• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

КАЗАКТАРДЫҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?

03 Март, 201615809


Ақпанның басында өткен Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестiру кеңесiнiң есеп беру-сайлау съезi көпшiлiктiң назарынан тыс қалды. Осы жиында казактар атынан мәжiлiске депутат сайлау мәселесi көтерiлген екен. Онда тұрған не бар дерсiз? Мәселенiң мәнiсiне қараңыз, көңiлiңiзге күдiк толады.     

Елдiң барлық облысынан келген бұл ұйымның делегаттары съезд соңында оның қарарын қабылдаған. Ол мынандай бес бөлiмнен тұрады:

1. Тiлдер туралы заңнамалық мәртебенiң сақталуы.

2.Мемлекеттiк билiктiң барлық тармағында түрлi ұлт өкiлдерiнiң тең дәрежеде болуын заң жүзiнде бекiтудi сұрау.

3. Алматы мен Астана қаласындағы және облыстардағы орыс драма театрларын бюджеттен қаржыландыруын сақтай отырып, мә­дени орталықтар есебiнде үйлестiру кеңесiнiң меншi­гiне беру.

4. Мемлекеттiк телеарналардан үйлестiру кеңесi мен барлық ұлттық диаспоралар­ға тiл мәдениетi мен қоғамдық өмiрiн насихаттау үшiн уақыт бөлдiру.

5. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлiн күшейту туралы көптен айтып келе жатқан ұсынысын жүзеге асыру үшiн, Ассамблеядан сайланатын депутат санының квотасын 30 орынға дейiн көбейту. Президент бекiте­тiн сенат депутаттарының iшiнен орыс, казак және славян ұйымдарының белсендi­лерi үшiн 5 орынды бекiту.

Байқасаңыз, қарардың 5 бөлiмiнен де шовинистiк, империялық астамшылықтың исi мүңкiп тұр. “Бұл қалай?” деген азаматтық белсендi­лерге жаппай тағылып жатқан жiкшiлдiк туралы бапқа сұранып тұрған мәселенi көтерiп отыр. Билiкте барлық ұлт өкiлiнiң тең дәрежеде болуын заң жүзiнде бекi­тудi талап етулерi Қазақстанда өзге ұлттарды ала­лау­шылық саясаты жүрiп жатыр дегенмен бiрдей. Унитарлық мемлекет болғанына қарамастан дәл бiздегiдей барлық ұлттың мәдениетi мен тiлiнiң, дiлiнiң дамуына зор көңiл бөлiп қана қоймай, мемлекет басшысынан бастап өзге мемлекеттiң тiлiне ерекше қамқорлық жасап отырған басқа елдi көрсетi­ңiзшi? Мемлекеттiк құрылымы жағынан федеративтi мемлекет – Ресейде дәл осындай толерантты ұлттар саясаты жүргiзiлетiнiне кепiл бере аласыз ба?

Әу баста мәдени-этно­графиялық қоғамдар ретiнде құрылған казактардың түрлi одағы қазiр iс жүзiнде штабы, туы, тiптi шенi бар жартылай әскери ұйымға айналып кеткенiне билiк те, қоғам да көз жұмып отыр. Дәл осы казактар “орыс әлемiнiң” мүддесiн қорғау үшiн Қырым­ға бармақ болғанда да еш­кiм оларды “әлеуметтiк алауыздық” туғызды деп   айыптамады.

Парламентке орыс, казак, славян ұйымдарының өкiлдерi үшiн орын сұраулары iс жүзiнде тәуелсiз Қазақстанның конституциялық құрылымын өзгертуге ұмтылушылықты көрсетедi.. Елiмiздiң Ата заңы бойынша ұлтына, жынысына, дiнiне, әлеу­меттiк ерекшелiгiне қарап ешкiмге артықшылық берiлмей­дi! Онсыз да әлемнiң ешбiр елiнде берiлмеген конституциялық мәртебеге ие Қазақстан хал­қы Ассамблеясында елдегi бiрлi-жарым ұлт пен ұлыстың өкiлдерiне дейiн орын берiлген. Айтпақшы, жоғарыдағы қарардағы Ассамблея атауында Қа­зақстан халқының орнына “халықтары” деп жазылғаны назар аудартады. Бұл да ұлты мен тегiне қарамай, бiр қазақстандық халық идеясын жүзеге асырып отырған билiктiң саясатына қарсы жасалған жымысқы ойын. 90-жылдары елiмiздiң солтүстiк­тегi облыстарын Ресейге берудi көксеген казак ұйымдарының бұл жолғы әрекеттерi ендi iштей iрiткi салуға көшкен­дiктерiн аңғартатын сияқты.

Билiк басындағылар мына әрекетке көзжұмбайлықпен қа­рап, елеусiз қалдыра ма, әлде заң аясында шара қолданып, түсiнiк жұмыстарын жүргiзiп, қатердiң алдын ала ма? Мұны ендi уақыт көрсетедi.

Дәнеш ҰЗАҚ,

«Жас Алаш» газеті

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>