• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Сайлау: Халыққа жақын, ұлт сөзін сөйлейтіндер керек

22 Қаңтар, 201610641


Парламент сайлауы — ұлт үшін ең маңызды мәселе. Санасы жетілген, рухы асқақ елдің сайлауға бей-жай қарамасы белгілі. Өйткені бұл мемлекеттің дамуына, экономикалық өсіміне әсер ететін кезең. Ел Президенті төменгі палатаның үндеуіне әлі қол қоймаса да, қоғамда түрлі пікірлер айтылуда. Бұдан біздің басылым да шет қалмақ емес. Осы орайда, елге танымал азаматтардың Парламент мәжілісінің тарауы мен жаңа сайлау туралы жеке көзқарастарын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Саяси сахнаға үлкен өзгеріс әкелетіндей күштерді көре алмай тұрмын

Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП ОК хатшысы:
— Қазіргі бесінші сайланған Мәжіліс депутаттары өздеріне артылған тарихи міндетті орындады. Әсіресе дағдарысқа қарсы Елбасы жедел деп таныған заңдарды мезгілінде шұғыл қарап, жедел қабылдауға қол жеткізді. Бұл заңдардың барлығы Елбасының 5 институттық реформасын жүзеге асыру үшін аса қажет құжаттар еді. Жалпы, бұл Мәжілістің 5-сайланымы ауыр экономикалық дағдарысқа тап келсе де, Үкіметпен бірлесе, тиімді жұмыс жасады. Оны Президент те атап өтті. Жедел қабылданған 80-ге жуық заңдар дағдарысқа қарсы тиімді жұмыс жасайтын болады.
Мәжіліске келген жаңа партиялар да осы бағытта жұмыстануы тиіс деп ойлаймын. Басқа жолы жоқ. Әрине, сайлау ол қоғамдағы саяси күштердің бір-бірімен бәсекесі, күресі деп айтуымызға болады. Осы күресте, сайлаушының дауысы үшін күресте, нағыз күшті партиялар электораттың қолдауына ие болады. Қазіргі қоғамдық саяси ахуалды саралайтын болсақ, саяси сахнаға үлкен өзгеріс әкелетіндей күштерді көре алмай тұрмын.
Кейбір партиялар сайлау науқаны туралы хабар естілгеннен кейін ғана әрекет ете бастады. Мүмкін, сайлау науқанды шебер ұйымдастыра білсе, «Бірлік» пен «Ауыл» партиялары да парламентке өткел беретін қажетті межені бағындыруы әбден мүмкін…

Бізге нағыз халықтық депутаттар керек

Жарылқап Қалыбай, танымал баспагер әрі журналист, «Аңыз адам» және «Жұлдыздар отбасы» журналдарының құрылтайшысы:
— Еліміз 25 жылдың ішіндегі ең ауыр экономикалық-әлеуметтік дағдарысқа бетпе-бет келіп тұр. Меніңше, алдағы 4-5 жыл өте қиын болады. 1990 жылдардағы ауыр кезең елдің есінде болар. Сол дағдарыс тағы да жер бауырлап келіп қалды. Мұндай жағдайда есі бар елдің билігі нағыз азаматтардың арасынан сайланған халықтық Парламент жасақтауы керек. Бұл дегеніміз — халықтың шын өзі сайлаған депутаттар. Бүгінгідей қиын кезеңде саяси ойын ойнап отыруға болмайды. Қазіргі биліктің алдындағы басты міндет — халықты, мемлекетті құтқару. Басқа іспен айналысу — жаны ашымастық! Мұндай жағдайда, қалай болғанда да, шынайы Парламент құруға тиіспіз.

