• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Әлемнің ең биік шыңдарын бағындырған жалғыз қазақ

06 Ақпан, 201515925


Мақсұт Жұмаев – жер бетіндегі ең биік сегіз мыңдық 14 шыңның бәріне шыққан, қосымша оттегін пайдаланбай, оларға «таза» өрлеген әлемдегі 14 адамның бірі. Он бес жыл бұрын шетелдік туристердің жүгін арқалаған қазақ баласы бір кездері «Жер тәжісіне» қол жеткізетінін, яғни әлемдегі барлық құзар шыңдарды бағындырып, дүниежүзіндегі әйгілі альпинистер қатарынан табылатынын білген жоқ.

Гималайға жол 

– Сіз жиырмадан асқанда пор­тер, былайша айтқанда, жүк тасу­шы едіңіз. Бірақ бірден Гималайдың сегіз мыңдық шыңына өрлеп, Қа­зақстанның альпинистер құрама командасына алындыңыз. Бұл не еді: сәттілік пе, дарын ба, әлде ген­нің мықтылығы ма? 

– Тауды алғаш Алматыға кел­генде көрдім. Студент кезімде жаз­да әпкеме Оралдан қонаққа келіп, жүк тасушы болып, ақша тауып жүрдім. Шетелдік турис­тердің жүктерін тауда арқалап жүретінбіз... Ал Гималайға шығуға келсек, кеңес дәуiрінде альпинис­тің шетелге экспедицияға шығуы сирек жағдай еді. Командаға өту үшін 10-20 жеті мыңдық шыңдар­ды алу керек болатын. Спортшы­ның кемінде спорт шебері дәре­жесі болуы тиіс. Ал 2000 жылы да бұл оңай шаруа емес еді. Қазірдің өзінде төменгі разрядтағы спорт­шының Гималай шыңына шы­ғуын елестету қиын.

– Сонда сіздің жолыңыз болға­ны ғой? 

– Сәтін салғаны рас. 1999 жылы америкалық альпинистер­мен жұмыс істеген кезде ең тө­мен­гі буын санатында – кіші пор­тер едім. Төрт спортшының ара­­сын­дағы ең жасы кішісі, білік­тілігі жағынан төмені болдым. Мен олармен жүрген кезде тек төрт мыңдық биіктікке шықтым. Бұл – лагерь орналасқан жер, тау­дың өзі емес. Сол кезде анам қат­ты ауырып, үйге қайтып кеттім. Сондықтан сегіз мыңдық шыңға көтерілу – мен үшін мыңнан бір ғана берілетін мүмкіндік еді. Сол сәт әлі есімде. Алматыда жарнама агенттігінде қарапайым менеджер едім. Кеңседе жиі қонып қала­тын­­мын. Сондай түндердің бірін­де альпинистердің бірі хабарла­сып, Гималайдың Шишабангма шыңы­на шығуға дайындалған екі қазақстандық альпинистің – біреуі тәжірибелі жаттықтырушы, екіншісі – спорт шеберінің аяқ астынан бара алмайтынын хабар­лады. Егер қаласам, жолымды өзім төлеп, америкалықтардың то­бына қосылуға болатынымды ескертті. Менің спорттағы дәре­жем – бар-жоғы 3-разряд. Ағыл­шын тілін де жөнді білмеймін. Жолға билет алар ақшам да жоқ. Бірақ барғым келді. Бірден тегін таратылатын газеттерді ақтарып, компанияларға хабарласып, кө­мек сұрай бастадым. Ақыры қазір бар-жоғы белгісіз шағын фар­ма­цев­тикалық фирманың басшысы, өзі бұрынғы спортшы жолыма қа­ражат беруге келісті. Тіпті бұл ақша альпинистердің ескі бә­тең­­кесін сатып алуға да жетті. Ке­йін көп жылдар өткеннен кейін командадағы бір жігіттер Гима­лайға баруға құқым бол­ма­ғанын, өйткені сол кездегі дайын­ды­ғым­ның төмендігін еске салды. Әри­не, Гималайға шығу – «күн астын­дағы Күнекей қыз» немесе «ақ боз ат мінген ханзада» ертегісі емес.

– Қалай болғанда да, сол кезде басыңызды бәйгеге тіктіңіз ғой? 

