• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

03 Май, 20159134


Осы аптада Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта Қазақстан президенті болып сайлануына байланысты өкілеттігін доғарған үкімет қайта жасақталды. Министрлер кабинетінде еш өзгеріс жоқ.

Елбасы ұсынысымен, мәжіліс депутаттарының қолдауымен Кәрім Мәсімов қайта еліміздің премьер-министрі болып тағайындалса, қалған министрлер де жылы орнын суытқан жоқ.

Айта кетерлігі, елбасының бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияны премьер-Министр Кәрім Мәсімов басқарады, ал оның орынбасары президент әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин болады.

Сонымен қатар кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі жұмыс тобын Президенттің көмекшісі Ерлан Орынбаев, заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын президент әкімшілігі басшысының орынбасары Т.Донақов, экономика мәселелері жөніндегі жұмыс тобын ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, біртектілік және бірлік жөніндегі жұмыс тобын президент әкімшілігі басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын парламент мәжілісінің төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева басқарады.

Мұнан бөлек, комиссия құрамына шетелдік консультант ретінде “Назарбаев Университеті” АБҰ президенті Ш.Катцу кіріп отыр.

Ел өңірлерінде де бірен-саран тағайындау орын алды. Атап айтқанда, Құлышева Гүлнәр Ержейқызы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Тағайындалуға дейін “Астана қаласының мамандандырылған сәбилер үйі” ММ бас дәрігері болып еңбек еткен.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының да басшысы ауысты. Бұл қызметке Ерлан Тоқтарұлы Масалимов келді.

Ал Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінде бірқатар кадрлық алмасулар орын алды. Атап айтқанда, Қарағанды қалалық ТЖБ бастығы болып бұдан бұрын Балқаш қалалық ТЖБ-ны басқарған өртке қарсы қызмет полковнигі Азамат Балмағамбетов тағайындалды.

Өз кезегінде, Балқаш қалалық ТЖБ бастығы болып бұдан бұрын Абай аудандық ТЖБ-ны басқарған өртке қарсы қызмет подполковнигі Алексей Баринов кірісті. Ал Абай ауданына Саран қалалық ТЖБ басқарған өртке қарсы қызмет майоры Бауыржан Хабдулин бастық болып келді.

Соңғы тағайындау, «KEGOC» АҚ акционерлері жылдық жалпы жиналысында компания директорлар кеңесінің төрағасы болып Қуаныш Бектеміров сайланды. Қ. Бектеміров 1970 жылы Алматы облысында туылған. Түрлі кезеңдерде «Астанаэнергосбыт» ЖШС бас директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, «Қазгидромет» РММ бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

nur.kz


<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>