• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Ескі салттың құрбандары ма, әлде арманына жеткен арулар ма?

07 Ақпан, 201314430


Жақында ғана құрбымнан бір жаңалық естідім. Сөзін тыңдап, не айтарымды білмей абдырап қалдым. Өзінен екі-ақ жас үлкен әпкесін алып қашып кетіпті. «Әпкемді қимай отырмын. Тұрмысқа  шығуын сұрап бір досы келіп жүрген. Ол ата-анама да ұнап қалған. Дегенмен, әпкем оны сүймейтін сияқты...»-деп  қобалжып тұр еді.    

 «Тойдың болғанынан, болары қызық»-дейді қазақ халқы. Бүгінде үйлену тойы ең қуанышты мерекелік күннің бірі. Ақ көйлек киген жаңа келінді кішкентай баладан, еңкейген қарияға дейін көруге асық болатыны сөзсіз. Үйлену той демекші, қазақ халқында ертеден келе жатқан салт-дәстүрлерді саусақпен санауға келмейді. Мысалы, қыз ұзату, атастыру, қыз алып қашу, әмеңгерлік және т.б. Той  қашанда қуаныш, бақыт алып келеді. Дегенмен, соңы бақытсыздықпен аяқталатын салт-дәстүрдің біріне «қыз алып қашу» жатады.

         Салт-дәстүр бойынша балаларын ата-аналары дүниеге келгеннен атастырып қойған немесе қыздарын бойжеткен шағында қалың малға сатқан. Бірақ, кейбір жігіттер ғашық болған қызын ата-анасының рұқсатынсыз алып қашқан. Сол кезеңдегі қалыңдықты алып қашудың басты себебі- басы бос қыз болмаған десек те болады. Сол себепті, жас жігіттер мұндай жағдайға мәжбүр болған. Осылай Қалқаман Мамырды, Кебек Еңлікті алып қашқан болатын. Десек те, оқиғалардың соңы бақытсыздықпен аяқталады. Осы жерде айта кетсек, «қыз алып қашу» дәстүрі екі ғашықтың ортақ келісімінің нәтижесінде жүзеге асқан.  

Бүгінгі күні осы дәстүрдің жаңғырғаны болмаса, ұмыт қалып отырған жоқ. Қызды алып қашудың негізгі себебі-екі жақтан жұмсалатын қыруар қаржыны азайту мақсатында. Айталық, қалыңдық «ұзату тойын» жасамайтын болса, жігіттеріміз қалыңмал төлеуден құтылады.

Қыз алып қашу еліміздің Оңтүстік өңірлерінде кеңінен таралған. Жігіттеріміз бір қызды сырттай ұнатып қалса, баса көктеп алып қашып кете береді. Қаракөз аруларымызды үйінде алып қалу үшін  әжейлерін босағаға жатқызып қояды екен. Ал қыздарымыз ақжаулықты анадан қалай аттап кетсін? Бұл қазақылыққа жатпаған соң, еріксіз сол үйдің қабырғасында қалуға мәжбүр болады. «Қызға қырық үйден тыю» деп, қазақ халқы қыздарын жастайынан үлкенге ізетті болуды бойына сіңірген. Бүгінде, қыз баласын кінәлауға да болмайтын шығар. «Барған жерімнен қайтып келсем, ел арасында өсек тарап, ата-анама, құрбы-құрдастарыма қай бетіммен қараймын» деп намыстанып, өзге бір үйдің отынын түтетуге тура келеді.  

   

Бірақ, қазіргі қоғамда «қыз алып қашу» туралы әр түрлі пікірлер айтылатыны рас. Бірі бұл дәстүрді жақтаса, бірі қарсы шығып жатады. Бұл біздің салт-дәстүрімізде болмаған, бұл неғылған жабайылық, көргенсіздік деген сөздер жиі айтылады. Оған қоса, қыз бала алып қашқан жігіттің үйінде қалмаймын деген жағдайда, қарғысқа ұшырайды десіп жатады. Бірақ, бүгінгі қыз алып қашқан «батырларымыз» «бұл дәстүр ғой» деп ақталып шыға келеді.  Біле білсек, бүгінгі қоғамымызда қыз алып қашудың бірнеше түрі бар. Бірі екі жастың ортақ келісімімен болса, екіншісі заңға қайшы түрі-«басып алып қашу». Яғни, осы екінші түрін қыздардың тағдырына балта шабу деп түсінген жөн. Себебі, соңғы жылдары бұндай заң бұзушылықтар жиілеп бара жатыр. Үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап айырқалпақты көршілерімізде «қалыңдық ұрлауға» қарсы жиындар, наразылық акциялары жүріп жатыр. Себебі, бұл елде жылына 15-16 мыңға жуық қызды өз еркінен тыс алып қашады екен. Естеріңізде болса, Қырғызстанның Қарақол қаласында 200-ге жуық адам акция ұйымдастырып,  Венера мен Нұрзат есімді студент қыздардың ескі салттың кесірінен өздеріне қол жұмсағандығын сөз еткен болатын. Қырғыз елінде «қыз алып қашу» қылмыс болып табылып, мұндай қылмысқа барған адам үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айырылады. Азаматтардың көпшілігі қалыңдық алып қашуды салт санап, мұндай қылмыстар әлі де толастар емес. Себебі, Қырғызстандағы тұрмыс құрған әйелдердің 68-75 пайызы осындай жолмен некелеседі екен.

Шешенстанда қыз ұрлаушыларға 5 млн теңге айыппұл салынады  екен. Ал ислам елдерінде «қызды алып қашу» заңмен қатаң қудаланып, олардың қол-аяғын шауып тастайды. Біздің елімізде аталмыш қылмысқа қандай жаза қолданылатынын көрейік. Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша «қыз алып қашу» адам ұрлаумен теңестіріледі. Адам ұрлаушы төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қыз алып қашуға көмектескен сыбайластар да жазасыз қалмайды. Бұл баптың екінші тармағында олардың барлығы да қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп көрсетілген.

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөздің жаны бар. Бүгінгі таңда жастарымыз көп ойланбастан, сүйдім-күйдім деп шаңырақ құрып жатыр. Дегенмен, махаббаттары көпке шыдамай, ажырасып кетіп жатқандары қаншама? Сондықтан, өмірдегі осындай маңызды қадамдарды атүсті жасамай, ата-ананың құптауымен қабылдағандары дұрыс болар.

Қазақтың әрбір қызы бірінің қарындасы, бірінің әпкесі, түбі бір шаңырақтың анасы болатынын ұмытпағанымыз абзал. «Қаумалаған қарындас-қазақта бар да, менде жоқ» деп Махамбет батыр жырлаған еді. Ендеше, ХХІ ғасырдың қоғамында осындай ескі салтпен мәпелеп өсірген қызыңызды, еркелеген қарындасыңызды  алып қашып жатса, қалайша көніп отыра бермексіз?

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, «қыз алып қашу» қазақтың салт-дәстүрі болғанына қарамастан, оны басқа арнаға бұрып, өзіндік мақсаттары үшін пайдаланып жүрген азаматтар тиісті жазаларын алып, қазіргі қоғамға сай өмір сүргеніміз жөн.

 Ашықбаева Шаттық 

 

 

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>