• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жеке тұрғын үй құрылысына қатысты жер дауларын қарастыратын заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі жайында

22 Желтоқсан, 201121534270


ШОЛУ

2005 жылы республика соттарына, жеке тұрғын үй құрылысына қатысты барлығы 125 іс келіп түскен. Шешім шығарумен 90 іс қарастырылып, оның 61 ісі (68 %) талапты қанағаттандырумен аяқталған. Бұл факт негізінен азаматтардың соттарға негізді жүгінгендерін және өздерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіргендерін көрсетеді.

 «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» 1994 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының әрбір азаматының, оның тұрақты тұратын жеріне қарамастан, республика аумағында жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға құқығы бар.

Соттар аталған санаттағы істерді қарау кезінде негізінен 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексін 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (әрі қарай - АК), Жеке тұрғын үй құрылысы туралы заңын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы № 2 «Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» қаулысын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алған.

Қорытуға келіп түскен істерді зерттеу соттарда азаматтардың негізінен дауласатыны:

- жер учаскелерін таңдау және беру, жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру, жеке тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу, жылжымайтын мүлікке жеке меншік құқығын тіркеу кезіндегі жергілікті атқарушы органдардың шешімдері мен әрекеттері;

- өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы;

- жер учаскесінің шекарасын анықтау туралы;

- жер учаскесіне меншік құқығын тану және оны бөтеннің заңсыз иеленуінен қайтаруды талап ету туралы;

- өз бетімен салынған ғимараттарды, жанама салынған құрылыстарды бұзу туралы;

- жер учаскесін иеленудің заңды фактісін анықтау туралы;

- басқа да даулар екендігін көрсетті.

Сонымен қатар даулардың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдануға (48 іс), жер учаскесіне меншік құқығын тану және оны бөтеннің заңсыз иеленуінен қайтаруды талап етуге (23 іс), өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануға (32 іс) байланысты болып отыр.

Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін беру Жер кодексінің 43, 44-баптарында көрсетілген тәртіпте жүргізіледі.

 

Жер учаскесіне жеке меншікті рәсімдеу кезіндегі облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) өкілетті органдары  жер учаскесіне беретін жеке меншік құқығы актісі - жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар болып табылады.

Жер учаскелеріне құқығын куәландыратын құжаттарын өкілетті органдардың ұзақ уақыт бойы бермеуі сотқа кейбір арыздардың жолдануына себеп болған.

М. Ақтөбе қаласы әкімінің 1998 жылғы 29 қазандағы шешімімен оған жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесінің берілгендігін дәлелдей отырып, Ақтөбе қаласының қалақұрылыс және құрылыс бөліміне және Мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - ММ) «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімін» жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісін беруге міндеттеу қажеттілігі туралы арызбен жүгінген.

Ақтөбе қалалық сотының 2005 жылғы 4 шілдедегі шешімімен жер учаскесінің өкілетті органмен берілгендігі негізінде М. талабы қанағаттандырылды. Жерге берілген акт, жер учаскелеріне құқық беру туралы атқарушы органның құқықтық актілеріне сәйкес, құқықты куәландыратын құжаттар (шешімдері) негізінде берілгендіктен, аталған жағдайдағы сот тұжырымы дұрыс болып табылады.

 

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылар жер учаскесіне қатысты ауыртпалықтар салатын барлық міндеттерді (оны мақсаты бойынша пайдалану, сервитуттар беру, салықтарды және өзге де төлемдерді төлеу және т.б.) көтереді.

Меншік иелерінің жер учаскелерін игеру бойынша өз міндеттемелерін ұзақ уақыт бойына орындамауы арызданушылардың талаптарын қанағаттандырусыз қалдыруға негіз болды.

 

Толығырақ:  http://online.prg.kz/Document/Default.aspx?doc_id=30089326

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>