өйткені бұл газет –таралымы жағынан Фран­циядағы ең ірі басылым. Фран­циядағы газеттердің көпшілігі экономикалық дағдарыс жағ­дайында. Бірақ «Le Figaro» жақсы қаржыландырылады. Түрлі-түсті газет шығаратын екі баспаханамыз бар.

– Пайданы ең көбірек әке­летін не: газет пе, сайттар ма?

– Табыстың 75 пайызы жарнамадан түссе, қалғаны газет сатудан келеді. Тұрақты түрде жазылушылар саны 20 мыңнан аздау.

– Газеттің меншік иесі ба­сылым саясатына қаншалықты әсер етеді?

– Арнайы қабылданған Хартия бойынша меншік иесі жылына бір рет, тек 1 қаңтарда өзінің ойын газетке бере алады. Оған журналистерге тікелей телефон соғуға, ықпал етуге тыйым салынған. Оның тек бел­гілі бір мәселелерді директормен талқылауға құқы бар. 

– Директорды кім таңдай­ды?

– Директор акционерлер арқылы тағайындалады. Фран­циядағы кейбір басылымдарда директор сайланады. Бірақ журналистер қоғамы жұмыс істейді. Дирекциямен олар га­зеттің мазмұнына қатысты талқылау жасайды.

– Газеттегі жұмыс істейтін журналистер қандай жалақы алады?

– Бұл журналистің газетте жұмыс істеу мерзіміне байла­нысты. Мәселен, веб-редак­циядағы жастар 2800-3000 евро табады. Ал тәжірибесі молдау журналистер 5 мың евродай жалақы алады.

– Сіздерде қаламақы жүйесі ме, әлде жалақы беріле ме?

– Журналистердің барлығы тұрақты түрде жалақы алады. Арнайы тілшілер жоқ елдерде фрилансерлер үшін әр мақалаға қаламақы төленеді.

– Газет қай елдерде тарты­лады?

– Негізінен, Францияда. Марокко, Еуропа елдерінде де газетті табуға болады. Газет фран­цуз тілінде шыққандықтан, француз тілін білетіндер оқиды. Газеттің интернет нұсқасына келсек, оны көбірек Лондонда қарайды.

– Қай елдерде арнайы тіл­шілеріңіз бар?

– Әлемнің 8 елінде тілші­леріміз бар. Вашингтон, Лондон, Брюссель, Берлин, Иерусалим, Мысыр және Бейжіңге тілшілер отбасымен арнайы жіберілген. Оған қосымша шетелдерде 30 фрилансер «Le Figaro» үшін жұмыс істейді.

– Орталық Азияда ше?

– Әзірге жоқ. Араларыңызда французша жазатындар бар ма? Көбіне шетелдерде Отанына оралғысы келетін француздар тілші болып жұмыс істейді. Өйткені олар үшін француз тілі – ана тілі. Африкада 5 тілші бар. Кейбір елдерде бізге лайықты тілшіні мүлдем таппадық.

– Саяси тұрғыда қандайда бір партияны қолдайсыздар ма?

– Саяси көзқарас бойынша қазір – оппозициядамыз, Ни­коля Саркози президент болып тұрған кезде көбірек билікшіл болатынбыз. Бірақ бұл сол пре­зиденттің барлық іс-әрекеттерін ақтап, басқа президенттің жұмысын толықтай сынаймыз дегенді білдірмейді. Мысалы, қазір Саркозидің де саясатын сынай береміз. Нарықтық эко­но­мика мен дәстүрлі қоғамның мүддесіне сай саясатты қол­даймыз. Біз ешкімге тәуелді емеспіз.

aikyn.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>