• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қазақы сайлаудың қырлары

26 Қаңтар, 201675418


 

Қазақстандағы сайлаудың сықпыты – жердiң қыртысы секiлдi қатпар-қатпар. Бетi жылмиып жатқанымен, астында не бар екенi жұмбақ. Дегенмен соңғы сайлаулар жұрттың бәрiн “геологқа” айналдырып жiбердi. Қазiр есi дұрыс қазақ “жердiң астында” не болып жат­қанын атынан түспей-ақ айтып бередi. Мәселен, асфальт­та жүрген бiздiң өзiмiз Мәжiлiс сайлауының алты қатпарын арши аламыз. Геология ғылымының негiзiне бойласақ, жердiң асты қатты және сұйық жыныстарға толы. Ендi осы тұжырымды саяси науқанның “науасына төңкерсек”, жоғарыдағы алты қатпардың үшеуi – “асатудан”, үшеуi – “айдамадан” тұрады-ау тегi деген пiкiрге ерiксiз тоқтаймыз.
 
Ендi ретiмен баяндайық. Әнеукүнi депутаттар аяқасты кетемiз де кетемiзге басты. Мiне, бұл – алғашқы “асату”. Көп ұзамай Мәжiлiстiң “астынан су шығарын” жұртшылық олар тұра қашпаса да бiлетiн. Бiрақ тап бiреу көк желкесiнен ұстап алатындай без-без еткен мәжi­лiс­мендердiң қылығын қабылдай алмады. Себебi көңiлге қонымсыз. Осыдан төрт жыл бұрын өздерi әрең жеткен орынтақтарынан мерзiмi жетпей жатып безiнуi – күлкiлi. Сондықтан алғашқы “асату” кеңiрдекке кептелiп қалды. Мұны билiк те сезсе керек, дереу “көмейдi жiбiтуге” кiрiстi: ресми БАҚ “орынды бастама”, “дер кезiнде көтерiлген мәселе”, “өз мiн­деттерiн атқарды”, “темiрдi қызғанда соғады” тәрiздi тақырыптармен мақала басты. Жаппай пiкiр жинау басталды. Мұны ендi “айдамадан” өзге менен салыстыруға болады?
Ал ел басшысы көпке дейiн өз шешiмiн айтқан жоқ. Анамен-мынамен “кеңестi”, қоғамдағы ызыңға құлақ түрдi, асықпай “ойланды”. Сосын барып, “бұл да жөн екен” деп мәжiлiстi тарату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл – екiншi “асату”. Қарапайым қараша қапелiмде аузына аспен бiрге қыл түсiп кеткен жандай мылжыңдады да қалды. Себебi көптiң iшiнде сауап жасап, мәжiлiстi таратпай қойса екен деген есекдәме бар болатын. Жоқ, президент таратты. Ақорда мен парламенттiң ойы бiр жерден қиысты. Сөйт­сек, бiз қайдан бiлейiк, мұның бәрi береке мен бiрлiктiң нышаны екен ғой. Президент ирек­тетiп қол қойған күнi алғыс дегенiңiз жердiң жонын тесiп шыққан жанартаудай атқылады. Мақтау мен мадақ лава боп ақты. “Дана шешiм” дедi бiреу, “көрегендiк” дедi екiншiсi. Не керек, бұл жолғы “айдаманың” қысымы сұрапыл болғаны сондай, ауызға сыймай алқымға тө­гiлдi. Өздерi өтiнiш жасап кеткен, соған қарамастан, 1,5 миллион теңгеден өтемақы алатын депутаттарға кiжiнген “iшi тар” жандардың да әу деуге шамалары келмедi. Себеп: ауыз “бос емес”.
Осы тұста қазақтан басқа асатудың жөнiн бiлетiн тағы қандай ұлт бар өзi деген сауал туады. Иә, ол – Алатаудың арғы бетiндегi қырғыз жұрты. Бiрақ сол қырғыздардың парламент сайлауын көрсең, “iшек-сiлең” қатады. Өйткенi олардың асатуы – бiздiкiнiң қасында “баланың ойыны” секiлдi.
