• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Министр мырза, Абай шаңырағына лайықты басшы керек!!!

13 Июнь, 20166140


Құрметті Арыстанбек Мұхаммедиұлы!

Музей – өткен уақытпен жүздесе отырып, бүгінгі өмірге тарих парасатымен қарайтын орын. Бұл ғасырлар таңбасы мен табы қал­ған жәдігерліктер мен заттарға ой көзімен қарау­дың, заманалар айнасына қарап ел мен елдік жолын пайымдаудың айрықша мүмкіндігі дер едік. Сол себептен де Семей қаласының Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында орын алып жатқан жайттар жайлы шыдамымыз таусылған біздер ақсақалдар ескерту хатын жазуға мәжбүр болдық.  

Қазақ халқы мен мәдениетінің дамуына, әсіресе музей саласының көш ілгері басуына үлес қосу басты назарға алыну керек деп санаймыз. Ал қазіргі таңда қазақ елінің бар назары ауған қасиетті қарашаңырақ, ұлы Абай музейі басшылығының іс-әрекеттері рухани саланы дамытудың орнына, күннен күнге елдің наразылығын тудыруда. Ұлы тұлғаның, қасиетті қара шаңырақтың жұмысына, дамуына барынша кедергі жасап жүрген басшылық әрекеттері музей іші ғана емес, сырт елге де мәлім. Өткізген шаралары да еш негізсіз шала, асығыс баланың ісі. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығынан еш хабары жоқ адам не іс тындырмақшы. Елді балағаттап, елге сыйлы ақсақалдарға дауыс көтеріп, сын-пікірді мүлдем естігісі келмейтін басшы неге бұл орында отыр, соған таңымыз бар. Музей шараларына келген қонақтарға «министрліктегілермен қатынасым керемет», «не айтсам да, не жасағым келсе де толық құптайды» деп оңды-солды жар салады. Бірақ, айтқан сөзі жасаған әрекеттерімен мүлдем жанаспайтын бұл адамға сеніміміз жоқ. Өткізген іс-шараларында өзі орындық тасып, микрофонды ұстап алып жүгіріп, кештің барысында орнында отырып айғайлап, ақсақалдардың сөзін тыңдауға жарамай тоқтатып тастап, әйтеуір аса мәдениетсіздігін, дөрекілігін көрсетіп жүреді. Онымен қоймай жасаған қыруар кемшіліктеріне сын айтқан адамды келесі жолы мүлдем шақыртпайды, мұражай табалдырығын аттатпайды да, музей өзінің жеті атасынан қалған мекемедей...  Мұражай қызметкерлеріне зекіп сөйлеп, келген қонақты сыйламайтын басшы ұлы Абай шаңырағын абыроймен басқармасы анық. Өзіне жағымсынғандарды маңына жинап, оларға жағдай жасап, шала істерін керемет қылып көрсетуде. Фотода жып-жылтыр болғаны не керек, жанында өз көзімен көріп жүрген зиялы қауымға барлығы да дөрекі көрінеді. Жұмасына сапасыз  көрме мен мағынасыз кеш өткізіп несіне дал болады, егер көрменің эстетикалық жағына, кештің өту барысының жоспар бойынша жүйелі өтуіне мән берілмесе. Мен міне үнемі көрме өткізіп жатырмын деп мақтанып кеудесін ұрады. Біз де ондай көрмелерінің талайын көргенбіз. Белгілі бір тақырыпқа қатысы бар, не еш қатысы жоқ бес алты кітапты «көрме» деп атап, сол «көрмелерінің» қасына мұражайдың қызметкерлерін қойып, оларды фотоға түсіріп, артынан «ғажап көрме» өтті деп есеп беріп жатқандарын да көзіміз көріп жүр. 

