• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қанат Ислам: Мықтылармен ғана жұдырықтасқым келеді

16 Сентябрь, 201434308


- Қанат аға, елге қош келдіңіз. Сізді Алматыға келді дегенді ести сала, сұхбаттасуға асықтық. Елге айтар жаңалықтарыңыз көп шығар. 18-інші жекпе-жегіңізді жеңіспен аяқтағаныңыз құтты болсын. Өкінішке қарай, отандық арналардан көре алмадық. Шетелдің сайттарынан тауып алып тамашаладық. Қарсыласты 5 раундта тізе бүктірдіңіз. Бұл жұдырықтасуыңыз қаншалықты қиын болды?

- Бұл жекпе-жекке 3 ай дайындалдым. Қарсыласым осал боксшы емес. Тәжірибелі спортшы. Ашық жұдырықтаспайды. Аяқта көп қимылдайды. Өзіне сай әдіс-айласы бар. Жекпе-жек Колумбияда өтті. Колумбия Майамиден қарағанда биігірек жерде. Ауа райына үйрене алмай, сәл шаршаңқырадым. Бірақ, жекпе-жек мен ойлағандай өтті. Фидель Монтерросадан кейінгі қарсыластарым мықты болмақ. Енді мен, 12 раундтық жекпе-жектерде жұдырықтасамын.

- 12 раундқа қаншалықты дайынсыз?

- Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Сақадай саймын. Мен АҚШ-та ойнап жүргем жоқ. Бар күшімді салып дайындалып жүрмін. Мен үшін 12 раундтың еш қиындығы жоқ.

- Келесі қарсылас анықталды ма? Жекпе-жек қашан болуы мүмкін?

- Қарсыластар көп. Қазір бірнешеуімен сөйлесіп жатырмыз. Арасында менімен жұдырықтасудан бас тартқандары да болды. Бұйыртса, бір аптаның ішінде шешіледі.

- Жекпе-жектеріңізді еліміздегі телеарналар қашан көрсетеді?! Бұл туралы келісім шарт жасалып жатыр ма?

- Бұйыртса, келесі кездесулерімді көрсетеді. Сөздің ашығы, мен елге «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубымен келісім шарт туралы сөйлесуге келдім. Жақын күндері АҚШ-тан Нелсон Лопез де келеді. Екеуміз бірге Астанаға осы мәселе бойынша бармақпыз. Америкада жақсы промоутерлік компаниялар менімен жұмыс жасауға өтініш білдіріп жатыр, бірақ мен өз елімнің клубының атынан шыққанды қалаймын.

- АҚШ-тағы бір күніңіз қалай өтеді?

- Таңғы сағат 4:30-дан бастап 7:00-ге дейін таңғы жаттығу жасаймын. Негізі уақыттың көбі жаттығумен өтеді. Қазір отбасым қасымда. Бос уақытта балаларымның қасында боламын.

- Балаларыңыз бен жарыңыз АҚШ-қа үйренді ме?

- Олар АҚШ-та мен үшін тұрып жатыр. Олардың көз алдымда жүргені жақсы. Көңілім тоқ болады. Басында ауа райына сәл үйрене алмай жүрді. Қазір сол жердің тұрғыны сияқты өздерін жайлы сезінеді.

- Майамиде достарыңыз бар ма? Қонаққа барып тұрасыздар ма?!

- Промоутерімнің отбасымен араласамыз. Олармен көрші тұрамыз. Бірақ елдегідей емес. Ол жақта қазақ жоқ. Ет жемейсіз, шәй ішпейсіз дегендей (күліп).

- Сіздің промаутеріңіз Нелсон ағылшынша сөйлеседі, сіз қазақша сөйлейсіз. Бір-біріңізді қалай түсінесіздер? Әлде АҚШ-та жүріп ағылшынша үйреніп алдыңыз ба?

- Нелсонмен «Астана арландарында» жүргенде танысқанмын. Қазір бір-бірімізді 100 пайыз түсінбесек те 80 пайыз түсінеміз. Бос уақытымда ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Бұдан кейін жекпе-жектен соң ағылшынша сұрақтарға ағылшынша жауап беру керек болады.

- Майамиде қаншалықты танымалсыз?

- Қатты танымалмын деп айта алмаймын. Кәсіпқой бокста енді көрініп жүрмін. Әлі біраз уақыт керек.

- Қай боксшымен жұдырықтасуды армандайсыз?

- Менің салмағымда чемпиондар көп. Мен сол мықтылармен ғана шыққым келеді. Мықтымен шықсаң тәжірибең де артады. Мықтымен шықсаң мықты боласың. Мэйвезер, Пакьяо, Коттолармен жұдырықтассам деймін.

- Елде қанша уақыт боласыз?

- 2 аптадай осында боламын. Көп уақыт жүре алмаймын. Өйткені, жаттығуым қалып барады. Алда жарыс бар.

- www.kanatislam.com деп жеке сайтыңыз ашылғалы жатыр екен. Осы туралы да айта кетсеңіз.

- Өте қуаныштымын. Қазақ: «Өзіңді өзің сыйласаң жат жанынан түңілер» — дейді ғой. «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр» дейді деген сөз де бар. Өз өзімізді қолдамасақ, бізді кім көтермелейді. Мен тек қазаққа ғана керекпін. Мен америкалықтарға қызық емеспін. Мені сыйлап сайт ашып жатқан жігіттерге алғыстан басқа айтарым жоқ.

- Айтпақшы, аға бүгін туылған күніңіз ғой. Сәл болмағанда құттықтауды ұмытып кете жаздаппын. Алла өміріңізді берекелі етсін. Тек жеңісіңіздің куәсі болып жүре берейік. Қазақ елі сізді мақтан тұтады. Сізбен мақтанады. Әлемге қазақ атын шығара беріңіз. Қазақ жастары ғана емес, әлем жастары да сізге еліктеп өссін.

- Аумин, айтқаныңыз келсін! Рахмет, сізге де тек жақсылықтар тілеймін.

Сұхбаттасқан: Берік Сұлтан

P.S. Қанат Исламның жеке сайты жақында ашылады. Енді сіздер www.kanatislam.com сайты арқылы Қанаттың әр қадамын біліп отырасыздар.

bnews.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>