• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫНА КӨШЕ БЕРІЛЕТІН БОЛДЫ

20 Қаңтар, 20165701


Жақында журналист-блогер Азамат Битан ШҚО әкімі Даниял Ахметовке ашық хат жолдап, Семейдегі «Ленин» көшесіне Қайым Мұхамедханұлының есімін беру туралы ұсыныс жасаған болатын. Осы бастамаға орай облыс əкімдігінің өкілі ретінде Ерлан Жакупов жауап берді.

«Бұл сұрақ жергілікті ономастикалық комиссияның жұмыс жоспарында бар жəне кезекті отырысында қаралады. Сонымен қатар Қайым Мұхамедханұлының атына көше беру аймақ басшысы Даниал Ахметовтың айрықша назарында екенін жеткіземін», — дейді Ерлан мырза.

Еске сала кетсек, Азамат Битан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында Семей қаласындағы маңызы жағынан өте үлкен орын алатын, орталықта орналасқан Ленин атындағы көше атауы Қайым Мұхамедханұлының есімімен ауыстырылса деген өтініш айтқан еді. «Бұл тек семейліктер үшін емес, тұтас қазақ жұрты үшін оң өзгеріс, құтты жаңалық болар еді. Оның үстіне биыл Қайым атамыздың Семей топырағында дүниеге келгеніне 100 жыл толып отыр. Сондықтан да ол кісіге басшылық тарапынан осындай құрмет көрсетіліп жатса, алқалаған әлеуметтің сізге айтар алғысы мол деп білгейсіз», — дейді блогер Даниал Ахметовке жазған хатында.

 Әсет Ерген,

Дереккөз: Ұлт порталы

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>