• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ТАЛАСБЕКТІҢ «ТАЛТҮСІ» АСТАНА ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

17 Май, 201610632


Өткен демалыс күндері Астанада күйші, жазушы Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» атты күйтабағының тұсауы кесілді, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі. Ұлттық Академиялық кітапханада өткен тұсау кесерге елорданың зиялы қауымы және өнер сүйер көпшілік жиналды.

«Талтүс» жинағы үш дискіден тұрады. Барлығы 73 күй. Бірінші дискіге Таласбек Әсемқұловтың тартуындағы 19-ғасырға дейінгі күйлер топтастырылған. Атақты Байжігіттің күйлерімен қатар, алғаш рет Қотан тайшы, Қасабайдың тарихи күйлері енгізілген. Сонымен қатар, халық күйі «Қазан», Байжігіттің «Ағаш ат» көп тараулы күйінің соңғы тарауы мен «Ерке атан» күйінің екінші тарауы да алғашқы рет қалың көпшілікке жетіп отыр.

Екінші диск Тәттімбет, Сүгір, Аққыз, Жүнісбай, Мағауияның күйлерімен қатар, Т. Әсемқұловтың авторлық күйлері қамтылған.  Атап кетер жаңалық, Тәттімбеттің «Сарыжайлау» мен «Алшағыр-Шаған» сынды оннан аса күйі бұл орындауда алғашқы рет баспадан шығып отыр.

Үшінші диск Т. Әсемқұловтың 1975 жылғы және күйшінің ұстазы әрі нағашы атасы Жүнісбай Стамбаевтың 1965 жылғы жазбалары беріліп отыр. Жазбалар Құрманғазы атындағы консерваторияның фольклоры кабинетінен табылып, Санкт-Петербор қаласында арнайы өңдеуден өткен екен.

Жиында Бүркіт Аяған, Ақеділ Тойшанұлы сынды азаматтар Таласбек Әсемқұлов жайлы жылы лебіздер білдіріп, естеліктер айтты. Сонымен қатар күйшінің шәкірттері де домбыра тартып, Таласбек Әсемқұловтың күй мектебі жалғасып жатқанын паш етті. Атап айтар болсақ, Сәрсенғали Жүзбай, Қайрат Айтбаев, Ақжусан Иманғазықызы, Айтолқын Тоқтаған, Рүстем Нүркенов көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

Жиынның соңында жүргізуші Ербол Алшынбай Таласбек Әсемқұловтың жұбайы Зира Наурзбаеваға сөз берді:

- Бұл күйтабақ Таласбектің өнерін бағалаушы адамдардың арқасында жарық көріп отыр. Баршаларыңызға ризамыз. Әсіресе, қиын-қыстау заманда демеушілік танытып, қол ұшын берген Әлібек Малаев пен Жәрдем Құрманғазиевке алғыстан айтар басқа сөзіміз жоқ. Сондай-ақ күй жазбаларына іздеу салғанда бірден жауап қайтарып, жеке мұрағаттарындағы аудиожазбаларды ұсынған Сәуле және Гсавье Аллестер (Франция), Мүслім Әмзе, Бақтияр Аманжол, Саида Даукееваға және альбомды дайындауға көмектескен Раушан Жұманиязова, Баян Бәйсейітова, Роман Литвинов және Ербол Алшынбайға зор алғыс айтамыз. Енді, Таласбек Әсемқұловтың көп томдығының тұсау кесерінде кездесуге жазсын, деді Зира ханым.

Суреттер Ұлттық кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>