Өз көзімізбен көрген тағы бір масқара жағдайдың бірі,  Абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановқа арналған конференцияда жиналған жұртқа дөрекі сөйлеп, «менің сөзімді тыңдағыларың келмесе, тұрыңдар да кетіңдер» дегені не сұмдық? Мұндай көргенсіздікті құптамаған біршама ұстаздар мен студенттер кетіп қалды. Өзіңді, алдыңда отырған зиялы қауымды, білімге құштар болып келген жас ұрпақты, музейдің әріптестерін сыйламасаң да, Абай мен Қайымның рухын сыйлау керек емес пе?...  

Ғылыми конференция жоспарланғаны жөн-ақ. Әйтсе де Қайымдай алаштың арысына арналған шараны  масқаралықпен өткізуге бола ма?. Сонымен қатар бұл ғылыми конференция да емес, танымдық кеш те емес, ән-жырмен бірге директордың дөрекілігі араласқан, қатысушы елдің наразылығын тудырған дүбара жиын болды. Қайымды құрметтемек түгілі барынша төмендетуге бағытталды.

Өзінің нағыз мәдениетсіз азамат ретінде көрсетіп жүрген Б.Жүнісбеков мырзаны орнынан босатуды талап етеміз. Бұл қызметке еш лайық емес адам деп есептейміз. Мұражай қызметкерлерін қорқытып, аузына келгенді айтып, өзіне ұнамағандарды кештерге, іс-шараларға шақырмай, мұражайда өзін құдай санап жүрген Б.Жүнісбековтің әрекеттері жайлы интернетте де жүр. «Abai.kz» порталында «Орыс тілін білмегендерді қудалау басталды» деген мақала да жарияланды. Мақалалда жазылған жайлар анық, рас болса да Жүнісбеков өз есімінің, Абай шаңырағының ел жұртқа шулап, масқара болып жатқанына еш ұялмады да. Осы жағдайлардан кейін өз орнында алаңсыз отырған бұл мырза тіптен күшейіп алған. Ұжымды қорқытып ұстап, өздеріне араша түсетін ешкім жоқ екенін ұққан олар тек Б.Жүнісбековтің қиялындағы тапсырмаларды орындауға мәжбүр екен. Ол тұрмақ ел азаматтарын сыйламаған адам, қарамағында жүрген қызметкерлерді қайтсін. Барлық істерінде сауатсыздық пен шалалықтың белгісі бар. Қызметкер оның ісі қате болса да, оған яғни Жүнісбековке қарсы келу мүмкін емес екенін айтады.

Жүнісбековтің көрмелерін көру күлкілі де, қайғылы да жағдай. Қазақ халқының мақтанышы, біртуар ақыны, ұлы Абайдың қасиетті де киелі шаңырағында Наурыз мерекесіне арналған көрме ашылғаны мәлім. Осы көрме көрерменнің үлкен сынына қалғаны да мәлім. О заманда, бұ заман баспалдаққа кереге қойып, керегенің сыртына сырмақ жауып әшекейлегенді кім көрген? Біз көрдік... Кереге қоюға жарайтын «лестницадан» басқа музей залдары да жетерлік емес пе?. Сырмақты, емес тұскиіз ілген атам қазақ. Сыртынан емес, ішінен ілген. Басқұрдың, адалбақанның да өзіндік орны, пайдалану тәсілі бар. Кіре беріс есік алдына әйтеуір бар екен деп сандықтарды қаптатып қойған. Бұл не сұмдық?. Сырттан келген қонақтар бұл іске күліп кетті. Елді үш ай күлкіге кенелткен көрме жақында алынды. Әр жәдігерді жүрдім-бардым қойғыза салатын, жәдігерлерді еш рұқсатсыз сөреден өз қолымен ала салатын, еш концепциясыз көрме ауыстыра салатын басшыға сөз айту мүмкін емес сияқты. Мәдениетті білмеген адам музей саласын да меңгермегені анық.  

