• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Әлихан БӨКЕЙХАНОВ: Қазақ жері – мал кіндігі, ұлт меншігі

01 Шілде, 201687016


Eskiz_plakat_banner_rastyajkaӘлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың шығармашылық мұрасы бүгінгі таңда дені тарихшылар мен әдебиеттанушылар тарапынан зерттеуге алынып, ал қайраткердің экономикалық көзқарасын ғылыми талдау ісі сәл кешеуілдеп қалғандай әсер қалдырады. Шын мәнінде, Әлекең алған базалық білімі тұрғысынан – экономист. Ол 1894 жылы Санкт-Петербургтің Императорлық орман шаруашылығы академиясының экономика факультетін бітірген. Тергеу материалдарында тіркелген жеке іс қағаздарының бірінде ол мамандығым «оценщик» деп те көрсетеді. Замандастары Әлекеңді қазақ жерінің, оның асты-үсті табиғи байлықтарының терең білгірі ретінде мойындаған.

Ә.Бөкейхановтың эконо­микалық көзқарасының қалып­тасуы, әрине, оның Ф.А.Шер­бина (1896-1903 жж.) және ака­демик С.П.Швецов (1903-1904 жж.) басқарған ғылыми-зерт­теу экспедицияларына қа­ты­суымен байланысты болды. Басқарушысының атымен атал­ған «Щербина экспедиция­сы» Семей және Ақмола облыс­тар­ын­дағы 10 уездің табиғи ортасы мен осы өңірдегі жұрттың ша­руашылық жүргізу жүйесі мен мәдениетін зерттеуге алып, экспедиция материалдары көп­томдық түрінде баспадан шығып, оның 4, 6, 9 және 11 томдары Ә.Н.Бөкейхановтың атсалысуы­мен жарық көрді. Көптомдық ең­бектің 4-ші томы, мәселен, Пав­лодар уезіне арналып, томда берілген уез тұрғындарының мұн­да келіп орнығу тарихын, ру жә­не әулеттер шежіресін Әлихан Бөкейханов жазды. Сондай-ақ, ол Алтыбай және Қызылтау болыстары туралы очерктерді дайындауға қатысады.

Ә.Бөкейханов үшін әсіресе, нәтижелі болған оның академик С.П.Швецов басқарған Сі­бір темір жолы бойындағы ау­дан­дарды экономикалық тұр­ғы­дан зерттеу экспедиция­сы еді. Бұл экспедицияға қаты­са жү­ріп, ол қазақ қойына арнал­ған мо­нографиялық зерттеуін аяқтай­ды. Бұл қазақ қой шаруашылығы туралы алғашқы іргелі зерттеу еңбегі болатын. Қазақ қойы туралы бұдан бұрын да (мәселен, А.И.Добромыслов ж.б.), кейін де зерттеу жұ­мыс­тары болған. Де­­ген­мен, Әле­кеңнің зерттеуі қазақ қасиет тұтатын мал тұқы­мы туралы тереңдігімен, нәзік те жан-жақтылығымен ерекше­ленеді.

Енді өз ретімен осы еңбек­терге қысқа болса да тоқталып өтейін. Сонымен, Павлодар уезі халқының тарихына байланысты Әлекең еңбегінен бүгінгі біздер үшін де қызықты мынадай тарихи деректерді кездестіреміз. Кереку (жергілікті халық бұл өңірді осылай атайды) өңірі ілгері замандардан мал шаруасына және егіншілікке қолайлы, жері құнарлы, елге құтты мекен болған. Сондықтан да бұл өңір үшін түрлі этникалық қауымдар арасында үзіліссіз күрес жүріп отырған. Сондай қарулы қақ­тығыстардың соңғысы ХVIII ғасырда қазақтар мен қалмақтар арасында жүргендігін ел ішінде сақталған ауызекі әңгімелерден байқауға болады.

Осы ХVIII ғасырда жоңғар қалмақтарын Кереку өңірінен біржола ығыстырған қазақтың арғын, қыпшақ және найман тайпалары мынадай аудандарға орналасады. Қыпшақтар уездің солтүстік аймағына Ертістің оң және сол жақ бетіне, наймандар болса жеке ауыл-ауыл болып түрлі рулардың арасына шашырай орын теуіп, ал уездің қалған бөлігіне арғын тайпасының мейрам, бәсентиін, қанжығалы және сондай-ақ, уақ-керей бұтақтары қоныстанады.

