• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Кәрім Мәсімовтің орнын кім басуы мүмкін?

22 Июнь, 20166442


Соңғы кездері «Кәрім Мәсімов отставкаға кетіп, оның орнына Бақытжан Сағынтаев келеді екен» деген әңгіме шыға бастады. Бақытжан Сағынтаевтан бөлек Үкімет тізгінін Асқар Мырзахметов ұстауы мүмкін деген жорамал да айтылып жатыр. Себебі Асқар Исабекұлы жуырда ғана вице-премьер әрі үкімет жанынан құрылған Жер комиссиясының төрағасы болып тағайындалған болатын. 

chin_masimЖалпы біздің елде «ауыс-түйіс болады екен» деген әңгіме өзгерістен алты ай бұрын айтыла бастайды. Әйтсе де бұл жолғы жорамалдың қисынды тұстары басым болып тұр. Сарапшылар

жер мәселесіне байланысты халықтың наразы көңіл-күйін басу үшін Кәрім Мәсімов шынымен отставкаға кетуі мүмкін дейді.

Ал оның орнына кім келуі мүмкін? Бұл сұраққа тіпті білікті саясаттанушылардың өзі нақты жауап бере алмайды. Алайда сарапшылар Кәрім Мәсімовтің отставкаға кетіп, оның орнына басқа адам келгенін қалайды.

SagintaevБақытжан Сағынтаев

Саясаттанушы Әзімбай Ғалидың айтуынша,

Бақытжан Сағынтаев шенеуніктердің ішінде ұлтжандылау болып есептеледі.

Сондықтан да ол «қоғамдағы наразы көңіл-күйді басу үшін Үкіметте ауыс-түйіс болатын шығар» деп есептейді. Алайда саясаттанушы премьер-министрдің кім болатынын нақты білмейді десек те, ол болашақ Үкімет басшысының бірнеше критерий бойынша таңдалатынын айтып берді:

– Біздің елде үкімет басшысы болатын адамға бірнеше талап қойылады. Ең бірінші,

біздің елде кімнің премьер-министр болатынын кландар шешеді.

Яғни, кімнің ықпалы мықты болса сол топ өз адамын Үкімет басшысы етіп қояды. Екінші критерий бойынша, сенімді, адам болуы керек. Нақтырақ айтсам, Әкежан Қажыгелдин сияқты жеке басының амбициясы болмауы керек. Үкішінші және ең басты талап – отбасының жеке ісіне араласпауы керек. Міне, осы үш приципті ұстанған адам премьер-министр бола алады, – дейді саясаттанушы.

 

Сондай-ақ, саясаттанушы Бақытжан Сағынтаевты креативті басшы ретінде танимын деп отыр. Сондықтан ол Бақытжан Сағынтаев премьер-министр болса қандайда бір оң өзгеріс әкелуі мүмкін екенін айтады.

05d0949a632607f9890ccb10d3f54daвавваавcӘбдіжәлел Бәкір

Алайда бұл пікірмен тағы бір саясаттанушыӘбдіжәлел Бәкір келіспейді. Өйткені ол премьер-министрдің біреуі кетіп, екіншісі келгеннен ештеңе өзгермейді деген пікірде. Алайда екі сарапшы да Кәрім Мәсімовтің отставкаға кетуі керек екенін айтып отыр.

– Премьер-министр болып кім келсе, сол келсін, оның халыққа деген ықыласы жоғары болса екен. Өкінішке қарай,

билік пен қараша халықтың арасы ажырап кетті. Қандай да бір мәселеге қатысты жоғары жаққа хат жазсаң, мардымды жауап ала алмайсың.

Мысалы мен өткен жылы балабақшада ағылшын тілін оқытуға байланысты Кәрім Мәсімовтің атына хат жаздым. Аталған хатты Кәрім Мәсімов Мәдениет және спорт министрлігіне жіберіпті, ал олар бір ауыз балабақша туралы сөз жазбай өзіме «жауап» берді. Саясаттану ғылымдарының докторы, әрі бір кезде мәжіліс депутаты болған адам «не туралы жазды екен» деп оқуға болады ғой. Өкінішке қарай, ешкім де хатты оқымаған, – дейді Әбдіжәлел Бәкір.

Әбдіжәлел Бәкірдің айтуынша, біздің елде премьер-министр болуға лайықты, білікті азаматтар жетерлік. Алайда таңдау көбінесе кәсіби маманға емес, кездесейсек адамға түседі. Ал Әзімбай Ғали болса экономикалық дағдарыстың алдын алмасақ, оның арты саяси дағдарысқа ұласып кетуі мүмкін екенін ескертті.

Серғали Асланбек
365info.kz

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>