• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҚОЖАЙЫНЫ КІМ?

20 Қаңтар, 201610431


Аталған мақалада: «Ақырындап болса да, Орталық Азияның халық аз қоныстанған далаларында төрт жолақты жол пайда бола бастады. Қытайдың бастамасымен ерте ме, кеш пе, Қытай мен Батыс Еуропаны жалғастыратын күре жол тартылып жатыр. Бұл Қытайдың Ресейдің құрсауынан енді ғана шыққан Орта Азияға біртіндеп басып кіруінің белгісі ме? Осы аймақтағы мұнай құбырлары мен газ құбырлары, автомагистральдар мен теміржолдар ежелден бері Кеңес Одағының кіндігі болған солтүстікке қарай ұзап жататын, ал қазіргі уақытта бұл бағыт Қытайға бұрылды. Аталған аймақ Қытайдың табиғи байлыққа қол жеткізуіне мүмкіндік беруі мүмкін, алайда Бейжіңге өзінің мол индустриялық мүмкіндіктерін экспорттап, жаңа нарықтық тауар табу сынды ірі коммерциялық жоспарларын осы өңірлерде іске асыруы қиынырақ болады» деп жазылған. «Жуас түйе жүндеуге жақсы» демекші, сырт қарағанда АҚШ, Қытай, Ресей сынды алпауыт мемлекеттер жан-жақтан Орта Азия елдеріне «қамқорлық» жасағыш кейіпте. Әрине, олар үшін біздің қауіпсіздігіміз бен құлдыраған экономикамыздың құны көк тиын. Олардың көздегендері біздің жер асты байлығымыз, ұлан-асыр топырағымыз екендігі сөзсіз. Сол себептен де, әрқайсысы көрпені өзіне тартып, өз саясаттарын тықпалап әлек. Алайда соңғы уақытта бұл аймақтан маза кетті. Экономикасы тұралап, күннен-күнге түрлі теріс пиғылдылардың жемтігіне айналып бара жатқандай. Өз қотыры аздай, Ауғанстандағы соғыс өртіне май құйғандай, «Ислам мемлекеті» ұйымы аймаққа тұрақсыздық төндірумен қатар, қаншама жандарды сонау Сирия асып, жиһадшылатып жіберді. Жалпылама шолу жасап, өткен жылдың бұл аймақ үшін «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманнан алыстап, қауіп-қатер толастамағанын байқауға болады. Ал келер жыл қандай болмақ?

2015 жыл Орталық Азия елдері үшін қауіпсіздік, экономикалық тұрғыдан, жалпы барлық тұрғыдан қандай жыл болды? Ал 2016 жылы аймақты не күтеді?

Бұл аймақты үш алпауыт назарынан тыс қалдырмайды

Асқар Әбдуалиұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент:

— Негізінен Қырғызстан мен Түркиядан басқа, Орта Азиядағы Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзір-байжан секілді мемлекеттердің барлығы шикізат өндіріп, сол арқылы күн көреді. Сол себептен де, өткен жылы шикізат бағасының күрт төмендеуіне байланысты, аталған елдердің бәрінің экономикасы құлдырап кетті. Қарапайым ғана мысал, Орталық Азиядағы түркі елдерінің көбісінің ұлттық валюталары құнсызданғаны белгілі. Расын айтқанда, экономикалық тұрғыдан әлемдік дағдарыстан бұрын біздің елдегі дағдарыс өте қатты өршіп тұр. Бұның бір ұшы өндірісті экономикаға айналдыра алмауымыздың себебінен. Ал енді қауіпсіздік тұрғысынан келетін болсақ, өткен жылы Орта Азияның қауіпсіздігінің жағдайы нашарлады. Бұған Сириядағы, Ауғанстандағы соғыстар, “Ислам мемлекеті” сияқты бүлікшілдердің әрекеттері тікелей әсер етті. Әсіресе Ауғанстанда қаншама жылдан бері болып жатқан азаматтық соғыс Орталық Азия елдеріне, Өзбекстан мен Түркіменстанға үлкен қауіп төндіреді. Енді ол жерден АҚШ әскерінің көбісі шығарылғаннан кейін, ондағы ішкі шиеленіс одан бетер күшейді. Сондай-ақ, Түркіменстан мен Ауғанстанның шекарасында неше түрлі оқиғалар болды. Ол жердегі түркімендер тұратын аймақты қазір талибандар басып алды. Түркіменстанның шекарасына тікелей қауіп төнді. Сол сияқты, қазір Ауғанстанның солтүстік жағында да осы талибандардың үстемдігі күшейіп келе жатыр. Бұл да өз кезегінде Өзбекстанға, Тәжікстанға қауіп төндіреді. Біз Өзбекстанмен шекаралас болғандықтан, бұның бізге де тікелей әсері бар. Тек қана Ауғанстандағы соғыс емес, жалпы исламшыл ментализмнің күшеюі, одан қалса, Сирияға кетіп соғысып жатқан бауырларымыздың әрекеттері мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін фактор. Бүгінгі қауіп — исламшылдардың әрекеттері бізді іштен ірітуі әбден мүмкін. Сондықтан жалпы қауіпсіздік тұрғысынан келгенде 2015 жыл Орталық Азия елдері үшін, түркі мемлекеттері үшін жақсы жыл болған жоқ.
2016 жылы аймақтағы осындай экономикалық әрі қауіпсіздік проблемалар бұдан да күшейе түсуі әбден мүмкін. Себебі кез келген қауіпсіздік шараларын мықтап ұйымдастыру үшін барлығы да айналып келгенде экономикаға, қаржыға тіреледі. Қаржылық тұрғыдан түркі мемлекеттері күшейіп жатқан жоқ, керісінше әлсіреуде. Әсіресе көп нәрсе мұнайдың бағасына байланысты. Өкінішке орай, Тәуелсіздік алған жылдары біздің экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігіміз болды, бірақ сол мүмкіндігімізді дұрыс пайдалана алмадық.

Американың, Англияның немесе өзге де алып елдердің Орталық Азияға мән бермей, көңіл бөлмегенсіп, белгілі бір уақыт үнсіз қалулары, сол алып елдердің бұл аймаққа деген қызығушылықтары бәсеңдеп қалды деген сөз емес. Бұны саяси ойын деп ұққан жөн. Себебі алып мемлекеттер бұндай мәселелерді күн тәртібінде ұдайы ұстап тұрмайды, десе де өздерінің мүдделерін өз араларында ешқашан назардан тыс қалдырмайды. Стратегиялық тұрғыдан өте маңызды аймақ боп саналатын Орталық Азия әлем саясаты үшін, әсіресе Қытай үшін де, Ресей үшін де, Америка үшін де аса маңызды. Бұл саяси күштердің тартысы түсінікті. Әзірге осы алып үш күштің тартысында, меніңше, Қытайдың үлесі басым сияқты.

Нұргүл Жамбылқызы

«Қазақстан-ZAMAN» газеті

Дереккөз: ult.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>