Ф.А.Шербина экспедициясы материалдарының VI томы Қар­қаралы уезіне арналған. Осы томға кіріспе жазған белгілі зерт­теуші-ғалым Л.К.Чермак бұл томды әзірлеу ісіне Ә.Бө­кей­хановпен бірге Мәжит Шом­балов, Ережеп Итбаев, У.Әбішев, Д.Сатыбалдин сияқ­ты қазақ зия­лыларының да атсалысқанын, со­нымен бірге, бұл томдағы ма­териал­дарды баспаға даярлау­да Әли­хан Нұр­мұхамедұлының ерек­ше үлесі болғандығын жазады.

Әлихан Нұрмұхамедұлының еңбектерінде осы сияқты тари­хи фактілер молынан кез­де­седі. Міне, бұл баяндалған мағ­лұматтар қайраткердің ел өмі­рінен соншалықты терең хабар­дар болғандығының айғағы еді. Әлекеңнің қайраткерлік тұлға­сының соншалықты биікке көте­рілуінің бірден-бір сыры ту­ған елінің жүріп өткен жолын терең біліп қана қоймай, соны­мен бірге, оны мұқият ой елегі­нен өткізгендігіне байланысты бол­са керек.

Әлихан Нұрмұхамедұлы қа­зақ хал­­қының дәстүрлі мал ша­руа­шылығының артықшылық­тары мен әлсіз жақтарын терең әрі нәзік түсінген ғалым болды. Ғалымның бұл реттегі сұң­ғы­лалығына оның қой шаруа­шылығына арналған моно­гра­­фиялық зерттеуінің 2-ші тарау­ы­­мен таныса отырып көз жет­кі­зуге болады. Тарауда жасал­ған тұ­жырымдар Семей, Ақмо­ла және Торғай облыстарына қа­райтын 12 уездегі қазақ қожа­лық­тарын статистикалық тұр­ғыдан зерттеу арқылы алынған.

Әлекең қазақ жеріндегі қой шаруашылығын Ресейдің малға бай деген Астрахань, Таврия губернияларындағы және Дон облысындағы жағдаймен салыс­тырады. Мәселен, 1897 жылға тиесілі көрсеткіштер бойынша:

Астрахань губерниясында 1 адам басына шаққанда – 2,45 бас қой;

Таврия губерниясында – 1,80 бас қой;

Дон облысында – 1,05 бас қой өсірілген.

Ф.А. Щербина экспедиция­сының көрсетулері бойынша бұл көрсеткіш:

Семей облысында – 5,47 бас;

Ақмола облысында – 3,93 бас қойдан келген.

Осы көрсеткіштерге сүйене отырып Әлекең: қазақ даласы тұрғындарының қажетіне өсірілетін қой саны Еуропалық Ресейдің ең малға бай деген губернияларынан анағұрлым асып түседі деген тұжырым жасайды.

Осы тарауда Әлекең қазақ қойларына сипаттама бере отырып: «Ақ қойды қазақ байлары өсіреді, өйткені, ақ қойдың жү­ні­­нен қазақтың бай киіз үйіне қажет ақ киіз даярланады. Бі­­рақ ақ қой аязды қысқа төзімді емес. Яғни орта және кедей қа­зақ қожалықтарына ақ қой өсі­ру тиімсіз, сондықтан да бұл қо­­жа­лық иелері қою түсті қой өсіруге бейім. Қазақ қойлары­ның басым бөлігі боз және қоңыр болып келеді», – деп жазады.

Әлекең қазақ қойына берген сипаттамасын мынадай сөз­дермен аяқтайды: қазақ қойы бұл жануар туралы айтылатын ғайбат сөздерге лайық емес. Қазақ қойының кеңістікте өзін еркін сезінуге мүмкіндік бере­тін ғажап ес-жады бар. Мәсе­лен, жас қозы жаңа жайылым іздеп 10-15 шақырым ұзап, шық­қан жеріне оңай-ақ оралады. Әккі қойлар күзгі және қысқы жайы­лымдардағы құнарлы оты бар жерлерді жақсы айыра бі­леді, бұл ретте малшылар қалың қарлы қыста қойдың тапқыр­­лы­ғына сүйеніп қардан аршып алатын жайылымдарды анық­тайды.

Әлекеңнің қазақ малына бер­­ген мінездемесі осын­дай те­рең­дігімен және жылы­лы­ғы­­мен ерекшеленеді. Жоға­ры­да аталған ғылыми-зерт­теу экспедиция­ларына қаты­на­суы, сондай-ақ, ғұлама ғалым­ның кейінгі бай­қау­лары мен зерт­теулері оны қан­дай тұжырым­дарға жетеледі?

