• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қызылорда облыстық соты Қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2002 ж. 9 қазандағы Үкімі

22 Желтоқсан, 201113099534


9 қазан 2002 жыл Қызылорда қаласы

Қызылорда облыстық соты құрамында төрағалық етуші А.Тәжімбетов, судьялар Н.Бесбаева, С.Әбшекенов, хатшылықта С.Мамытов, прокурор Ж.Нұрашев, жәбірленушілер Қ.Душаев, Н.Жақсылықова, Ғ.Бершімбаев, қорғаушы Ж.Қалижановтың қатысуында, өзінің ашық сот мәжілісінде сотталушы

Естаев Серік Қазыбекұлы-23.04.1976 жылы Қызылорда қаласында туылған, ұлты қазақ, білімі орта , үйленбеген, жұмыс істемейді, тұрағы Қызылорда қаласы , Төреқұлов көшесі № 32 үй, бұрын Қызылорда қалалық сотының 07.07.1998 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 120 бабының 2 бөлігінің "а" тармағымен 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, 20.05.2001 жылы Атырау қаласының Балықшы аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 70 бабының талабына сай жаза өтеу мерзімінен 1 жыл, 1 ай, 7 күн бұрын шартты түрде босатылған, бас шарасы 20 наурыз 2002 жылдан бастап қамауда, айыптау қортындысының көшірмесін 11 қыркүйек 2002 жылы алған, ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігі, 24 бабының 3 бөлігі, 96 бабының 2 бөлігінің "и"тармағымен 175 бабының 2 бөлігінің "в" тармағымен айыпталған қылмыстық ісін қарап, соттың

АНЫҚТАҒАНЫ:

2001 жылы 27 тамызда сағат 04 шамасында Қызылорда қаласы Жеңіс көшесінің бойында орналасқан N-98 үйдің № 3 подъездің жанында Естаев Серік және осы іс бойынша Қызылорда қалалық сотының 8 қараша 2001 жылғы үкімімен ҚК-нің 257 бабының 2 бөлігінің "а" тармағымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 63 бабын қолданып тағайындаған жазаны шартты жаза деп тауып 1 жыл сынақ мерзімін тағайындауға сотталған Жүсіпбеков Мейрамбек спирттік ішімдіктер ішкен мас күйінде тұрған. Сол жерден Душаев Қайрат өзінің таныстары Бершімбаев Ғалымжан, Абдыраймов Нұрландармен қоштасып бөлініп үйлеріне қайтып бара жатқан кезде, соңғылар аталған үйдің жанында оларды С.Естаев пен М. Жүсіпбеков көріп өздерінің қастарына шақырып алып, подъездің ішіне кіргізіп болмашы себептерді желеу етіп, "қай жерде тұрасыңдар темекілерің бар ма" -деп сұрап балағат сөздер айтып тиіскен.

Подъезге кіріп жатқан кезде Ғ.Бершімбаев олардан бөлініп кеткен танысы Душаев Қайратты шақырған. Қастарына келген Душаев Қайрат таныстарынан "не болды" -деп сұраған кезде, М.Жүсіпбеков пен С.Естаев оны да подъезге кіргізіп, М.Жүсіпбеков қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып бұзақылық ниетпен новости в Украине и мире Қ.Душаевтың бетінен М.Жүсіпбеков жұдырығымен бір рет ұрған. Ал Естаев бұл кезде қолына асхана пышағын алып оларға қарсы кезеген.

Пышақты көрген Қ.Душаев, Ғ.Бершімбаев, Н.Абдыраймовтар подъезден шығып кетуге әрекет жасаған кезде, С.Естаев бұзақылық ниетпен қасақана адамды өлтіру мақсатында қолындағы асхана пышағын жасы толмаған Қ.Душаевтың жанды жері ішінен бір рет ұрып тығып алып, ауыр дәрежелі дене жарақатын салған.

Осыдан соң Қ.Душаев алған дене жарақатының әсерінен жерге құлап бара жатқан кезде, жанында тұрған Ғ.Бершімбаев пен Н.Абдыраймов оның қолтығынан ұстап көтеріп подъезден сыртқа шығарып жатқан кезде, олардың алдында тұрған С.Естаев өзінің қылмыстық әрекетін, яғни бұзақылық ниетпен адамды қасақана өлтіруге оқталған ниетін нақты жүзеге асыру мақсатында Қ.Душаевты екінші рет сол жақ кеудесі - жүрек тұсынан пышақпен ұрып ауыр дәрежелі дене жарақатын салған.

Алайда жәбірленуші Қ.Душаев ауыр дәрежелі екі жарақат алсада, оқиға болған жерден қашып шығып және оны дер кезінде ауруханаға жеткізіп, дәрігерлік көмек көрсетудің нәтежесінде өлімнен аман қалған.

