• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ЕО басшылары Энергетикалық одақ құруға келісті

19 Март, 201512633


Бұл жаңа институт үшінші елдерден келетін мұнай импортына Еуроодақ экономикасының  тәуелділігін төмендету және ЕО ішінде энергетикалық тиімділікті арттыру мақсатына да қызмет етеді. Бейсенбі күні Еурокеңес  жиналысында Еуропалық одақ елдерінің басшылары Энергетикалық одақ құруға келісті. 

Еуропалық кеңестің қаулысында көрсетілгендей Энергетикалық одақтың қызметі бес қағидаға сүйенетін болады: «энергетикалық қауіпсіздік, қатысушы елдердің арасындағы ынтымақтастық пен сенім; ЕО энергетикалық нарығының толықтай интеграциясы; энергия қуатын тұтынуды азайтуға мүмкіндік беретін энергетикалық тиімділік; экономиканың көмірсутектік тәуелділігін азайту; ғылыми зерттеулер; инновациялар мен бәсекеге қабілеттілік.

Сондай-ақ, құжатта еуропалық басшылар бірыңғай энергетикалық нарық шеңберінде алдарына қойған нақты мақсаттары келтірілген.

Солардың арасында: одақ ішінде энергия тасымалдау үшін елдер мен өңірлер арасын жалғайтын жеткіліксіз инфрақұрылымдық қатынас құрылысы; ЕО кірмейтін елдерден электроэнергия сатып алу келісіміне қол қою кезінде ЕО заңнамаларын қатаң сақтау, сондай-ақ коммерциялық келісім-шарттардың құпиялығы кезінде бұл келісімдердің толықтай ашықтығын қамтамсыз ету; атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарды азайтуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды жасау, қайта өңделетін энергетиканы дамыту; көбейіп келе жатқан ірі энергия сатушы және транзиттік мемлекеттермен серіктестік қарым-қатынас орнату.

zn.ua


<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>