Жергілікті халықтың дәс­түр­лі шаруашылығын, жер қо­рын пайдалану жүйесі мен мәдениетін зерттеу арқылы ор­та­лық үкімет орындарына нақты ұсыныстар әзірлеу үшін ұйымдастырылған бұл экс­пе­диция жұмыстарына қа­тына­су барысында Әлихан Нұр­мұха­медұлы қазақ даласы­на байланыс­ты империялық билік­тің көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қы­рынан таныды. Үкіметтің таяу арада қазақ жеріне байланысты стра­тегиялық шараларды іске асы­руға қауырт дайындық үстінде тұрғанына көзі жетті.

Соның нақты көрінісі үкімет­тің қазақ көшпелі және жарты­лай көшпелі қожалықтарын жап­пай отырықшы өмір салтына ау­дару ісін қолға ала бас­тауы еді. Ә.Бөкейханов қатынас­қан екі экс­педицияның көзде­ген ор­тақ мақсаты орта қазақ қожа­лық­тарын отырықшы өмірге ау­да­руға қажет болатын жер нор­масын анықтау бола­тын. Қазақ қожалықтарын отырық­шы өмір­ге аудару өз ретінде патша­лық би­лікке қалған қазақ жеріне ішкі гу­берниялардан мыңда­ған орыс ша­руаларын көшіріп әке­ліп қо­ныстандыруға жол ашатын еді.

Ресей үкіметі қазақ даласына ғылыми-зерттеу экспедицияларын шығара отырып, осымен бір мезгілде, яғни 1896 жылы Ішкі істер министрлігі жанынан Қоныс аударту басқармасын (Пе­ре­селенческое управление) ашты. Қазақ жерінен ішкі Ресей­ден келетін переселендер үшін алты аудан, яғни Торғай, Орал, Ақмола, Семей, Сырдария және Же­тісу переселен аудандары белгі­ленді. Осы өңірлердегі егін­ші­лікке жарамды құнарлы жер­лер ішкі Ресейден қоныс аударып келгендерге үлес ретінде бері­луге тиіс болды.

Басқаша айтқанда, XX ға­сыр­­дың басындағы Ресей үкіме­­тінің есебі бойынша қазақ жері, біріншіден, империяның ішкі гу­бер­нияларындағы жер тап­шы­­лығын шешуге мүмкіндік ту­­ғызатын құрал болса, екін­шіден, оның батыс мем­ле­кеттерімен кезекті техноло­гиялық теке­ті­ресінде өнеркә­сіптік бай шикізат көзіне айна­луға тиіс еді. Ал әлемдік күш­тердің өзара қар­сыласу проце­сі барысында импе­рия құрамын­дағы кіші этника­лық құрылым­дардың табиғи мүд­десі мен мәдени құн­дылық­тары сонша­лықты жоғары мәнге ие бола алмай­тындығы о бастан белгілі. Қазақ елі, оның таби­ғи және адами әлеуеті Ресей­дің батыс мемле­кеттерімен текеті­ре­сінде күш қоры (резерв) міндетін атқаруға тиіс болды.

Міне, осындай жағдайда қа­зақ қоғамының мұндай ауыр сыннан өту мүмкіндігі қандай, ентелеп еніп келе жатқан капи­тализм сұраныстарына қазақ жұрты немен жауап бере алады деген сауалдар туындады. Әлихан Нұрмұхамедұлын да қинаған осы сауалдар еді.

Ұлы далада шашыранды орналасқан елдің алдынан көл­денең тартылған мұндай күр­делі сауалдарға иланымды жауап табу оны іздеушіден үлкен ыждағаттылықты, теория­лық даярлықты және зор жауапкер­шілікті талап еткен еді. Бұған қо­сымша, Әлекеңнің өзі айтқан­дай, ұлтына қызмет жасаймын деген тұлғаға біліммен бірге, сондай дәреже-деңгейдегі мінез де қажет етіледі. Ал Әли­хан Нұр­мұхамедұлы, Жаратушы осы екі қасиетті молынан берген, ерекше тұлға еді. Өзіне тарих жүктеген мұндай міндетті ол ең жоғарғы деңгейде орындап шықты. Оның табанды ізденісінің нәтижесінде қазақ шындығына сүйенген және елдің ортақ ұстанымы болуға лайық, стратегиялық тұрғыдан дәлелді шешім өмірге келді. Енді осы ұстанымның басты элементтеріне тоқталайын.

Әлекеңнің пікірінше, мал басын асылдандырып, тиімді мал шаруашылығына көшу қазаққа да жат емес. Ә.Бөкейханов ал­­дымен патшалық биліктің, кейі­­нірек кеңестік биліктің қазақ елін тез арада отырықшы тұр­мысқа аудару жобасына үзілді-кесілді қарсы шықты. «Мал шаруасы тымақ емес, төре келе жатыр деп қолға ала қоятын», – деп жазды ол.