– Неге бара жатқаныңды біл­меген де жақсы. Қауіп-қатерді дұ­рыс бағалай алмайсың. Үш аме­ри­калықтың артынан еріп, тауға өрмеледім, қайта-қайта артта қала бердім. Өйткені дайын­дығым, тәжірибем олардай емес еді. Шыңға жақындай бергенде, қи­налып кеттім де, үлкен мамық­тан жасалған сырт киімімді ше­шіп, жолда белгіленген жерге тастай салып, әрі қарай жеңіл күр­тешемен кеттім. Қазір дәл солай ешқашан жасамас едім. Өйткені егер сырт киімімді жел ұшырып әкетсе, оны қайта таба алмай, 3-4 сағатта суықтан мерт болуым мүмкін еді. Қазақстанның туын бүктеп, жан қалтама салып, әрі қарай өрмелей бергенім есім­де. Шыны керек, әбден шарша­ға­ным сонша, шыңға шыға са­лып, қайта бұрылып, төмен түс­тім. 

– Сонда шыңнан айналаңызға қараған да жоқсыз ба? 

– Қайдағы қараған? Маған ол кезде биіктік шегімді білу маңыз­ды еді. Өйткені тәжірибе және дайындықтан өзге альпинистің шығар биігі болады. Мәселен, қан­­ша дайындығы мықты, тә­жіри­бесі мол болса да, кейбір альпинистер алты, жеті мыңдық биіктерден аса алмайды. Өйткені организм «тоқта» дейді. Ол ауы­рады, демігеді, құлайды. Кейін Гималайдан оралған соң дәрігер­лердің тексеруінде болғанымда, олар денемнің гипоксия (оттегі жетіспеушілігі) жағдайына бейім­делгіштігі феноменді дәрежеде екендігін айтты. Яғни бұл – туа біткен қасиет. Оны жұмыс істеу арқылы дамытып отыру керек. 

– Сонда тау сіздің маңдайы­ңыз­ға жазылған ғой? 

– Тағдыр, карма, тағы бірдеңе деп айтуға болады. Бірақ жатты­ғусыз ешқандай өсу болмайды.

– Сізді Сырым Датұлының ті­ке­лей ұрпағы дейді. Батырлық, лидерлік геніңізде бар шығар...

– Егер менің бойымдағы ли­дер­лік қасиеттер болса, әкемнен берілген болар. Әкем аудан бас­қарған, абыройлы азамат еді. Бар тапқан ақшасын кітапқа, біздің білім алуымызға жұмсады. Жеке­меншік көлігіміз де, үйіміз де бол­ған жоқ. Ешқашан дүние жи­маған, өз жұмысына адал адам еді.

– Әке-шешеңіз сіздің қазақтар үшін жат сала – альпинизммен ай­налысқаныңызға қалай қарады?

– Құптаған жоқ. Бұл баласын соғысқа жібергенмен тең. Жат­тық­тырушы да, командадағы жігіт­­тер де, сақтандыру компа­ния­­лары да альпинистің үйіне аман-есен оралатынына кепілдік бере алмайды. Біз ешқашан өмі­рімізді сақтандырған емеспіз. 2005 жылы Пәкстанда «тірідей көмілген кезімізде» үйдегілер қандай күйге түсті?! «Батарейка» өшіп, күшті дауылға тап болып, үш күн із-түзсіз жоғалып кеттік. Бізге тікұшақ, құтқарушы брига­даны жібермекші болды. Жаттық­тырушының жүрек талмасы ұс­тап, қатты күйзелді. Ол «жігіттер тірі қалса, қалды, қалмаса, жоқ» депті. Сол бір сәтті ұмыта алмай­мын. Есіме алсам, көзіме жас келеді. Жаз кезі еді. Қайтар жолда Карачиде бір тәтті нәрсе жеп, қатты уланып қалдым. Тіпті жап-жасыл болып кеттім. Әбден қа­жып, әлсіреп, үйге әрең оралдым. Ұшақтан бірінші болып түсіп келе жатқан кезде алыстан қарсы алып тұрған адамдардың арасынан әке-шешемнің жүзін көргенде, жүре­гім лүпілдеп, қатты толқып, терең тебірендім. Аман-есен жеткеніме қуанып, жыладым.

Тәуекелдің құны – адам өмірі 

– Альпинист үшін тосқауыл көп: күн өтіп кетуі, суықтан қатып қалуы, аяғы сүрініп, төбеден тас тү­суі мүмкін. Ал шынайы қатерді, яғни ажалдың «демін» сезінген кезіңіз қайсы? 

