• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Сәби тағдыры ойыншық па, әлде бизнес көзі ме?

21 Желтоқсан, 201217640


«Ел болам десең бесігіңді түзе, алдымен әйелдің жағдайын түзе» - деп заңғар жазушы М.Әуезов айтқан екен бір сөзінде. Расында, бар жақсылықты сәбилер мен аналарға жасамағанда кімге жасаймыз? Сол сәбилердің құқығын қорғау мақсатында 2002 жылы 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы бекітілген болатын. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы осындай бірқатар жетістіктерге қарамастан, балалардың құқықтары бұзылып жатқын кездері де баршылық. Қазіргі таңда бала құқығын қорлау саласындағы басты мәселелер-сәби өлімі мен саудалануы болып тұр.

 «Время» газетінің хабарлауынша, өткен аптада «Бақай» ықшам ауданының тұрғыны, 7 айлық сәби көтеріп жүрген келіншекті толғақ қысып, дәрігерлер келгенше босанып үлгерген. Бірақ, дәрігерлер нәрестені өлік деп тауып, оны сүлгіге орап пакетке салып қояды. Баланың анасы перзентханада тіркеуден өтіп жүргенде сүлгіге оранған сәби пакеттің ішінде жатқан көрінеді. Дәрігерлер пакетті әкесінің қолына ұстата салып, ананың қамын қамдап жүргенде әкесі сәбидің тірі екендігін анықтайды. Кейін бұл жайттың арты одан бетер өрши түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалуда. Қазір сәби де, оның анасы да аман-есен. Иә, бұл жағдай сүттей ұйып отырған қазақ қоғамындағы бірінші рет болып отырған жоқ. Осы уақытқа дейін елімізде дәрігерлердің жіберген өрескел қателіктері көптеп кездеседі. Мысалы,  былтырғы жылы Тараздағы «Сенім» перзентханасындағы, «Үміт» балалар үйінің директорының сәби саудалау фактілері тіркелген болатын. Олар аталған перзентханада туылған сәбиді 6 мың АҚШ долларына сатпақ болған жерінен құрықталған еді. Бірінен соң бірі орын алып жатқан жайттар болашақ аналардың үрейін туғызатыны - шындық. Жергілікті халық Тараздағы перзентханаларды мазарларға теңей бастаған көрінеді. Былтырғы жылдың өзінде перзентханада төрт бірдей ана өмірімен қош айтысқан. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда едәуір көбейіп кеткен. 2010 жылдың көрсеткіші бойынша, республикадағы сәби өлімінің көлемі 1000 балаға шаққандағы 16,8 болып отыр. Яғни, Қазақстан бала өлімі жөнінен 54 орынды  еншілеп тұр.

 «Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің» 134 бабы бойынша, әдейілеп бала алмастыру 200-500 айлық еңбекақымен немесе 2 жыл бас бостандығынан айырумен ғана шектеледі. Баланы басқа да арам пиғылмен алмастыратын болса, 3-7 жылға бас бостандығынан айырады екен. Осыған бір мысал келтіре кетейін. Естеріңізде болса, 2009 жылы Атырау облысы, Жылыой аудандық перзентханада орын алған «Бала ауыстыру ісі» барлық баспасөз құралдарында қызу талқыланған болатын. Жаңа Қаратон поселкесінің тұрғындары С. мен Н. үшін бұл көптен күткен сәби болатын. Торсықтай екі баланы дүниеге әкелген анаға бала туу барысында қиындықтар болуы мүмкін деген ойлар басына кіріп те шықпаған еді. Екі ұлдан кейін араға 15 жыл салып, қыз балалы боламын деп жүрген ананың қуанышында шек болмаған. Перзентханада ананың тууы барысында көп қан жоғалтып, бірнеше күн ес-түссіз жатады. Кейін есін жиған сәтте дәрігер сәбидің өліп қалғандығын айтып, баланың өлігін береді. Арада біраз уақыт өтіп, бұған сенбеген ата-аналар өлікті экспертизадан өткізуді талап етеді. Сәбидің әкесі дүниеге қол-аяғы бүтін тірі қыз туылғанына сенімді болған. Ал дәрігерлер оларға жерлеуге өзге сәбиді беріп жіберген. Экспертиза расында С. мен Н. сәбидің биологиялық ата-аналары  еместігін растады. Сонымен қатар, өліктің қыз бала емес, ұл болып шығуы барлығын дүр сілкіндірді. Ата-аналардың өз сәбилері қайда және олар кімнің баласын жерледі? Бұл сұрақ әлі де өз жауабын таппады.

Cәбиді саудаға салу - қылмыстың ең ауыры және сорақысы. Қазіргі таңда біздің сәбилеріміз азық-түлік секілді нарықтағы ең өтімді тауарға айналып бара жатыр. Не десек те шырылдаған шарананың сатылуына немқұрайлы қарамауымыз қажет. Бәрін айт та бірін айт, «ақ халаттылардың» мұндай қылмысқа неліктен баратындығы таң қалдырады? Жыл сайын денсаулық сақтау ісіне мемлекеттен қыруар қаржы бөлініп жатыр. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ соған қарамастан бизнестің  басқа да көздерімен ақша табуды ойлап жүрген дәрігерлер өздерінің басты міндеттерін ұмытып кеткен секілді. Болашақ аналар перзентханаға қалайша қорықпай бара алады? Сәбиді дүниеге әкеліп, есін енді жиғанда перзентінің көз алдында аман-сау тұратындығына кім кепіл бола алады? Не десек те, дәрігерлеріміз Гиппократ антына берік болып, қасиетті ақ халаттарын кірлетпесе екен!

 Шаттық Ашықбаева

 

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>