Тағы да бірер жайларды айта кетсек. «Хабар» телеарнасынан да еліміздегі елеулі жаңалық ретінде көрсетілген «Абай аналары» аллеясы атауы керемет болғанымен, аллея сыйқы жоқ. Қалаға келген қонақтар жаңадан ашылған аллеяға барсақ дегенде, жерге қарап ұялатынымыз бар. Ешқандай аллея емес, еш жүйесіз, екі түрлі ағаштарды еге салып, бір ақпараттық тақта іліп «Аллея» деген ат қойыла салған. Бұл да тек Жүнісбеков қолынан келер шаруа болса керек. Семейдегі Бас мұражайдың алақандай ауласына аллея аштым деп жұрттың күлкісіне қалғанша, Жидебайда аллея ашып, ағаш отырғызып көркейту жұмыстарын жүргізсе, әлдеқайда кешенді жұмыс атқарған болар еді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Орнын ешкімге бермес үшін, маңайындағы жақсы қызметкерлердің барлығын жаншып тастайды. Егер ол өзін ауыстыратын адамдарды дайындамаса, лайықты басшы емес деген сөз. Айқайлаудан, балағаттаудан басқаны білмейтін басшыны тез арада босату керек» - деген еді. Дәл осындай басшы қазіргі күнде Ұлтымыздың рухани шаңырағын басқарып отырғаны қалай?

Абай музейі мәдениетке ынтызар қау­ымға жәдігерліктерді қаз-қал­пында көрсетіп, мол ақпарат беретін жетекші ғылыми, көркемөнер және тарихи орталықтың біріне айналады. Әлбетте, музей жұмысын қалыптастыру маманнан кәсіби адалдық пен шеберлікті талап етеді, оған сауатты да сауапты жұмыс істеуді жүктейді. Ал дүниеде бәрі де өзгеретінін, заманның құбылатынын ескерсек, уақытпен үндесіп, үйлесетін, өз дәуірінің тілінде «сөйлеп» тұратын экспозициялар жасақтау аса қажет.  Сонымен қатар өз жұмысын толыққанды атқару үшін қызметін ғылыми жетіс­тіктерімен, жаңа әдістермен, технологиялармен байытуы тиіс. Бұл ретте ғасырлар бойы қалыптасқан осы саланың дәстүрін мұқият сақтау, мемлекеттік мүддені алтын арқау ету - маңызды қағидат дер едік. Ал музей экспозициясының жасалу реті, көрмелердің орналасу шарты, тақырыбына сәйкес келу сынды қарапайым қағидаларды білмейтін Б.Жүнісбеков бұл тұрғыдан қарағанда музей басшысы атағына лайық емес екені анық.

«Бірлік, ынтымақ, тұтастық - Қазақ­станның арғы-бергі тари­хының ең ғибратты тағылымы осы!» деген Елбасының сындар­лы сөзі әр мәдениетті азаматтың ұранына айналуы тиіс. Береке-бірлік жоқ бұл ұжымда музей ісі қалай алға баспақ?. Өз ұжымын сыйламаған, музейге келген қонақты сыйламаған басшы не іс тындырмақ?. Халықпен санаспай, үлкенді сыйламай шала жұмысымен отыра берсе Абай шаңырағын құрдымға кетірер. Оған жол жоқ, біз оған жібермейміз де.

Ғасырлар бойы жиналған ұлт пен ел игілігі келешек ұрпаққа мұрты бұзылмай, жүйеленіп, айшықталған күйінде жетуге тиіс. Бүгінгі күніміз ертең-ақ тарихқа айналады. Ол тарихта жаңа заманды бастаған серпінді Қазақстанның мәдени талғамы мен парасаты биік көрінуі керек. Осылай деп сенеміз және осы жолда аянбай еңбек етуіміз қажет.

Сондықтан да бұл жағдай ендігәрі жабық қалмау керек, Мәдениет және спорт министрлігі құзырына алынып, тікелей министр назарында болу керек.

Аса қадірменді А.Мұхамедиұлы сіздің құрметті есіміңізді жамылып жүрген бұл басшы министрлік атына, Абай шаңырағының атына келтіруде деп санап, жұрт болып жұмылып жатқан жайымыз бар.

Үлкен құрметпен Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, музей жанашырлары!

Abai.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>