• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Ерлан Қарин. Жаңаөзендегі оқиғалар елдегі көптеген мәселелерге көзді ашуы тиіс

22 Желтоқсан, 2011421490


Жаңаөзендегі оқиғаларды тек қана мұнайшылардың мәселелеріне не болмаса бөлек бір өңірдің мәселелеріне байланыстырып қарастыру жеткіліксіз. Бұл оқиғаларды елімізде соңғы уақытта орын алып жатқан бірқатар процестерді есепке ала отырып қарастыру қажет. Мысалы, осындай үрдістердің бірі - қоғамда болып жатқан өзгерістерде өз орнын таба алмай жүрген жастар тобының пайда болуы. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, Шаңырақ оқиғасы секілді Жаңаөзен қаласындағы оқиғаларда да жастардың белгілі бір тобының қатысуы алаңдатуы тиіс. Және де, осындай наразы жас адамдардың саны барған сайын өсіп келе жатқанын да айту қажет. Сондықтан тек мұнайшылардың мәселелерін шешумен ғана айналыспай, ал ең алдымен неліктен жастардың көбі қоғамдағы процестерден тыс қалатыны, олардың неліктен өз әлеуетін іске асыруға лайықты мүмкіндік таба алмай жатқаны жайлы ойлануымыз қажет.

Осыдан шығатын тағы бір қорытынды - Жаңаөзендегі оқиғалардан бұрын орын алған жағдайларды тағы бір рет мұқият, жан-жақты талдау қажет. Яғни биыл біз тап болған бірқатар экстремизм және лаңкестік көріністерді қайтадан егжей-тегжейлі талдауымыз қажет. Айталық, Атырау, Ақтөбеде орын алған кейбір оқиғалардың артында әлеуметтік наразылықтың бір көрінісі болған да шығар. Біз осы экстремизм оқиғаларының тек қана діни астары бар деп баға беріп, жастардың жаңа ағымдарға елігуіне, миссионерлердің ықпалына, діни насихаттың әсеріне байланыстырып қана қарастырғанымыз қателік болуы әбден мүмкін. Ал мұндай көзқарас Атырау, Ақтөбе, Тараз бен Жаңаөзендегі оқиғаларды басқа қырынан, жүйелі зерттеуге мүмкіндік береді. Үстіміздегі жылы елімізде орын алған қанды оқиғалар қоғамдағы кейбір ішкі мәселелер мен процесстерді объективті бағалай алмай отырғанның салдары. Не болмаса ол қандай да бір тоқмейілсушіліктің немесе бізде ешқандай да проблема жоқ, бұндай оқиғалар біздің елде болуы мүмкін емес, лаңкестік әрекеттер, кісі өлтірулер, жаппай тәртіпсіздіктер біз үшін қауіпті емес деп өз-өзімізді алдағанның нәтижесі.

Жалпы жаңаөзендік оқиғалар саяси процестің барлық қатысушыларының елдегі жағдайға деген қиялшыл көзқарасын айықтыруы тиіс. Себебі осы оқиғаларға қалайша баға берілгені биліктің де, оппозицияның да, бүкіл қоғамның да бұл істегі жауапкершілігі бар-жоғын айырып берген белгілі бір көрсеткішке айналды.

«Абай-ақпарат»

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>