• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының 2006 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қарауы бойынша қорыту

22 Желтоқсан, 2011942371


2006 жылдың бірінші жартыжылдығының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Жоғарғы Соттың қадағалау алқасында 1 390 шағым мәні бойынша қаралды. Соның ішінде қылмыстық істерімен алдырылып қаралғаны 322 немесе 23,1% қадағалау шағымы.

Алдын ала қараудың нәтижесінде 1 337 шағым бойынша (96,1%) қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы қаулылар шығарылды, 53 шағым (3,9%) бойынша қадағалау іс жүргізуі қозғалды.

Алқа 65 адамға қатысты барлығы 64 қылмыстық істі қадағалау тәртібімен қарады.

Соның ішінде, прокурордың наразылығы бойынша 18 қылмыстық іс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы 1 (бір) іс қаралды. Түскен наразылықтардың ішінен  наразылық уәждері қанағаттандырылып қаралғаны 14 және қанағаттандырылмай қаралғаны 4 (төрт).

Жоғарғы Соттың қадағалау алқасының судьяларымен 2006 жылдың 6 айы ішінде қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы 53 қаулы шығарылды. Солардың ішінде қаралып, қанағаттандырылғаны 41 шағым, қанағаттандырусыз қалдырылғаны 4 шағым, есепті кезеңнің аяғында 7 шағым қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулысы бар қаралмаған істерді құрады.

Санаттар бойынша алып қарағанда қадағалау тәртібімен қайта қаралған істер: адам өлтіру (ҚК. 96-бап) - 4 адамға қатысты, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК.103-бап) - 4, зорлау (ҚК. 120-бап) - 1, ұрлық (ҚК. 175-бап) - 10, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету (ҚК. 176-бап) - 3, алаяқтық (ҚК. 177-бап) - 2, тонау (ҚК. 178-бап) - 4, қарақшылық (ҚК. 179-бап) - 14, қорқытып алушылық (ҚК. 181-бап) - 2, экономикалық контрабанда (ҚК. 209-бап) - 1, есірткі заттарына байланысты қылмыстар (ҚК. 259-261-баптары) - 6, соның ішінде есiрткi заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату - 6, жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу (ҚК. 296-бабының 2, 3-бөліктері) - 1, қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану (ҚК. 307-бап) - 1, билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану (ҚК. 308-бап) - 1, пара алу (ҚК. 311-бап) - 1, өзінше билік ету (ҚК. 327-бап) - 3, басқа да қылмыстар - 7, соның ішінде кәмелетке толмағандардың істері 3 (үш) адамға қатысты.

Қаралған істердің ішінен (20,3%) құрайтын 11 үкім және 2 қаулының күші жойылды.

Атап айтқанда, мына облыстардың аудандық (қалалық) соттарының үкімдері мен қаулыларының күші жойылды: Алматы облысында - 3, Ақмола облысында - 2, Алматы қаласы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында - 1(бір). Жамбыл облыстық соты үкімінің күші жойылған.

Үкімдермен бірге облыстық соттардың апелляциялық және қадағалау сатылары қаулыларының да күші жойылғанын атап өту қажет.

Талданып отырған кезеңде 10 тұлғаға қатысты қадағалау тәртібімен 8 үкімнің күші жойылып іс жаңадан сот қарауына жіберілді.

 

Заңды күшіне енген  үкімдердің, қаулылардың

күшінің жойылуы  негіздері

 

Соттардың алдын ала тергеуінің сапасына тиісті талап қоймау жағдайлары бірлі-жарым емес, мұның өзі заңсыз және негізсіз үкімдер шығаруға әкеп соғады. Істерді қарау кезінде тағылған айыптың әрбір эпизоттары бойынша мән-жайлардың жан-жақты әрі толық зерттелуі және қылмысқа қатысушылардың бәрін анықтауды қамтамасыз етпейді.

Шымкент қаласы № 3 сотының 2005 жылғы 26 қаңтардағы үкімімен Н-нің жеке араздығы негізінде Ж-ні қасақана өлтіргендігіне кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2005 жылғы 1 наурыздағы және қадағалау алқасының 2006 жылғы 16 ақпандағы қаулыларымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған.

Қадағалау алқасы Бас Прокурордың наразылығына байланысты іс бойынша қабылданған сот қаулыларының күшін жойып, істі жаңадан сот қарауына жіберіп, бірінші сатыдағы соттың ҚІЖК-нің 24-бабының істiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуді, айыпталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын мән-жайларды анықтауды, сотталушының кінәсіздігі туралы арызын тексеруді міндеттейтін талаптарын тиісінше орындамай, айыптау үкімін шығарғанын атап көрсетті.

Осы істі тергеу мен қарау кезінде заңның осы талаптары орындалмаған, істегі бар дәлелдемелер үстірт зерттелген, ал кейбір мән-жайларға тиісті құқықтық баға берілмеген.

Қылмыстық іс материалдарын зерделеу, іс бойынша алдын ала тергеу мен сот тергеуі барысында жойылмаған қайшылықтардың барын көрсетті, осыған байланысты бұл іс бойынша қабылданған сот актілерінің күші жойылып, қылмыстық іс жаңадан қарауға жіберілді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қадағалау сатысындағы қылмыстық iстер жөнiндегі өндiрiстiң тәртібі туралы» 2000 жылғы 28 сәуірдегі нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес, соттардың заңның қылмыстық немесе қылмыстық-процессуалдық нормаларын қолданған кезде оларды қате түсiнуі, сондай-ақ онда көрсетiлген талаптарды сақтамауы заңды дұрыс қолданбауы болып саналады. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы және толық болмауы, сот тұжырымдарының iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмеуi, өзге де қылмыстық-процессуалдық заңды елеулi бұзушылықтар, сондай-ақ қылмыстық заңды дұрыс қолданбау және соттың iстi қараған кезде жiберген басқа да бұзушылықтары заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды қайта қарауға негiз болып табылады.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>