• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Ел ауқатын білгің келсе, халқының жасын сұра...

31 Шілде, 201455037


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, алдыңғы жылы әлемде адамдардың өмір сүру ұзақтығы артқан. Алайда, Қазақстандағы адамның орташа өмір сүру көрсеткіші әлі де дамыған елдердегі орташа деңгейге жетпей отыр.

Астанада ұзақ өмір сүріп отырған, яғни, жасы 90-нан асқан қартты табу үшін қалалық денсаулық сақтау басқармасына хабарласқанымызбен, олар мұндай мәселемен мүлдем айналыспайтындықтарын айтып, статистика агенттігіне жүгінуге кеңес берді. ҚР Статистика агенттінінің 2009 жылы жүргізген санағы нәтижесінде, Қазақстанда жасы жүзден асқан 26 адам,  Астанада 1 адам ғана тіркеліпті. 2008 жылы Тбилиси қаласында жастары 100-ден асқан 50-ден астам адамды қалалық мэрия арқылы бірден анықтап, олардың барлығы мемлекеттің қамқорлығына алынғанын, жасы ұзақтығы үшін қарттардың қосымша өтемақы алатындығы жайлы «Айқын» газетіне жазған болатынбыз. Ал қазақстандық жүз жасағандардың кімдер екендігі анық емес.

Дегенмен, ұлттық санақ жүргізілген 2009 жылы 130 жасқа толған қарағандылық Сахан Досова әлемді таң қалдырып, жер шарындағы ең егде адамдардың бірі атанған. Ол журналистерге өзінің ұзақ жасау сырын ұлттық тағамдар – құрт, талқанды талшық етіп, үнемі көтеріңкі көңіл күйде жүретіндігімен түсіндірген. Әйтсе де, әлемді таңдандырған әжей сол жылы көп ұзамай көз жұмды, Қазақстан халқы болса, ұзақ жасайтын жүз елдің қатарына әлі кіре алмай отыр.

БҰҰ Даму бағдарламасының 2012 жарияланған 199 елді қамтитын адамның орташа жас ұзақтығы рейтингісінде (таблицаны қараңыз-ред.) Қазақстан 138-ші орын алған. ҚР Статистика агенттігі мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 2012 жылы туған ұл баланың жас ұзақтығы – 64,84, қыз баланың жас ұзақтығы - 74,33 жас болады деп күтілген.   Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деректері бойынша, дәл осы жылы табысы жоғары елде туған ұл баланың орташа өмір сүру жасы – 76 болса, қыз баланың жас ұзақтығы – 82 жас. Яғни, қазақстандық ұл балалар ауқатты мемлекеттердегі замандастарына қарағанда 11 жастай, қыздар – 8 жасқа жуық кем өмір сүрмек.

Мемлекеттің әл ауқаты мен демографиялық ахуалының арасында байланыс бар екенін барлық сарапшылар мойындайды. «Әлі күнге дейін бай және кедей елдер арасында айырмашылық бар – табысы жоғары елдерде тұратын адамдардың кірісі төмен елдерге қарағанда ұзақ өмір сүруге мүмкіндігі көбірек», - деп жазады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чен. Табысы жоғары елдердегі адам жасының ұзақтығы инфекциялық емес аурулармен күрестің сәтті жүруімен байланысты екендігін айтады осы ұйымның өкілдері. Соның нәтижесінде, дамыған елдерде 60 жасқа дейін жүрек және инсульт ауруынан қайтыс болатындар азайған.

 Әйтсе де, Денсаулық сақтау министрлігі мәліметтеріне қарағанда, соңғы жылдары Қазақстанда адамның өмір сүру ұзақтығы екі жарым есеге өскен. Статистикалық мәліметтерге бойынша 2013 жылы Қазақстан халқының болжанған өмір сүру ұзақтығы 70,45 жасқа көтерілген. Дегенмен, бұл уақытта әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде кірісі төмен, мәселен, африкалық елдерде де өмір сүру көрсеткіші соңғы он жылда тоғыз есеге өскенін жазады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Сондықтан, денсаулық министрлігіне жалпы дамыған елдердегі жас ұзақтығын бағдар еткені дұрыс шығар. Мәселен, Жапониядағы алдыңғы жылы әйелдердің орташа жас ұзақтығы 87 жас саналған.   

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа Жолдауында қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа жеткізу бойынша міндет қойған. Еліміздегі адамның өмір сүру жас ұзақтығын, яғни, түптеп келген өмір сүру сапасын қалай арттыруға болады? Бұл ретте қазақ текті америкалық ғалым Алмаз Шарман мен шығыс медицинасын зерттейтін дәрігер Жасан Зекейұлының пікірін білген едік. 

  Cалауатты өмір салты - ұзақ өмір сүру кілті

 Алмаз ШАРМАН, Медицина профессоры:

-Жақында Гарвард медицина мектебі арқылы ұзақ сапалы өмір сүру бойынша нақты ұсыныстар беріліпті. Олардың барлығы тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуыларын жасап, сапалы ауызсу пайдаланып, үйлестірілген ас ішіп, сыртқы және ішкі ортаның тазалығын сақтап, аурулардың алдын алып, белсенді қарым-қатынас жасап, ой қызметімен шұғылданып, көтеріңікі көңіл күйді сақтауға келіп тіреледі.

