• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ШАЛ

09 Ақпан, 20167536


Өткенде ауыл әкімінің халыққа есеп беру жиналысына бардым. Обалы, кәне, әкім барды – бар, жоқты – жоқ деп есебін беріп жатты. Әкімнің өзі де алпысты алқымдап қалған адам екен. Ал, әкімнің қасында бір ақсақал отырды. Есеп аяқталған соң, сұрақ-жауапқа көшті. Жұрт мазалаған сауалдарды қойып жатыр. Орта тұстан бір қартаң адам тұрып, «Ауылда мешіт жоқ. Мешіт салуға қарайлассаңдар» деді. Әкім: «Мектеп, балабақша десеңіз бір жөн. Мешіт мәселесі біздің құзіретімізге кірмейді. Егер ауыл болып жиналып, саламыз десеңіздер, қарсылығымыз жоқ» деді. Мешіт мәселесі осымен тәмәм болды. Араға біраз уақыт салып, әлгі қарт тағы бір сұрақ қойды. Дәл осы кезде әкімнің оң жағында отырған ақсақалға тіл бітті: «Әй, сен қайта-қайта не болды, айтып, түсіндіріп жатыр ғой» деп қолын сермеп, қабағыт шытты. Осы кезде барып, бұл кісінің ақсақал емес, шал екенін түсіндім. Жиналыс соңында бұ кісі сөз алып, әкімнің жұмысын мақтап, елдің тыныштығын, Президентің амандығын тілеп, жұртқа біраз «ақыл» айтып, «жөн» сілтеп, қазіргідей «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда» өмір сүріп жатқан бақытты ел екенімізді есімізге салып барып, әрең тоқтады. Қол сілтесі, оты азайған бірақ жыбырлағанды қалт жібермейтін шегір көзі залдың ішін сүзе қарап, қарсы шықсаң айдатып жіберетіндей көрінді. Осылайша, төрде, әкімнің қасында отырғанына қарап, ақсақал деген кісіміз шал болып шықты. Бұл – бір ауылдың ғана шалы.

Ал, бүкіл елде осындай, биліктің қолшоқпарына айналған, кәрі қойдың жасындай ғана қалған өмірі жұмсалумен өтіп жатқан қаншама шал бар. Олар – ақсақалдықты емес, шал болуды қалады. Таңдаулары – осы.

Әнеугүні үлкен бір жиында бір шал бір шалды тереңнен толғап, қиыннан қиыстырып, тілімен кесте тігіп мақтап жатқанын және көрдім. Телевизорды қоссаң, есеп беріп жатқан әкімдердің қасында бір шал отырады. Ол шалдың не үшін отыратынын енді білдік қой...

Содан шалдарды түсінуге тырысып, миыма шақтап ойландым. Әрі ойландым, бері ойландым. Маған салсаңыз, бұл шалдар – арманы ұрланған ұрпақтар. Өйткені, совет өкіметі тұсында түрлі салада қызметте отырған бұл буын үшін мәнсаптың, өмірдің көкжиегі енді ашылып, жергілікті және орталық билікпен қалай сөйлесіп, қалай жұмыс істеу керектігін меңгерген шақта Құдайдай көріп, көзсіз сенген совет өкіметінің туы жығылып, қорған болған партия құлады. Партиямен бірге арман-мақсат, өмірлік мұрат, мәнсап, жоспарлар бәрі-бәрі құрдымға кетті. Содан ғой, Қазақстан мемлекеттік Тәуелсіздігін жариялаған кезде мұның бәрі өңі екеніне көзі жетіп, қабақтарынан қар жауып, қырлы стаканмен толтыра тартып жіберіп, тас бүркеніп жатып қалғандары...

Бірақ, уақыт өте келе бұл буын советтік әдіс-тәсіл қоғамдық-саяси жүйеде әлі де салтанат құрып тұрғанын түсінді. Түсінді де баяғы жетік меңгерген айлаларына салды. Ол – билікке әлі де болса, өзінің жұмсалуға жарайтынын көрсету. Көрді. Жаратты. Содан бері, міне, қанаттарын кеңге жайып, ел аумағын алып жатыр. Бір қызығы (негізі қызық түк те емес), шалдардың айласы жұқпалы. Олай дейтініміз, бұл дерт асқынғанымен қоймай, жыл өткен сайын жасарып келеді. Үлкен жиналыстардан осыны байқауға болады. Сөйтсек, бұл жас шалдардың да көздегендері бар екен. Ол да сол – биліктің илеуіне түсу, жұмсауына жүру. Жолдары болып, депутат, лауазымды (аймақтық дәрежеде болсын) мемлекеттік қызметкер болғандары да бар. Болмай қалғандары баяғы партияның, әлдебір министрлік, мемлекеттік мекеменің атынан жұмсалып жүргендеріне әзірше тәуба дейді. Ал, негізгі мақсат – анау жақта, біліп отырсыз...

Мұндай жұмсалуға икемді, керек кезінде елдің пікірін қақпақылдап, өре түрегеліп, пікір, көзқарас, таңдау бостандығын тұншықтыруда, азаматтарды адастыруда, жұртты әрі-сәрі етіп, екіұдай ойдың құшағында қалдыруда билік үшін құрал болып отырған жас шалдардың бір тобы әлеуметтік желілерде де өріп жүреді. Бұл – біз айтып отырған қоғамдағы «шал» дертінің жас әрі жаңа формаға өткен түрі.

Барлығына ортақ бір белгілері де бар: билікке, оның түрлі салада жүргізіп жатқан әлеуметтік-экономикалық, ішкі-сыртқы саясатына өз пікіріңізді айта бастасаңыз бірден шабуылға тап боласыз. Мұны бір деңіз. Екінші, шалдар (жасы да, кәрісі де) өздерін билікшіл емес, мемлекетшіл, халықшыл етіп көрсетеді және өздері соған сенеді. Үшіншіден, өз ойын ашық айтып, батылдық көрсеткендер әркез бұлардың назарында әрі тізімінде.

Айтпақшы, шал дерті ұлшылмыз деп ұрандатып жүретін қоғамдық ұйымдарда да бар. Өзгешелігі – пікір айту, таңдау жасау бар. Демократияны көрмесеңізде, сезінесіз...

Осындай шал қаптаған заманды жылдың төрт мезгілінен көктемді алып тастағандай бейнелеп айтуға болады. Көктемсіз елдің болашағы күздей күңгірт...

Солай, ақсақалым!..

P.S.

Қайбір жылы Жоңғар Алатауындағы Салқынбел жайлауында болдым. Ақсу өзенін бойлап, тау-тасты аралап, тұнған табиғатқа мейір қандырдық. Сол сапарда Сайынбөлек беліне шығып, аттан түсіп, дамылдап отырғанымызда неше жылғы ескі шөп ұйыға басып, жаңа шөпті көктетпей тастағанын көрдік. Сол елдің, жер танитын азаматы: «Мал аяғы тимеген соң, қураған ескі шөп жиналып, тұтасып, көктің буынын байлап, тыныстатпай, бой түзетіп, жайқалтып көктетпей тұр. «Ел қонбаған бел жетім» деген осы», деп күрсініп, Алтын шаңырақ тауына тесіле қарап, ойға шомып отырып қалып еді. Әлде жерді аяды ма, әлде жеріне ұқсас тағдыр кешіп жатқан елді аяды ма?..

Нұра Матай

Abai.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>