• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Депутаттар Президентке Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату туралы үндеу жолдады

13 Қаңтар, 20165881


Былтыр жылдың соңына таман Мәжіліс сайлауы туралы түрлі болжамдар айтылып еді. Ақыры, болжамдар шынға айналып, сайлау өтетін сыңайлы. Бұған Мәжіліс дептуттары ҚР Президетіне Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату және кезектен тыс сайлау тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы бастамамен үндеу жолдағаны негіз болып отыр. 

Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеуі мәтінін жария еткен депутат Нұрлан Әбдіров:

«Дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін кең ауқымды қоғамдық бірігу қажет. Тек бірлік пен үйлесімді іс- әрекеттер ғана бізге жаңа экономикалық соққыларға төтеп беруге мүмкіндік береді. Бұл дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзақ мерзімге созбауға және сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын бюджет шығыстарын біршама қысқартуға мүмкіндік береді. Осы айтылған ұстанымдарды негізге ала отырып, біз Мемлекет басшысына, ҚР Президентінің 5-ші шақырымдағы ҚР Парламенті Мәжілісін мерзімінен бұрын тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы бастамамен жүгінеміз», - деді.

Үндеуді жария етуге жиналған депутаттардың ішінде Мәжілістегі саяси партия жетекшілері де бар. Ендігі мәселе, билік келесі Мәжілістің құрамын қандай саяси күштермен толықтыратыны. Бұл жайында да түрлі болжамдар бар. Алайда, соңғы жылдардағы халықаралық саясаттағы үлкен өзгерістер мен экономикалық қиындықтар билікті қайткенде Мәжілісті алуан түрлі қоғамдық-саяси күштермен ара салмағын сақтай отырып жасақтап, сәлде болса халықтың сеніміне кіріп, тыныштандыруға қадам жасауы мүмкін.

Жартыжылдыққа дейінгі қоғамның назары сайлауда болатыны анық.

Дереккөз: arasha.kz

Фото: Қазақпарат

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>