• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Айдос Сарым: Қазақ мүддесі жəне сайлау

14 Қаңтар, 20168626


Бір анығы - бүгінгі партиялардың ішінде нағыз ұлтшыл немесе шынайы демократиялық оппозициялық партия жоқ. 
Бұндай жағдайда ұлттық бағытта жүрген азаматтар мен топтардың екі жолы бар: а) бойкот; б) ұлттық ұрандар мен жекелеген азаматтарды бар партияларға өткізу.
Бойкот жағы түсінікті. Ол үшін ештеңе істеудің де қажеті жоқ. Тек бар жағдайды айтып, сайлауды келемеждеп, троллинг жасау. 
Екінші жол қиындау, бірақ дұрысы осы. Яғни, алдағы уақытта ұлттықбағыттағы азаматтар бас қосып, нақты талаптар мен азаматтарды іріктеуі керек. Сол талаптарды орындаған, бағдарламасына қосқан партияларға тактикалық тұрғыдан қол ұшын беруге болады. Ұлтшылдарды партиялық тізімдердің алғашқы ондығына енгізген партияларғы ұйымдастырушылық не ақпараттық қолдау көрсетуге болады. Яғни партиялық сайлауды азаматтық сайлау қылуға талпынып көру деген сөз. 
Қажетті жəне сөзсіз талаптар ішіне мыналарды қосу керек:
- қапаста отырған ұлтшылдарды босату, қылмыстық істерді жабу;
- мемлекеттік тіл туралы заңды қабылдау; 
- отарсыздану бағытындағы шаралар, соның ішінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100-жылдығына арналған нақты шараларды өткізу;
- қазақтандық ұлт дегеннен бас тартып, бар жерде қазақ ұлты дегенді дəріптеу, ұлықтау;
- қазақ көші мəселесі жəне алашты Арқаға аттандыру;
- Кедендік одақ пен ОДКБ-дан шығу, бас тарту;
- қазақ экологиясы, Протондарға тыйым салу;
- ұлттық экономиканы дамыту, ұлттық бизнесті қолдау...
Тағысын тағы... нақты шараларды тізбелей беруге болады əлі де.
Басты ой - қазақ ұлтшылдары сөзсіз қолдайтын 20-25 нақты, түсінікті, тұжырымдық саяси ұрандардың тізімін жасау, оны жұртқа жеткізу, осы тұрғыда ұлтшылдар арасындағы консенсус пен келісімге жету. Өзімізге тікелей қатысы жоқ сайлау арқылы өзімізге ауадай қажетті келісім мен өзара іс-қимыл дəстүрін қалыптастыру. 
Осы сайлауда өзін қазақпын, қазаққа жаным ашиды деген əрбір партия құрамына қазақ патриоттарын тартуы тиіс. Мысалы, əрбір партияда оралман қазақтың өкілі болуы шарт. Əр партияда қазақ экологтары болуы шарт. Тағысын тағы.
Ондай азаматтардың легін анықтап, соларды партияларға ұсыну. Жаңағы азаматтарды жұрт алдына шығып, жазбаша міндеттеме алуға міндеттеу, мəжбүрлеу.
Міндет - реті келсе мəжілісте қазақ мүддесін қорықпай, үрікпей айта алатын бейресми ұлттық фракция немесе алашшыл депутаттар тобын құруға тырысу. 
Талқыға осыны ұсынайын деп едім.

Дереккөз: саясаттанушы Айдос Сарымның facebook парақшасынан алынды.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>