• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

КИНОТЕАТРЛАР НЕГЕ ҚАЗАҚТЫ КЕМСІТІП ОТЫР?

01 Июнь, 201610220


Бізде қызық өзі. Саясаттың салдары ма, идеологиялық қақтығыс па, әйтеуір қандайда бір тарихи фильм түсірілсе – оның арты міндетті түрде дау-дамайға ұласады. Мәселен, Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат» картинасы киносыншылар мен көрермен тарапынан жоғары бағаланды. Бірақ көпшіліктің көңілінен шыққан тарихи туындыны кинотеатрлар ыңғайсыз уақытқа қойып тастаған.

Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат» картинасы – қазақ киносының соңғы уақыттағы үлкен табысы деп қазірден айтуға болатын сияқты. Бұл белгілі тележурналист әрі алаштанушы Болат Мүрсәлімнің пікірі. Оның айтуынша, «Аманат» фильмі «Қыз Жібек», «Менің атым – Қожа» сияқты 20-30 жыл, тіпті, жарты ғасыр бойы экраннан түсірмей көруге болатын кино. Бірақ бұл кино тек түнде көрсетілетіндіктен, Болат Мүрсәлім оны тамашалауға келушілердің саны аз екенін айтып, қынжылыс білдірді.

Расында «Аманат» фильмін көрушілердің қатары аз болып отыр. Өйткені кинотеатрлар

тарихи туындыны таңғы сағат 11:00-ге, немесе түнгі сағат 00:00-ге қойып тастаған.

Ал бұған дейін жарық көрген «16 қыз» атты фильм өзін-өзі ақтап, аз да болса табыс түсірген еді.

Қазақ киносын неге ыңғайсыз уақытқа қояды?

13982701991549
Аңсаған Мұстафа

Осы ретте кинотуындының табысты болуына белгілі блогер Аңсаған Мұстафаның еңбегі сіңгенін айтып өткен жөн. Ол да қазақ кинолары ыңғайсыз уақытқа қойылғандықтан өзін-өзі ақтамайды деген пікірде. Адамдар киноға кешке үйге келіп, тамағын ішіп алғаннан кейін барғысы келеді.

– Кинотеатрлар ыңғайлы уақытқа қазақ фильмдерін қоймайды. Сондықтан да «қазақ киносы өзін-өзі ақтамайды» деген әңгіме шығып жатыр. «16 қыз» киносы басталғанда біз әдейі кинотеатрларда қойылған уақыттарды  тексердік. Егер қолайсыз уақыттарға қойылса, кинотеатр басшылығына арнайы барып ескерту жасадық. Мәселен,

Тараз қаласында «16 қызды» күніне 1 рет, ең сорақсы – таңғы 10-ға қойып қойған екен. Таңғы сағат 10-да кім кинотеатрға барып кино көреді?

Осыдан кейін әлеуметтік желіде бұл мәселені талқыға салып, шу шығара бастадым. Үшінші күні елдер шулап жатқан соң кинотеатрлар амалсыздан «16 қызды» ыңғайлы уақытқа қоюға мәжбүр болды – дейді Аңсаған Мұстафа.

Оның айтуынша, қазақ киноларының көп көретілуіне Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетуі керек. Мәселен, блогер министрлік тарапынан кинотеатр басшылығына қысым жасалса, бұл мәселе оңынан шешілер еді деп ойлайды.

Кинотеатрлармен соттасу керек!

8C88F3C9-2227-4BE0-920D-20B3AD84756C_mw1024_s_n
Абзал Құспан

Алайда Аңсаған Мұстафаның пікірімен белгілі құқық қорғаушы Абзал Құспан келіспей, өз ойын айтып отыр. Құқық қорғаушының пікірінше, министрлік жеке кәсіпкерлікпен айналысып отырған кинотеатрдың басшылығына қысым жасай алмайды. Алайда ол отандық киноларды ыңғайлы уақытқа қойып насихаттаудың жолдары бар екенін айтып берді.

– Қазақ киноларының ыңғайсыз уақытқа қойылатыны туралы көптен бері айтылып жүр. Алайда бұл мәселе әлі күнге дейін шешімін тапқан емес. Бұған, әрине, министрлік пен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын кінәлауға болатын шығар. Алайда, ең басты мәселе – азаматтардың өзінде болып отыр. Кез-келген адам тұтынушы ретінде өзінің құқығын қорғап үйренуі керек. Айталық, сіз өзіңізге ыңғайлы уақытта кино көре алмасаңыз, жазбаша түрде кинотеатрдың басшылығына шағым жазыңыз. Егер шағымыңызға құлақ аспаса, онда амал жоқ, кинотеатрды сотқа беруге тура келеді. Өйткені сіздің тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылып жатыр. Ал еліміздің «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңына сай, әрбір адам өз құқығын қорғап, әділдікке жете алады, – дейді құқық қорғаушы.

Сөз соңында Абзал Құспан

«егер азаматтар қазақ киносының ыңайсыз уақытта қойылатынына байланысты кинотеатрмен соттасқысы келсе, мен оларға көмектесер едім»

деді. Алайда ол көпшілік қауым соттасып, уақытын зая кетіргісі келмейтінін тілге тиек етті.

Айта кетсек, кезінде америкалық қара нәсілді адамдар өздерінің құқығын соттасу арқылы қорғаған болатын. Соның арқасында, бүгінде АҚШ-ты қара нәсілді Барак Обама басқарып отыр.

Серғали Асланбек

kaz.365info.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>