– Үнемі. Альпинизм – ең қатерлі спорт түрі. Спортшылар арасында қайтыс болу көрсеткіші өте жоғары. Мәселен, 1991 – 2011 жылдар аралығында 14 сегіз мың­дық шыңдарға шығу бағдар­ла­масын орындауға қазақстандық альпинистердің үш буыны қатыс­ты. Сондағы 50 адамның оны ара­мызда жоқ. Барлығы тауда көз жұмды. Бұл нені білдіреді? Аль­пи­низ­мде тәуекелдің құны жоға­ры: ол – адамның өмірі. Көп жағ­дай маңызды: ауа райы, адамның ден­саулығы, дайындығы, отте­гінің жетіспеушілігі, адам төзгісіз суықтық, үрейлі желдер, тастың домалауы, қар көшкіні, коман­да­ның дайындығы, қасыңдағы адам­­дардың сенімі. Мәселен, альпинистер арасында «жолдасың үшін өміріңді қиюға даярсың ба?» деген де сауал бар... Біз тәуекелді дұрыс қабылдаймыз. Неғұрлым жақсы жаттыққан сайын соғұр­лым экспедициядан аман оралуға мүмкіндік мол. Нашар жаттығу – отбасын ғана емес, команданы да тығырыққа тіреу. Командада әлсіздер болмауы тиіс. 

– Сіз түрлі қиын жағдайларға тап болдыңыз, таудың басында най­зағай ұрды, үш күн тау басында адастыңыз, талай жарақат алды­ңыз. Кері қайтпай, жолды жалғас­ты­ру үшін не істейсіз? Қорқыныш­ты қалай еңсересіз?

– Міне, мынандай бес әріп бар: ҚАЖЕТ. Қорқыныш болса да, қажет.

– Соншама тәуекелдің бәрі неге қажет?

– Өйткені ішкі мақсат бар. Оны белгілі бір есеппен түсіндіру қиын. Қажет болған соң, басқа нәрсені жауып тастайсың. 

– Қорқынышты да ма?

– Қорқыныш үнемі бар. Ме­нің жаттықтырушым, әйгілі аль­пинист Ерванд Ильинский бір жолы парашют спорты жаттық­тыру­шысымен кездесіпті. Сонда ол парашютистердің тәуекелге ба­ратынын, 3 мың шақырым тө­менге құлдилап секірудің қорқы­ныш­ты екендігін айтыпты. Ал біздің жаттықтырушы: «Секірер алдында бір рет қорқу қиын ба, әлде құзар шыңға шығып, қайта лагерьге оралғанша бір ай бойы әр сағат сайын қауіпті сезіну қиын ба?» деп сұрапты. Альпи­нист айлап ішкі арпалыста, ішкі ширығуда жүреді. Жылдап жат­тығып, енді тауға шығып бара жат­қанда, мәселен, 2006 жылы Дхаулагири шыңына 100-200 метр қалғанда қалың қар жауып, ай­нала бұлыңғыр тартып, оған қоса найғазай ұрғанда, «мұның барлы­ғы қажет пе?» деген ой келді. Қа­жет. Өйткені келесі жолы демеу­шілер жолға ақша тауып бере ала ма? Денсаулық қайта сапарға шығуға жарай ма? Отбасы жібере ме? Әр кез сайын бәрі бәске тігіледі. 

– Қалай болғанда да, тәуекелге барғанда бойда қан ойнап, шаттану сезімі болатын шығар?

– Бәрі шартты түрде. Түсінесіз бе, альпинизм – біздің өміру сүру салтымыз. Егер бір нәрсені жа­са­саң, оны шын жүректен жасау маң­ызды. Әркімнің жұмысынан алар пайдасының өз өлшемі бар: ақша, атақ, абырой. Ал енді біреу бақытты адам болу үшін іс жасайды, тәуекелге барады. 

Тамырын тереңге салған биікке қарай өседі

– Сізбен кездесуге келе жат­қан кезде тау туралы мақал-мә­тел­дер, нақыл сөздер есіме түсті. «Таудай бол!», «Тауы шағылма­сын!», «Ас­қар тау алыстан көрі­неді», «Таулы жердің қыраны көп»... Тауды сон­шама дәріптеген қазақ оны жақсы көрген ғой?

– Тауды түсінген. Мәселен, «Хан Тәңірін» қастер тұтқанда, оның Қазақстанның ең биік нүк­тесі екенін білген жоқ қой. Бірақ аймақтағы асқар тау! Нарынқол жақтан келе жатқанда тіс сияқты ақсиып, күн батқанда қан қызыл түске боялады. Өте әдемі, мықты тау! Гималайда тұрған үнділер, непалдықтар «таудың басында Құдайлар өмір сүреді, олардың шырқын бұзуға, шыңға шығуға болмайды» деп айтады.

– «Жамандық – аяқ астында, жақсылық – таудың басында» деп те қазақ тегін айтпаған ғой...