 Америкалық медицина қауымдастығы журналында жаряланған зерттеулерге сүйенсек, егде жаста да өмір сүру салтын өзгертіп, өмірді ұзартуға болады екен. Ғалымдар он жыл бойы 45-64 жас аралығындағы 15 700 адамды бақылауға алған. Зерттеудің алтыншы жылында олардың 970-і өмір сүру салтын өзгертуге шешім қабылдайды. Олар аптасына 3 рет жаттығу жасап, күніне 5 және одан артық мәрте жеміс-жидек, көкөніс пайдаланып, темекіні тастап, салмақтарын азайтқан. Төрт жылдан кейін олардың арасындағы өлім-жітім өмір сүру дағдысын өзгертпегендерге қарағанда 40 пайызға аз екендігі анықталған. Яғни, өмірдің қай кезеңі болса да, салауатты өмір салты ұзақ өмір сүру мүмкіндігін арттырады.

 Осындай қарапайым қағидаларға сүйене отырып, бірқатар дамыған елдерде азаматтардың өмірін ұзарту шарттарын қалыптастыруға бағытталған ұлттық стратегиялар мен нақты мақсатты индикаторлар қабылданған. АҚШ-та «Дені сау адамдар 2010» мемлекеттік бастама ауқымында 635 мақсатты индикатор анықталған. Мәселен, 2010 жылы денешынықтырумен айналысатындар санын 80 пайызға арттыру, темекі тартатындарды 12 пайызға кемітіп, артық салмақтағыларды – 40 пайыздан асырмау сияқты мақсаттар қойылған. Оған қоса үнемі жеміс-жидек (70 пайыз) және көкөністі (50 пайыз) тұрақты пайдаланатындар санын өсіру бойынша да міндеттер белгіленген. Қазіргі таңда міндеттердің көбі орындалмағанымен, саяси жігер мен азаматтардың көпшілігінің ұзақ әрі сапалы өмірге деген құлшынысы байқалады.

  Ауырмаудың жолын іздеген ұзақ жасайды

 

Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ, «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицинасы орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

- Әр бір төрт түлік малдың өзіндік өмір сүру ортасына байланысты қабылдайтын түрлі шөптік, нәрлік тағамдары болады. Сол сияқты жер бетіндегі әр ұлттың, халықтың  өзіне ұқсас, өмір сүру салтына сәйкес табиғаттан алатын тағамдану ғұрпы бар. Ата-бабасынан келе жатқан гендік салт, денедегі қанның, организмнің қуат алуы сол тағамдарды қажетсінеді.Сондықтан еліміздегі жастарды, болашақ ұрпағымызды  қазақ халқының дәстүрлі тағамдарынан алшақтатпауымыз керек. Керісінше сол төрт түлік малдың етін, малдың жеген шөбі арқылы сіңетін сүттік  тағамдарды жиі қолдануымыз керек. Әсіресе жаз жайлаудағы биенің сүті, қымызы, әлсіздіктің алдын алатын ешкі сүті тағамдары, дәрумендері, жаз жайлауда өскен малдың жас еттері қуат береді.

 Ал қазір көше бойы «фастфуд» деп аталатын құнарсыз, қуырылған, ащы тағамдар даярлап, газдалған сусындарын беретін асханаларға толып кетті. Бұл тағдамдардың ешқайсысында адам ағзасына қажетті дәрумендер жоқ, тек зиянын ғана тигізеді. Қазақ: «Ас тұрған жерде – ауру тұрмайды» дейді. Солардың орнына адам ағзасына пайдалы өзіміздің бесбармақты даярлап, қымыз беретін орындарды ашып тастаса, бұл адам денсаулығының жақсаруына, өмірінің ұзақ болуына бірден бір себепкер болар еді.

 Ұлтымыздың дәстүріне, ғұмыр салтына қайшы қылықтардан арылу қажет. Мәселен, түрлі спирттік ішімдіктер ата заманнан қанымызға жат. Олардың ешқандай  дәрумендік қуаты жоқ, керісінше адамның  организмін улау арқылы адам ағзасын әлсіретеді. Әр түрлі дозадағы шылым түрлері, насыбай өз қызметін атқарып тұрған органдарды байлайды. Сол арқылы қан-тамыр, бауыр аурулары пайда болып, бұл ми, қан тамырларын қатайтып, миға қан құйылады, жастарымыздың арасында инсульт, инфарктың көбюіне себепкер болуда.

Саф таза ауа да - ұзақ өмір сүру кепілі. Салауатты өмір салтын сақтап, дене қимылымен шұғылданып, әсіресе көп ауруларды болдырмайтын, алдын алатын шараларға көп көңіл бөлген жөн. Жастарымыз күн ұзақ компьютердің алдында керексіз істермен айналысып,  уақыт өткізудің орнына таза ауада, табиғат аясында, өзеннін жағалауында көбірек демалып,организміне пайдалы істермен шұғылданғаны абзал. «Дені саудың – жаны сау» деп дана қазақ текке айтпаған ғой. Әрқашан дәрігерлермен кеңесіп, мамандарды дұрыс таңдап, ауырмаудың жолын іздеген адам ұзақ өмір сүруге қол жеткізе алады деп ойлаймын.

Араша-ақпарат

 

Әлем елдеріндегі Өмір сүру ұзақтығының деңгейі (2012 жылы жарияланған, 2010 жыл бойынша мәліметтер)

орын

ЕЛ

ӨМір сүру ұзақтығы (жас)

1

Жапония

83.6

2

Гонконг

83.0

3

Швейцария

82.5

4

Монако

82.3

5

Австралия

82.0

6

Италия

82.0

7

Исландия

81.9

8

Израиль

81.9

9

Сан-Марино

81.9

10

Франция

81.7

11

Швеция

81.6

12

Испания

81.6

13

Норвегия

81.3

14

Сингапур

81.2

15

Канада

81.1

138

Қазақстан

67.4

139

Боливия

66.9

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>