Сөйтіп С. Естаевтың адамды қасақана бұзақылық ниетпен елтіруге оқталған әрекеті оның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмаған.

Осымен қатар С.Естаев 2002 жылы 20 наурызға қараған түні сағат 24 шамасында бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында Қызылорда қаласы Тыныбаев көшесі № 14 үйдің жанына келіп, үйдің шарбағынан секіріп түсіп, ауласына заңсыз кіріп, аулада орналасқан мал қораның есігін күш салып ашып, мал қораға кіріп, сол жерден азаматша Н.Жақсылықованың құны 6 мың теңге туратын бір бас қойын және құны 2500 теңге тұратын бір бас қозысын жасырын ұрпап оқиға болған жерден бой тасалаған.

Сөйтіп С.Естаев қойма орнына заңсыз кіріп азаматша Н.Жақсылықованың жалпы құны 8 500 теңге тұратын малын ұрлаған.

Сот мәжілісінде сотталушы қатарында жауап берген С.Естаев өзіне тағылған айыпты жартылай мойындап, сотта : 2001 жылы 26 тамыздан 27 тамызға қараған түні Жүсіпбеков екеуміз пиво ішіп соңғының үйіне бардық сол жерде Жүсіпбеков екеуміз бір шыны арақ іштік, сөйтіп үйден темекі шегуге көшеге шықтық, көшенің бойында маған Қ.Душаев, Ғ.Бершімбаев, Н. Абдыраймовтар кездесіп менен темекі сұрап тиісіп үшеуі жабылып теуіп мені ұрып кетті. Менде пышақ болған жоқ кім Душаевты пышақпен ұрғанын білмеймін.

2001 жылы 20 наурызға қараған түні бұрынғы Матросов көшесі қазіргі Тыныбаев көшесінде орналасқан бір үйдің қорасына кіріп, мал қорада тұрған, бір қой мен қозыны ұрлап алдым оны қаланың шетіне апарып, қозысын сойып жатқан кезде полиция қызметкерлері ұстады. Мал ұрлық жасағанымды толық мойындаймын деп көрсетті.

Сотталушының қылмыстық әрекеттері сотта ашылған деректермен толық анықталып бекітіледі.

Атап айтқанда:

Жәбірленуші Қ.Душаев сотта : 2001 жылдың 26 тамыздан 27 тамызға қараған түні Ғ.Бершімбаев, Н.Абдыраймов үшеуі "Шарипа" кафесінде отырып сағат 03 тердің шамасында кафеден шығып, үй жаққа қайтты Бершімбаев пен Абдыраймов екеуі бір бөлек кетті, өзінің бір бөлек кеткенін, көп ұзамай жігіттердің оны шақырған дауысын естіп, артынан барған кезде, бұрын танымайтын екі жігіт С.Естаев пен М.Жүсіпбеков көп пәтерлі үйдің бір подъезіне жолдастарын кіргізіп жатқанын көргенін, артынан барып "не болды" деп сұрағанда С.Естаев пен М.Жүсіпбеков екеуі "қайжақта тұрасыңдар, темекі бар ма, арақ ішейік"-деп айтқанын, ол подъезге кірген кезде, ұзын бойлы М.Жүсіпбеков жағасынан ұстап бетінен бір ұрғанын, осы кезде қасында тұрған Естаев пышақ шығарғанын, қолындағы пышақты айдың сәулесімен және көшеде жанып тұрған шамдардың жарығынан анық көргенін, сол жерде үшеуі пышақты көріп подъезден шығып қашуға әрекет жасағандарын, осы кезде Естаевтың пышақпен ішінен ұрғанын, өзінің құлап бара жатқанда артынан екі жолдасы қолынан ұстап көтеріп, подъезден шығып жатқан кезде Естаев екінші рет сол жақ кеудесінен пышақпен ұрғанын, сол жерден қашып шығып, үйдің жанындағы автовокзалдың қасына барып әлсіреп отырып қалғанын, сол кезде жанына полиция қызметкерлері келіп бірден жедел жәрдем шақырып ауруханаға жібергенін, өзін екі рет пышақпен ұрған Естаев екенін анық көргенің көрсетті.