– Таудың басында не жақсы дейсіз ғой? Онда Құдайға жақын­дық бар. Онда өзіңді адам емес, көктің тұрғынындай сезінесің. Әрине, бір сәтте көзің ашылып, көктен нұр төгілгендей болмайды. Бірақ сана астарында бір нәрселер шоғырлана береді. Өмірде бір елеу­лі биікке қол жеткізген дос­тарым, таныстарымды алып қара­сам, олардың көбі – рухани жа­ғы­нан мықты адамдар. Альпи­нистерде басқалар үшін адам төзгісіз жағдайларға, тұрмыстық келеңсіздіктерге жеңіл қарайтын бір ерекшелік бар. Біреулер жазда – «ыстық», қыста «суық» деп жа­та­ды. Біз бір жұтым суды, жылу­ды, күнді бағалаймыз. Қарды ері­тіп, ыстық сумен өмірімізді сақ­тай­мыз. Айлап экспедицияда жуынбай келіп, үйде жылы суға түсіп, таза төсекке жатқан кезде ерекше рахатқа бөленіп, шырт ұй­қыға кетеміз. Бізде өмір сүр­генің үшін, жақындарың қасыңда бол­ғаны үшін бақытты болу сезімі бар. Әркімнің өз майданы – өзін­де. Қалай өмір сүрудесің? Өмірден ләззат аласың ма? Бақыттысың ба? Егер бақыт­сыз болсаң, тауда нең бар? Өзін-өзі бақытты етпе­генді ешкім ба­қытты ете алмайды. Әркім осы өмірде өз қадамын жа­сауы керек. Маған оны айту оңай. Өйткені мақтан тұтар жетістік­терім бар. Олар мені таулардан да биік мақ­саттарға жетелейді. Мені ауылда кезінде өзім сияқты қора тазалап жүрген бала естісе деп армандай­мын. Оның өзіне деген сенімін жоғалтпауын тілеймін. 

– Сіз соңғы сұхбатыңызда тау­ға шығуға қазақ болғаныңыз сеп болғанын айтыпсыз. Бұл рас па?

– Иә, менің кейінгі сұхбатым­да.. Соңғы деуге болмайды. Жа­маншылықты шақырмайық. 

– Сіз ырымшылсыз ба? Тұма­рың­ыз да бар шығар? 

– Иә, сондаймын. Бәрі де бар. Тақырыпқа келсек, орыстардың альпинизмде көбірек екені рас. Бірақ оларды шаң қапты­рып кету ойым болған жоқ. Бұл жерде мә­се­ле – басқа. Қазақ екен­­дігім жә­не осы іспен айна­лысқандығым қамшылап отырды. Менде алғаш­қы қазақ атану сияқ­ты менмендік те болған емес. Қо­лымнан бұл іс келетінін біл­генде қуандым. Мақ­тан тұттым! Бала­лық шағымда бір оқиға болған. Бірінші сыныпты үздік бітірген кезде, біреулер мақ­тау қағазын әкем ауданның пар­тия комите­тінің бірінші хатшысы болған соң алғанымды айтты. Сол күні мақ­тау қағазын өртеп, енді оқу озаты болмауға серт бердім. Спортта да сегіз мыңдық шыңға шығу экспедициясына титулды ұлттың өкілі болғаным үшін алынға­ным­ды айтқандар табыл­ды. Әрине, бұл менің көңіліме келді. Сондық­тан үнемі өзіме және командаға жайдан-жай алын­бағанымды дә­лел­деуге ты­рыс­тым. Бүгінгі күнге дейін солай істеп келемін. Ал қа­зақ болып өмірге келгеніме риза­мын. 

– Сонда қалай?

– Мені жақында Қазақ ханды­ғының 550 жылдығына арналған спорттық жиында еліміздің абы­рой­лы азаматтарымен қатар тұ­рып, сөз сөйлеуге шақырды. Мен біреуге ақыл айтатындай сонша кіммін? Білетінім: адам қайықты алып, ашық мұхитқа шығуы керек. Содан кейін сол әлемге сіңісу... Жер шарының ең үлкен сахараларын жалғыз өзі жүгіріп өткен Марат Жыланбаев солай істеді. Ол – әлем адамы. Мен де сол әлемге сіңістім. Бірақ бойым­дағы нөл бүтін, миллиондаған бір түйір бөлшек – қазақтығым қал­ған пайыздарды жеңіп, оралдым, қазақ екенімді мақтан тұттым. Катмандуда тибетше амандас­қан­да, Альпi дүкендерінде «кәріс­сің бе, әлде жапонсың ба?» деп сұра­ғанда үнемі «Қазақпын!» деп жауап беремін. Әлемге өзімнің қазақ екенімді мақтанышпен көрсете аламын. Әркім құрметке ие. Бәріміз бір клеткадан жа­ралған Жердің баласы екенімізді түсіне­міз. Соны біле тұра, қазақ екеніңді ұмытпау... Мұны Қазақ­станда туып-өсіп, осы жерде тұр­ған кезде толық сезіну қиын. 