Үш жылда үш ауыз сөз айтпаған депутаттар да бар

Сәуле Мешітбаева, қоғам қайраткері:
— Меніңше, Парламент мәжілісі біраз жұмыс жасады. Оны жоққа шығаруға болмайды. Сайланып алып, үш жылда бір рет аты аталмаған депутаттар да кездесті. Осындайлардың кесірі жүзге тиіп жатыр. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген осы. Менің ойымша, болса да батысқа құмармыз, АҚШ-қа еліктейміз. Ендеше, олардың да жақсы жақтарын алуға не кедергі? Мысалы, бейресми статистика бойынша АҚШ-та 321 729 000 халық тұрады. Олардың конгресінде 100 сенатор. Ал Қазақстанда 17 000 000 халық бар. Сенатта 47 депутат отыр. Есептей беріңіз, қарапайым арифметика. Мәжілісте отырғандар саны сенаттан екі есе көп. Бүгінгідей дағдарыс уақытында мәжілістің жұмысын тоқтатып, Парламентті 1 палаталыққа өзгерту — уақыт талабы! Қаржыға да үнем болады. Әрине, ол үшін конституциялық өзгерістер қажет. Әлі күнге шейін конституцияға ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Бірақ еліміздегі саяси жүйені қайта форматтауға билік барып қалуы ықтимал.

Ешқандай партияда жоқ адамдар көп

Жарасбай Сүлейменов, қоғам қайраткері:
— Алда бізді көптеген қиындықтар күтіп тұрғанын Елбасы жасырып отырған жоқ. Демек, біз бүгінгі дүрбелеңге толы дүниедегі қатерлі қайшылықтардың қауіптілігін сезініп, бұрынғыдан да ширай, қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті барынша нығайтып, Елбасының төңірегіне топтаса түсуіміз керек. Жұмылған жұдырықтай бір болғанда біздің бағындыратын биігіміз де жоғары болмақ. Менің ойымша, жаңа сайлау осы тұрғыдан алғанда да қажетті қадам болып табылады. Сондай-ақ, алдағы сайлау қазақстандық демократияны, бірлігіміз бен отансүйгіштігімізді тағы бір сын тезінен өткізіп алудың зор мүмкіндігі екенін де есептен шығаруға болмайды.
Сайлауға байланысты тағы бір айта кететін мәселе — еліміздегі партиялар халықтың бәрін өз қатарына тартып отырған жоқ. Қайда болмасын ешқандай партияға бүйрегі бұрмайтындар толып жатыр. Міне, солар сайлау науқаны кезінде белсенділік таныта бермейді. Осыны ескеріп, болашақта Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңына өзгерістер енгізу, депутаттық мандат үшін күресті тек партиялық тізіммен шектемей, округтер бойынша жекелеген тұлғалардың баламалы негізде дауысқа түсуіне жол ашу да артық болмас еді. Бізге бәсекелестік орта керек.

Халыққа жақын, ұлт сөзін сөйлейтіндер керек

Айбек Қалиев, айтыскер ақын:
— Егер қазіргі депутаттар осының алдындағыдай қайтып сайланатын болса, бұл сайлау — қаржыны желге шашу. Ал жаңа толқын, көпшілік айтып жатқандай жастар келсе, сөз басқа. Оларды да іріктеп алу керек. Халыққа жақын, ұлттың сөзін сөйлейтіндерін. Менің мынаны айтқым келеді: Парламент таратудан тәжірибеміз бар ғой. Мысалы, осының алдындағы Парламентті тарату жөнінде бастама көтерген біраз депутат қайтадан сайланып алғанын көзіміз көрді. Баяғыда ет комбинатында қойды мал соятын цехқа бастап кіретін серкелер болатын, қойды бастап кіргесін, өзі білетін тесіктен сыртқа зып етіп шығып кететін. Бұрынғы Парламентті таратуға бастама көтергендер кейін өздері қайта сайланып, әлгі серкенің тірлігін көрсеткені бар. Қазіргі дағдарыс кезінде елді осыдан аман алып шығатын нағыз кәсіби мамандар мәжіліске сайлануға тиісті. Саясатты қоя тұрып, экономиканы ойлайтын сәт енді туды.

 

Нағашыбай Қабылбек

Дереккөз: "Қазақстан-заман" газеті 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>