 Қараңыз, Қырғызстандағы саяси дода 2015 жылдың қазан айында өттi. Жогорку Кенешке “Замандаш”, “Мекен Ынтымагы”, “Ата Мекен”, “Аалам”, “Ар-Намыс”, Қыр­ғызстан социал-демократиялық партиясы, “Бутун Кыргызстан – Эмгек”, “Азаттык”, “Улуу Қырғызстан”, “Конгресс народов Кыргызстана”, “Онугуу-Прогресс”, “Қырғызстан”, “Республика – Ата-Журт” және “Бир Бол” партия­лары ұмтылды. Яғни, 3 миллионға да жетпейтiн халқы бар Қырғызстанның бiрпалаталы парламентiне 14 партия қа­тыс­ты. Ал дауыс берген халықтың саны 50 пайыздан сәл ғана асты. Бұл ендi көңiлге қонады, адамды сендiредi, кiсiнi иландырады.
Ең қызығы, Алмасбек Атамбаевтың Қырғызстан социал-демократиялық партиясы жеңiске 27,5 пайызбен әупiрiмдеп әрең жеттi. 20 пайыз дауыс жиған “Республика – Ата-Журт” партиясы онымен құйрықтiскескен күйi мәреге келдi. “Қырғызстан”, “Онугуу-Прогресс”, “Бир Бол”, “Ата Мекен” партиялары да 7 пайыздық меженi игерiп, парламенттен өз орындарын тапты.
Мiне, осыған қарап, қыр­ғыз ағайындар “жер танымайды-ау” осы деген ойға бе­рiлесiз. Ата-бабасынан жал­ғасқан асату дәстүрiн ұмытқанына “налисыз”. Жетектеген партиясы 27,5 пайыз дауыспен билiкке әрең өткен Алмазбек Атамбаевты “аяйсыз”. Оның “ұялмай-қызармай” қалайша ел басқарып жүр­генiне “таңданасыз”.
Бiрақ оны тәптiштеп тү­сiндiрiп, тәпсiрлеп бойға сiңiру бiздiң мiндетiмiз емес. Сондықтан өзiмiзге оралайық. Құдайға шүкiр, 17 миллион халқы бар Қазақстаннан да 7 партия жұлқынып алға шықты. Олар: “Азат”, “Ақ жол”, “Ауыл”, “Бiрлiк”, ЖСДП, Қазақстан коммунистiк халық партиясы және “Нұр Отан”. Осы партиялардың қайсысы саяси додада бақ сынайтыны съездерi өткен соң анықталмақ. ЖСДП бұра тартып жүрмесе, қалған партиялардың “бүйректен сирақ” шығарардай ниеттерi жоқ. Бәрi бiр үйдiң баласындай тату. Сондықтан мұны саяси тартыстан гөрi “қатпар түзуге қатысу” науқанына ұқсатамыз. Ал соңы не болады? Не болушы едi, дүбiр шықса, тықыршып, бiр орында тұра алмай кететiн “Нұр Отан” Қобыландының тайбурылындай сөзсiз дара келедi. Қалғанының бәрi мәстек екен деген әңгiме тумау үшiн бiрер партия қатар­ға қосылуы мүмкiн. Сонымен, сайлау тәмам.
Мiне, бiз мақтансақ, осыған мақтанайық. Мақтануға тұрарлық ең үлкен мәселенiң бiрi – сайлаудың өтетiн мерзiмi. Оны Нұрсұлтан Назарбаев ары да емес, берi де емес, тура Наурыз мерекесiне “тақап” қойды. Қаңтардың 20-сында жарлық шығарғаннан кейiн сайлау мiндеттi түрде екi айдан соң, яғни нау­рыздың 20-сында өтедi. Ар жағы – демалыс. Демек, үшiншi “асату” – ұлан-асыр той қарсаңындағы көмейлетумен пара-пар. Әрi ешкiм “айдамадан” да дәметпейдi. Бұл – үнемдеу саясатымен үндес. Кеңiрдегiң кепсе – көже iш! Асқазаның түйнесе – алтыбақан теп!
Сансызбай НҰРБАБА
Дереккөз: "Жас Алаш" газеті
Тақырып өзгертілді. Түпнұсқадағы тақырып: Қазақы сайлаудың алты қатпары 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>