• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

«ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ» АЛМАТЫ СТУДИЯСЫН ЖАБУ КІМГЕ КЕРЕК?

23 Май, 201613792


«Қазақ радиосы» Алматы студиясының журнаисттері Ақпарат және коммуникация  министрі Дәурен Абаевтың атына ашық жазды. Онда «Қазақ радиосы» Алматы студиясының қаржы үнемдеу мақсатында жабылғалы жатқаны айтылады. Және журналисттер «Қазақ радиосы» үшін Алматы студиясының маңыздылығын  да баса айтып, ашып көрсеткен.

Ашық хатты толық жариялап отырмыз.

 

 

                                                Қазақстан Республикасы

                                               Ақпарат және коммуникация  министрі

                                               Д. Ә. Абаев мырзаға

                                               Қазақ радиосы Алматы студиясының

                                               қызметкерлерінен ұсыныс хат

 

 

Құрметті Дәурен Әскербекұлы!

Қазақ радиосы –қазақтың жаны, ұлт руханиятының бесігі, ұлттың үн байрағы. Бұл киелі қара шаңырақтың 95 жыл бойы Алматыдан хабар таратып келгенін, әлі де таратып отырғанын ескерсек, бүгінде тек филиал ретінде ғана қалған Алматы студиясының орны бәрібір бөлек екенін айтып жатудың өзі артық. Радионың негізгі құрамы елордамыз Астанаға көшкен күннің өзінде сүйекті деген хабарлардың дені әлі күнге дейін Алматыдан дайындалып отыр. Тыңдарманға Алматы студиясынан дайындалып, жол тартатын хабарлардың үлес салмағы қомақты екенін басшылар да жоққа шығара алмасы хақ. Оған қосымша күн сайын Қазақ радиосынан бір сағат, Шалқар радиосынан бір сағат тікелей эфир алып отырмыз. Күнделікті тікелей эфиріміз бұл күнде Алматыдағы зиялы қауым өкілдерінің, еліміздің мәдениет пен әдебиет, ғылым мен білім саласына қатысты айшықты ойларын ортаға салатын, тұшымды пікірлерін жеткізетін  мінберге айналған. Тек бұл ғана емес күнделікті эфир барысында қала мен аймақтың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірін жан-жақты қамтып, күнделікті ақпар беріп отырмыз. Ол хабарлардың жалпы көрсеткіш бойынша ең жоғары рейтингке ие екенін де айтуымыз керек. Бұл жайында корпорациямыздың төрайымы Нұржан Жалауқызы да өзінің ақпарат құралдарына берген сұхбатында ерекше тоқталып өткен болатын. 

          Осындай ауқымды жүкті, техникалық қызметкерлерді қоспағанда, осындағы санаулы  журналист көтеріп отыр. Бұл қызметкерлердің дені өз ісінің майталмандары, бүгінгі қазақ радиожурналистикасында ойып тұрып өз орнын алған кәсіби мамандар екенін  қолына қалам ұстаған журналистер қауымы да, зиялы орта да, радиотыңдарман  да жақсы біледі. 2 басшы және 14 журналистен тұратын  «Алматы студиясына»  дәл қазіргі уақытта жабылып қалу қаупі төніп тұр.  

         Қазақ радиосының қан тамыры, бар байлығы «Алтын қоры». Дауыстар музейі саналатын Қазақ радиосының «Алтын қорында»   1948 жылдан бері қарай жинақталған материалдар бар.  Бүгінгі уақытта мұнда 111 мыңнан астам шығарма мен жеке хабарлар сандық тәсілмен СД-форматқа түсірілуде. Бүгінде 40 мыңнан астамы дайын. Біз «Алтын қордағы» фономатериалдарды сандық жүйеге түсіруді одан әрі жалғастырудамыз.  Енді сол «Алтын қорға да» шабуыл басталды. Алтын қорды орталық мұрағатқа өткізу мәселесі қозғалып жатыр. (Алтын қор қазір Алматы студиясының құрамында)

95 жылдық тарихы бар Қазақтың  радиосының «аптекаға» айналғанына 3 жылдай уақыт өтті. Күніге Қазақ радиосының эфирінен берілетін жарнамалық хабарлардың эфирден алып отырған уақыты да ауқымды екенін айтпасқа болмайды. Күніге берілетін төрт бірдей хабар бір ғана дәрілік қоспаны (балдырды) насихаттайды. Рас, қазіргідей нарық заманында кез-келген ақпарат құралы өзін-өзі асырауы керек, қосымша қаражат табуы керек деп уәж айтарсыздар. Бұл заманның, уақыттың талабы шығар. Бірақ, сол жарнамалық хабарлар неліктен Алматы студиясына берілген уақыттың есебінен жүргізілуі керек? Қазіргі кезде тек қана Алматы студиясының өзінен апта сайын    50-ге жуық жарнамалық хабар беріледі. Яғни бір айда 200-ге тарта жарнамалық хабар өтеді деген сөз. Ондағы әр хабарға бөлінген  эфирлік уақыт 15 минуттан кем емес. Бұл жағдай ұлт руханиятының бесігі боп мемлекеттік саясатты насихаттауға тиіс радионың тыңдарман алдындағы салмағын төмендетіп,  беделіне нұқсан келтіруде. Осының салдарынан халықтың радиоға сенімі жоғалып, Мемлекетте жүргізіліп жатқан реформалар халыққа дұрыс жеткізілмей жатыр.     

