• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Сатпаев: Астана Ауғаныстанға әскер жіберу туралы шешім қабылдағанда тәліптердің қорқытуын ескеруге тиіс

22 Желтоқсан, 20118755116


Қазақстан НАТО басқаруымен ISAF күштері құрамында әрекет ету үшін Ауғаныстанға контингент жіберу туралы шешімі Астанаға қатерлі зардаптар туғызатындығы туралы ауған тәліптерінің ресми Астанаға жасаған есертуін назарға алуға тиіс, деп мәлім етті Қазақстан жаңалықтары АА-не берген сұхбатында қазақстандық саясаттанушы, Тәуекелдіктерді бағалау тобының директоры Досым Сатпаев.

Мәжіліс (Қазақстан парламентінің төменгі палатасы) 18 мамыр күні Астананың Ауғаныстанда халықаралық коалицияға қатысуы туралы келісім ратификациясын мақұлдады. Келісімді ратификациялау туралы заң жобасы сенаттың (жоғарғы палата) қарауында. Регламентке сәйкес, сенат қабылдап, республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойып, ресми басылымдарда жарияланғаннан кейін заң қабылданды деп есептеледі.

Келісімнің шарттарына сәйкес, Қазақстан Ауғаныстандағы қауіпсіздікке ықпал етудің халықаралық күштеріне (ҚЫХК) НАТО-ның мақұлдауы мен сертификаттау шарттарында алты ай мерзімге контингентін ұсынады, мерзім өзара келісу бойынша ұзартылуы мүмкін.

ҚЫХК үшін ұсынылған ұлттық контингет операция аумағына келгеннен кейін, Еуропадағы НАТО Біріккен қарулы күштерінің бас қолбасшысының басқаруына өтіп, НАТО-мен бекітілген қару қолдану ережелерінің субъектілеріне айналады.

Ауған тәліпреті Қазақстанды Ауғаныстандағы НАТО контингентін қолдап әскер жіберу шешімі ауыр зардаптар туғызады, өйткені бұл аумақтың барлық елдерінің мүдделеріне қайшы келеді  деп ескертуде, деп хабарлайды жексенбі күні  Reuters агенттігі «Талибан» қозғалысының ағылшын тіліндегі мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«(Қазақстан) ел халқының тілегі және аумақтық мүдделерді ескерудің орнына АҚШ мүддесін қорғауға ниетті... Қазақстан мұсылмандары өз басшылығының жөнсіз саясатына қарсы шығуға тиіс... Қазақстан тарапының бұл қадамы Ауғаныстан мен Қазақстан және аумақ елдерінің қатынастарына ұзақ мерзімді теріс әсерін тигізеді», - деп келтіреді Reuters тәліптердің мәлімдемесін.

Қазақстандық саясаттанушы Сатпаев, «Қазақстанның АҚШ НАТО блогымен ынтымақтастыққа белсенді қатысуын, әрине бұл тұрғыдан Қазақстан нысанаға айналуы мүмкіндігін қарастыруға тиіс», деп санайды.

«Ауғаныстан аумағында Халықаралық әскери коалициямен күрес жүргізіп отырған белгілі бір күштердің  Қазақстанды жау ретінде қарайтын радикалдық топтардың тарапынан нысанаға (айналуы мүмкін)», - деп мәлім етті  Сатпаев дүйсенбіде Қазақстан жаңалықтары АА-не берген сұхбатында.

«(Талибандардың) бұл қорқытуын Қазақстанның Ауғаныстанда әскери қатысуы туралы шешім қабылдайтын мемлекеттік құрылымдар да назарға алуға тиіс», - деп есептейді, саясаттанушы.

Сатпаев, Қазақстан мен Орталық Азияның өзге елдерінің атына осы секілді қорқытулар алғаш рет жасалмағандығын еске салды.

Атап айтқанда, «Қазақстан Иракқа өзінің әскери тобын жібергенде осыған ұқсас қорқытулар Әльқаида тарапынан Қазақстан атына жасалған, оған дейін Талибан қозғалысы тарапынан, Өзбекстан исламдық қозғалысы, және сол Әльқайдадан Орталық Азияның барлық елдерінің атына қорқытулар болған».

«Және де осы қорқытулар елдердің АҚШ және НАТО блогымен ынтымамақтастығына байланыстырылған, әсіресе әңгіме Ауғаныстандағы жағдайды реттеуге тырысу туралы болғанда. Сондықтан Талибан қозалысының бұл мәлімдемесі, әрине Қазақстанның белгілі бір елегізуін туғызуға тиіс», - деп есептейді саясаттанушы.

Оның бағалауынша, әңгіме «Талибан қоғалысының өзі біздің республикаға қауіп төндіруінің мүмкіндігі» туралы емес.

«Мәселе Орталық Азияның өзінде, Қазақстанның көрші елдерінде, Өзбекстан мен Қырғыстанды қосқанда, жергілікті экстремистік террористік ұйымдар бұрыннан бері және белсенді әрекет ететіндігінде», - деп түсіндірді Тәуекелдіктерді бағалау тобының директоры.

Сонымен қатар, Сатапевтың бағалауынша, Қазақстан аумағында да соңғы жылдары осы ұйымдардың белсенділігін бақылауға болады.
 
«Қазақстанның Ауғаныстан аумағындағы әскери шиеленіске қатысуы Қазақстан аумағында іс жүзінде террористік актілер жасай алатын белгі бір террористік ұйымдардың тарапынан белгілі бір агрессияны туғызуы мүмкін», - деп есептейді Сатпаев.

Оның бағалауынша, Қазақстан «бастапқыдан жоғары террористік қауіпті аумақта орналасқан».

«Иә, Құдайға шүкір, көрші елдермен салыстырғанда, Қазақстан аумағында тікелей террористік актілер және тағы басқалармен байланысты жағдайлар өте аз болған. Менің пікірімше, бұл қоқытуды Қазақстанның Ауғаныстанда әскери қатысуы туралы шешім қабылдайтын мемлекеттік құрылымдары да назарға алуы тиіс», - деп қорытындылады саясаттанушы.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Талибанның мәлімдемесіне түсінік беруден бас тартты.

«Бұл мәлімдемеге біз түсінік бере алмаймыз, өйткені оның халықаралық сипаты бар. Қорғаныс министрлігі тек орындаушы, және де осы секілді ақпаратқа түсінік бере алмайды», - деді Қазақстан жаңалықтары АА-не республиканың қорғаныс ведомствоның баспасөз хатшысы Қайсар Мұғалов.

АСТАНА, 23 мам – Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>