• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Назарбаевтан кешірім сұрағандар

05 Ақпан, 20166421


Елбасыдан кешірім сұрау олар үшін темір тордан құтылудың ең соңғы амалы сияқты ма, қалай? «Елбасының үмітін ақтай алмадым» дейді олар. Елбасымен қатар елден де кешірім сұраса, артық етпес еді. Елбасының ғана емес, елдің де үмітін ақтамадым деп ойласа ғой…

Елбасыдан кешірім сұрағандарды жиып-теріп, назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

 Серік Ахметов, экс-премьер министр:

«…үмітін ақтамадым»

Күні кеше ғана10 жылға сотталған бұрынғы үкіметбасы Серік Ахметов соттағы «соңғы сөзінде» Назарбаевтан кешірім сұрады.

Кешірім сұрамас бұрын Ахметов өзінің бұлай етуге әбден құқы барын, себебі, Назарбаевты өзінің ұстазы санайтынын айтты. Сонымен ол не деді:

– Назарбаевтың үмітін ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын. Қарағанды облысындағы қазіргі уақытта қалыптасқан ахуалға бірден-бір жауапты екенімді жақсы түсінемін. Осы үшін де Мемлекет басшысы көп ойланды және көп уайымдады.

Егер сот және Мемлекет басшысы маған қатарға қосылуға мүмкіндік берсе, өз тарапымнан мемлекет мүддесі үшін бар білімім мен тәжірибемді жұмсауға әзірмін және осы арқылы өзімнің адал атымды қайтарғым келеді. Қалай болған күннің өзінде мен мемлекетіме, халқыма және ұлт лидеріне адал болып қаламын.

 

Бауыржан ӘБДІШЕВ, Қарағанды облысының экс-әкімі:

«Назарбаевтың солдатымын»

«Ахметов ісі» бойынша 21 адам кінәлі саналған. Былайынша барлығы да ТОП-шенеуніктер. Бұлардың арасында Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев те жүр.  Ол да кешірім сұрады. Соттағы «соңғы сөзінде» Әбдішев Ахметовтен де әрі кетті. Сонымен ол не деді:

– Өмір бойы адал қызмет еттім. Көпбалалы отбасында өмірге келдім. Әке-шешем қарапайым жұмысшылар-тын. Отбасымыздағы басты құндылықтың аты – еңбек еді. Осының арқасында өстім. Елбасының арқасында жауапты мемлекеттік істі атқардым. Уақыт өте халық мен атқарған жұмыстың әділ бағасын бере жатар. Ешқашан өз мүддемді ойлаған емеспін. Облыстың мәселесін шешерде заң жүзінде әрекет еттім. Одан аттағам жоқ…

Қарағанды облысын басқару – үлкен жауапкершілік. Президент өзінің саяси және еңбек жолын дәл осы өңірден бастаған. Мұны ешқашан ұмытқан емеспін. Қылмыстық жоспар құру, қызметімді асыра пайдалану, кәсіпкерлерге кедергі келтіру менің ойымда да жоқ еді. Мен Президенттің адал сарбазымын. Президентке және халыққа адал қызмет еттім. Маған біреулер әдейі қастандық жасады, осы себепті де Назарбаевтен кешірім сұраймын.

 

Ерлан Арын, Павлодар облысының экс-әкімі:
«Әлі де болса Президент командасындамын»

Соттағы «соңғы сөзінде» Президенттен кешірім сұраған кезекті шенеуніктің бірі – Ерлан Арын. Павлодар облысын басқарған…Оған тағылған айып тағы да сол – жемқорлық. Арын былай деді:

 – Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіргем жоқ, осы себепті қазір осы арада отыру маған өте ауыр. Еліміздегі ең ірі өңірдің біріне басшылық еткен мені айыпты санауда. Мен Президенттің, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді адамымын.

Президенттің үмітін ақтай алмадым. Дәл осы арада Мемлекет басшысынан кешірім сұрағым келеді. 1991 жылдан мен Президенттің барлық реформасын қолдап келемін және әрдайым соның командасында болдым. Мемлекет басшысының сенімді адамдарының қатарында болу әншейін ол қойып кеткен қызметте отыру емес. Кәсіби маман болу, еліңді сүю, адал қызмет атқару. Бұл тұрғыда мен тағдырымның қалай шешілеріне қарамай, өзімді әлі де болса Елбасының командасындағы адаммын деп санаймын.

Назарбаевтан кешірім сұраған Арын 3 жылға шартты түрде сотталды.

 

Мұрат ОСПАНОВ, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-төрағасы:

«Үлкен үміт артып еді…»

Мұрат Оспанов та өзін кінәлі санамайды. Соттағы «соңғы сөзінде» ол мұның бәрі арандату екенін айтып ашынған. Ол да өз қызметін асыра пайдаланбағандардың бірі… Оған «300 мың доллар пара алды» деген айып тағылған және 11 жылға сотталуы мүмкін еді.