          Қазақ радиосының Алматыдағы ғимараты Кеңестер одағы кезінде эфирлік студияға сәйкес барлық акустикалық заңдылықтары сақталына отырып салынған  елімізде теңдесі жоқ ерекше  нысан.  Бүгінде осы ғимаратқа да көзінің сұғын қадап отырғандар көп  сияқты. Біздің ұжым қызмет жасап  отырған ғимараттың үшінші, төртінші қабаты түгелдей түрлі фирмалар мен компанияларға жалға берілген. Мемлекеттік теле-радио кешенінің мемлекеттік маңызы бар стратегиялық нысанын мақсат-мүддесі дүдәмәл компанияларға жалға беру ұлт қауіпсіздігіне де қатер төндіруі бек мүмкін.

       Егер экономикалық қаржыны үнемдеу қажет болған болса, Қазақ радиосын айтпаған күннің өзінде, таза қазақ тілінде хабар тарататын ұлттық бағыттағы Шалқар радиосын Астанадан Алматыға қайта көшіру арқылы «ҚАЗ МЕДИАҒА» ай сайын төленіп жатқан миллиондаған аренда ақысын үнемдеуге  болмас па еді?

         Тағы бір назар  аударатын дүние «Қазақстан» республикалық телерадиокорпороциясында соңғы 3-4 жылда турникеттік жүйеде жұмыс істеу темірдей тәртіпке айналды. Таңғы сағат 9 дан кешкі 18-30 дейін жұмыста болуың керек. Радио үшін тек қана интернеттен ақпар алып немесе  телефон арқылы сұхбат жасау тіпті ұят жағдай.  Осындай қасаң тәртіптің салдарынан эфир сапасы да күрт төмендеп кетті. Біздің корпорацияда журналистер қауымы  жоспарлау бөліміне, есепші, экономистерге одан қалса кірген-шыққаныңды тіркеп  отыратын кадр бөліміндегілер үшін ғана жұмыс істейтін болды.  Ең сорақысы  радио осы уақытқа дейін телеарнаның қалқасында  қалып келе жатыр.(екінші планда)  Алатын жалақымызда да жер мен көктей айырмашылық бар. Іс сапар жайы да телеарна журналистері үшін оңтайлы шешілгенімен Алматыдағы радио қызметкерлеріне қол жетпес арман  болды.

         Қазақ радиосын негізінен еліміздің батысы мен орталық аймақтары тыңдайды. Ал,  аймақтың шалғай аудандарын айтпағанның өзінде Алматыға тиіп тұрған елді мекендердің Қазақ радиосын тыңдау мүмкіндігі жоқ. Кеңес одағы кезінде әр ауылда күні-түні сөйлеп тұратын радионы қалалықтардың өзі бүгінде тек көлікте ғана тыңдай алады.  Керісінше кез келген коммерциялық радиолар Қазақстанның түкпір-түкпірінде сайрап тұр...

         Сол себепті алдағы уақытта осы мәселені де ойластырып, алыс аудандар мен шалғай ауылдарға Қазақ радиосы мен Шалқардың үнін жеткізуді ойластырып,  нақты шешім қабылдасаңыз екен.

         Осы мәселе   «Қарашаңырақты шайқалту. Қазақ радиосының ғимаратын тартып алу кімге керек болды?» деген атпен 2016 жылдың 17 наурызы күні «Жас алаш» газетінде жарық көрген  болатын. Дәл осы мәселе аракідік әлеуметтік желілерде де көтеріліп жүр.  Демек, осы жағдайларға  еліміздегі зиялы қауым өкілдері мен  радио тыңдаушылар да алаңдаушылық білдіріп отыр деген сөз.

         Сондықтан қалың бұқараға дер кезінде шынайы ақпаратты жылдам және нақты жеткізу үшін  мәдениет пен әдебиет және еліміздің іскерлік   орталығы саналатын Алматыдағы  Қазақ радиосының Алматы студиясына өзінің жеке жиілігі бар   «Алматы-радиосы»  мәртебесін беріп,  эфирдегі уақытының үлес- салмағын көбейтіп, оның  базасы мен сапасын жақсартып,  ел игілігіне қызмет етуін  оңтайлы жолға қояр деп сенім артамыз! 

         Осы хатта көтерілген  барлық мәселені жіті қадағалап,   оң шешімін  табуына өзіңіз тікелей  ықпал етеді деп  үміттенеміз! 

 

Үлкен құрметпен,

Қазақ радиосы Алматы студиясының журналистері 

 

Arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>