Жәбірленуші Бершімбаев Ғалымжан сотта : 2001 жылы 26 тамыздан 27 тамызға қараған түні И.Абдыраймов, Қ.Душаев үшеуі "Шарипа " кафесінде отырып сағат 03-00 тер шамасында үйлеріне қайтуға шыққанын, Қ.Душаев белініп өз үй жағына, ал Абдыраймов екеуі басқа жақа кеткенін, көп пәтерлі үйдің қасынан өтіп бара жатқан кезде оларды Естаев пен Жүсіпбеков тоқтатып подъезге кіруін талап еттіп, подъезге кірер алдында, өзінің қайтып бара жатқан Қайратты шақырғаның, подъезге кірген кезде жаңағы екеуі олардан қайда тұратынын және темекі сұрап балағаттап тиісе бастаған кезде, артынан Қайратта келгенін, ол "не болды"-деп сұраған кезде, оны М.Жүсіпбеков қолымен бетіне ұрғанын, осы кезде Естаевтың қолында пышақ болғанын айдың сәулесімен және далада жанып тұрған электр жарығымен анық көргенін, олар пышақты көргеннен соң бәрі "пышақ"-деп подъезден шығып қашуға ұмтылғандарын, осы кезде С. Естаев Қ.Душаевтың ішінен пышақпен ұрғанын көргенін, подъезден бәрі қашып шығып сол үйдің жанындағы автовокзалда кездескендерін, Душаев ішін ұстап жерге отырып қалғанын. Сол жерде полиция қызметкерлері келіп, дереу жедел жәрдем шақыртып, Қ.Душаевты ауруханаға жіберілгенін, өздері полиция қызметкерлеріне осы үйдің № 3 подъезінде біреулер тиісіп, Қ. Душаевқа пышақ салғанын айтқандарын, оның нақты көргені С.Естаевтың қолында пышақ болғанын және С.Естаев Қ.Душаевты ішінен пышақпен ұрғанын, ал екінші рет ұрғанын аңғармағанын, себебі ойы сол жерден қашып кету болғанын көрсетті.

Жәбірленуші Н.Жақсылықова сотта : 2002 жылы 20 наурызға қараған түні белгісіз адамдар қораға кіріп жабық мал қораның есігін бұзып, сол жерде тұрған 6 мың теңге тұратын бір бас қойды және 2500 теңге тұратын бір бас қозыны ұрлап кеткенін, азанда оқиға болғаннын біліп, полиция бөліміне хабарлағанын, полиция қызметкерлері үйден ұрланған бір қой мен бауыздалған қозыны алып кеткенін, малды ұрлаған Естаев болып шыққанын, оның мал ұрлап, қозыны сойып жатқан жерінен ұсталғанын, Қ. Естаевтан қозының құны 2500 тенгені өндіріп беруді сұрайтынын көрсетті.

Іс бойынша куә қатарында жауап берген Жүсіпбеков Мейрамбек сотта : 2001 жылы 26 тамызда кешкісін Естаев екеуі кездесіп пиво ішкендерін, сосын өзінің үйі Жеңіс көшесі 98 үй 34 пәтерге келіп, сол жерде тағыда бір жарты арақ ішкендерін, екеуі далаға шығып подъездің жанында темекі тарқандарын, содан кейін мастықтың салдарынан не болып не қойғанын білмейтінін, азанда полиция бөлімінде жатқанын білгенін, сол жерде өзіне Естаев "үйден пышақ алып келіп бір баланы пышақтадың"-деп айтқанын, соның айтуынан ол полиция қызметкері оның үйіндегі пышағын көрсеткеннен кейін, пышақтаған өзі екен деп ойлап, бірінші түсініктерінде солай жауап бергенін, бірақ сол күні Естаевпен арақ ішіп үйден шыққаннан кейін не болғаны есінде қалмағанын көрсетті.

Куә қатарында жауап берген А.Байдаулетов 2001 жылы 26 тамыздан 27 тамызға қараған түні сағат 04-00-де өзінің кезекшілікте "Буран" экипажында жүргенде автовокзал алаңынан үш жігітті көріп, қасына барғанын, біреуі жерде ішін ұстап отырғанын, болған жағдайды біліп, дереу сол жігіттер көрсеткен үйге барып, іздестіру жұмыстарын жүргізгендерін, Жеңіс көшесі N-98 үйдің 3 подъезінде екі бейтаныс жігіттерді ұстағандарын, біреуі жерде құлап ұйықтап жатқанын, екіншісі оны көтермекші болып жатқанын, сол жерде оны көтеріп машинаға салып, қасындағысын ұстап полиция бөліміне апарғандырын, екеуін ұстаған жерден подъездің плошадкасынан қара сабы бар жүзіне қан жұққан асхана пышағы табылып, сол жерде хаттама толтырылғынын көрсетті.

Сот медициналық 5 қыркүйек 2001 жылғы № 864 санды анықтама бойынша сотталушы Естаев Серіктің денесінде ешқандай жарақаттар анықталмағанын көрсетеді. /іс беті 54/

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>