Ауылда жүрген қазақ баласы мені не басқа біреуді емес, өзін мақтан етуі тиіс. Спортшыла­ры­мыз олимпиада медальдарын ал­ған­да ғана қазақ екеніңді мойын­дау керек емес. Қазақстан туын жоғары көтеруді де патриоттық деп санамаймын. Өзіңді қазақ сезініп, өз ісіңді бәрінен де жақсы істеу – патриоттық. Не істесең де, киім тік, адам емде, басқалар ісіңе дән риза болып, шын ниетімен «рақмет!» десе, осы – патриоттық. Сонда адам өз жеріне, қоғамға, ұлтына қажеттігін түсінеді. Базар­дан «Қазақстан құрамасы» деген жазуы бар куртканы сатып алу – бір бөлек, ауыр жаттығу арқылы Қазақстан құрамасына еніп, олимпиада ойындарында алтын медаль алу – екінші басқа. Тоқтар Әубәкіров үлкен өмірлік жолдан өтіп, ғарышқа ұшты. Ол ұлттың ұрпақ жалғастығын жақсы түсінді. Осыны 550 жылдықтың менің ойымша, одан да көбірек жыл­дар­дың, мәнісін, ұрпақ арасындағы тарихи байланыстың бар екенін шын жүрегімен ұғыну маңызды. 

– Дәл қазір қазақтың мақтан тұтар несі бар?!

– Қазақтың баласы болғанды­ғы, ата-бабамыз қазір Қазақстан деп аталатын осы жерді сақтап қалғаны – мақтаныш. Несие алып, өз күшімен үй салса да, ол да – табыс. Менің астымдағы ма­ши­намнан өзге ештеңем, менші­гімде ұлтарақтай жерім де жоқ. Бірақ қазақтың бүкіл жері – менікі! Оны ешкімге бермеймін! Оған ауыз салғысы келетіндердің желкесін үзуге даярмын. Өйткені оның құнын жақсы білемін. Оны менің бойымдағы аталардың рухы айтады. Қазақтар үшін атамекен, әулет, отбасы – ең қастерлі ұғым­дар. 

Кейде әйелім: «Саған осы бас­қалардың не айтқаны маңызды», – дейді. Оған: «Бұл – ме­нің қа­нымда бар. Қазаққа елдің не ай­татыны маңызды» деп жауап бе­ре­мін. Мен оны кемшілік деп қабылда­май­мын. Бұл – менің жараты­лы­сым, ұлтыммен өзімнің тоғы­суым­ның, бірлігімнің көрі­нісі. Ме­нің патриоттығым – осында шығар. 

Үй салғым келеді. Өйткені екі балам бар, үшіншісін күтіп отыр­мыз. Тамырын тереңге салған биікке қарай өседі. Адам тауда тұрып, үлкен мақсаттар қойып, өзі содан қорықпағанда тағдыр соған жетуге мүмкіндік береді. Егер қажет десең, қажет! Өз кү­шіңді әлемді, қоғамды, еліңді өз­гертуге жұмсау... Менің де бала­ларым осы елде бақытты өмір сүргенін қалаймын. Адамдар от­ба­сымен, жерімен, тарихымен үйлесімді тіршілік кешкені абзал. Біз жақсы ұлтпыз! Ешкімнен кем де, артық та емеспіз. Өйткені бәріміз бірдейміз. Бірақ біздің өзгешелігіміз де бар: көзіміз қы­сың­қы, қазақ тілінде сөйлейміз, өз тарихымыз бар. Қанымыз бен генімізге құлақ салуымыз керек. Дәл қазіргі таңда әлемге қазақ екенімізді көрсетуіміз маңызды. Ең бастысы, мен өз мақсаттарыма, армандарыма сенемін. 

– Таулардан да биік арманда­рыңызға ма?

– Ессіз сенемін. Өміріме се­немін. Өмір жолымда жеңіл, ер­кін қадам жасаймын. Ең бірінші адам өзін құрметтегені абзал. Өзіңді түкке тұрғысыз бейшара санайсың ба, әлде ұлы адам, ұлы қазақ сезінесің бе? Сәкен ағам маған: «Қазақтың ұлы баласы» дейді. Оған айтамын: «Ұлы қазақ­тың ұлы баласы». Егер өзімізді ұлы, кеңпейіл, рухы жоғары ұлт санасақ, солай болады да.

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>