Президенттен кешірім сұраған Оспанов былай деді:

«Мен ешқашан пара алған емеспін. Тарифті көтеруі үшін «Атырау Жарық» кәсіпорнынан 300 мың доллар талап еткенім өтірік. Сондықтан маған тағылған кінәні мойындамаймын. Тек тым сенгішпін, соған өкінемін. Қызымның тойы өтетін еді. Соған әлгі ақшаны қарызға сұрағанмын…Мұның бәрі менің бет-беделіме дақ түсірді. Ел мені «жемқор» деп ойлайды. Одан бұрын маған үлкен үміт артқан Президенттің сенімін ақтай алмадым. Өкінемін. Қатты өкінемін». 

300 мың доллар «қарыз» сұраған Оспановтың сөзіне сот сенген жоқ. Бірақ, соттамады. Есесіне, пара алғаны үшін 1 млрд 101 млн 60 мың теңге айыппұл салды. Қызының тойын өткізуге ақша таппаған Оспанов әлгі айыппұлды айналдырған бірнеше айда төлеп бітірді, сөйтіп темір тордан құтылды.

 

 Баймағанбетовті босатуға кім көмектесті?

Елбасыдан кешірім сұраған тағы бір шенеунік – Серік Баймағанбетов. Кедендік бақылау комитетінің төрағасы. Ол да Оспанов сияқты…пара алған. Аз емес. 80 мың доллар. Теңгеге шаққанда 25 млн. Осы себепті 10 жылға сотталған. Елбасыдан кешірім сұрап, Назарбаевтың атына хат жазғаннан кейін 5 жылға қысқарды.

Баймағанбетов соның 3 жылын өткерді. Темір торда «тәртіпті» болған, айғай-шу шығармаған. Бірақ, бәрібір де төзбепті. Түрменің аты – түрме… Сот оның «мерзімінен тыс түрмеден босату туралы» өтінішін қарап, қанағаттандырған екен. Ол биылғы жылдың 20 ақпанында босап шыққан болатын. Сыбысқа сенсек, Баймағанбетов босатуға қазіргі Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «ерекше» атсалысқан деседі.

 

 Әблязов та кешірім сұраған еді…

Бұдан шамамен 10-12 жыл бұрын Мұхтар Әблязов «Қазақстанның Демократиялық таңдауы» қозғалысының белді мүшесі болатын. Иә, тым белсенді еді. Саяси сахнаның төрінен көрінгісі келген…Ел әлі күнге дейін «ол сол үшін де сотталды» деп санайды. Бірақ, оған тағылған айып мүлде бөлек. «Энергетика, индустрия және сауда министрі болған тұста қызметін асыра пайдаланған әрі кәсіпкерлікпен айналысқан, мемлекетке 557 млн теңге зиян келтірген» дейді заң. Бұл 2002 жылдың жазы болатын. Сөйтіп 6 жылға сотталған. Онымен бірге сол кезгі Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақиянов та түрмеге қамалған. Бірақ, Мұхтар 1 жыл да отырған жоқ.  Елбасыдан кешірім сұрады. Жаза басқанын, қателескенін, ендігі жерде саясатпен шатылмайтынын, бизнеспен айналысатынын айтты. Кешірім сұрағаны нәтижесін берді. Босап шықты.

Әбзяловтың әрі қарайғы тағдыры сізге де, бізге де белгілі, оқырман қауым…

Досқалиев те кешірілді

Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінә артылған. Бірақ, сотта соның біреуі ғана дәлелденіпті. Біреуі дегеніміз – жемқорлық. Пара алған.

Мұнысы үшін Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы Жақсылық Досқалиев 7 жылға сотталған еді. Жемқорлығы үшін, жемқорлық жасағаны үшін.

Бірақ, ол да мерзімінен ерте босап шықты. Ол да Назарбаев кешірген шенеуніктердің бірі. Ол да Елбасыдан кешірім сұрады. Президент кешірді. Досқалиевтің жазасын 7 жылдан 2 жылға төмендетті.

«Маған Елбасының өзі рақымшылық жасады. Өз тарапымнан кемшілік жібергеніме өкінемін. Ендігі жерде еліме пайдалы іс атқарғым келеді» деді мерзімінен бұрын босату туралы сотқа өтініш жазған Досқалиев.

Қазіргі күні ол Республикалық Трансплантология орталығын басқарады.

P.S. Естуімізше, Президенттен кешірім сұрауға дайындалып жатқан шенеуніктер әлі де көп дейді…

 

Дайындаған, Думан БЫҚАЙ

Дереккөз: dalanews.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>