Кеңес өкіметінің қазақ қо­жа­лықтарын ешқандай да даяр­лықсыз, бірнеше жылдың төңі­ре­гінде отырықшы тұрмысқа аудару әрекетін ол ұлт өміріне жасалған эксперимент ретінде баға­лады. Яғни, эксперименттер лабо­ра­торияларда жүргізілмек, ал адам­дар қоғамын эксперимент кең­істігіне айналдыру қоғам үшін нағыз трагедияға айна­луы әб­ден мүмкін екендігін ескертті.

Әлихан Нұрмұхамедұлы және оның серіктері Ахмет Бай­тұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы «Қазақ» газеті арқы­лы қазақ халқын патша әкімші­лігінің әрбір отбасындағы ер адамға 15 десятинадан жер үлесін алып, отырықшы тұрмыс­қа өтуге шақырған шараларына мойынсұнбай, қарсылық көрсе­туге шақырды. Бұл ретте ол башқұрт халқының ауыр тәжіри­бесінен сабақ алуға үндеді. Егіншіліктің қыр-сырынан бейхабар жұрт әуелде әкімшілік орындарының үгітіне сеніп, ер басына он бес десятинадан жер алуға келісіп, соңынан оты­рықшы тұрмысқа бірден көндіге алмастан, алған үлесін көрші орыс мұжығына қант-шайға айырбастап, ең соңында өз Отанында жер иелігі жоқ босқынға айналған еді.

Алдымен патшалық билік тұсында, сонан соң кеңес өкі­меті жағдайында Әлихан Нұр­мұ­хамедұлы бастаған қазақ зиялы­лары биліктен қазақ жеріне ішкі Ресейден орыс шаруаларын кө­шіріп әкеліп қоныстандыру шараларын тоқтатуды талап етті. Бұл істе алаштық және кеңестік ұстанымдағы ұлт зиялылары ауыз­бірлік танытты, бір үрдістен шығып отырды. Метрополия тарапынан жүріп жатқан отарлау саясаты жағдайында алаштық ұстанымдағы зиялылар жерге жекеменшік енгізу саясатына үзілді-кесілді қарсылық танытып, жерді қауымдық меншік тү­рінде пайдалану тиімді екендігін дәлелдеуге күш салды.

Аграрлық сектордың тез дамуын қамтамасыз ету үшін жеке шаруалар ерікті кооператив болып ұйымдасқаны тиім­ді екенін Дания елінің тәжі­рибесімен дәлелдеп бағып еді Әле­кең. Халқының бірегей сауат­тылығы негізінде бүкіл Данияға тараған кооперация қозғалысы бірлескен еңбек тиім­ділігін арттырып, елді тез арада байытуға негіз бол­ды. Архив материалдарына қара­ғанда, «Алаш» автономиясы құрыл­ғанға дейін Торғай облы­сындағы Уақытша үкіметтің ко­миссары дәрежесіндегі Әле­кең ауылды кооперациялауды пәрменді түрде қолға алып, бұл шара соңынан Қазақ-Алаш автономиясына кірген 10 облыс­тың бәрінде де қарқынды жүргі­зілгенін атап өту керек.

Жер мәселесі Алаш партия­сы­ның бағдарламасында жеке тарау ретінде берілді. Онда, мәселен, негізгі заңын жаса­ғанда жер сыбағасын алдымен жер­­гілікті жұртқа берілсін, қазақ жер сыбағасын отырған жер­­лер­ден алып орналасқанша қазақ же­ріне қоныс аударушылар кел­месін…», – деген жолдар бар еді.

1914 жылы желтоқсан айын­­да Орынборда Әлихан Бөкей­­ханов басшылығымен өткен ІІ Бүкіл қазақ съезі қазақ мемле­­кеттігін Алаш форматы ре­тін­де ұсынған болатын. Сол құ­рыл­тайда бірауыздан ұйғарым қа­былдап: «Алаш автоно­миясының 10 облысының жер асты-үсті­нің байлығы, жер-су, пайдалы қазбалары бөлін­бес Алаш мен­ші­гінде», деп бекі­тілген болатын. Бұл ұйғарым келешек Қазақ­станның алдыңғы қатарлы мемлекет болып қалып­тасып, өсіп-өркендеуінің негізі боларына толық кепіл, сенім артылған-ды.

Сол кезеңдегі Алаш автоно­миясы көсемдерінің бірегейі А.Бай­тұрсынұлы асқан көреген­дік танытып: «Халық өз заманына сай мамандық меңгеруі тиіс, өз жерінің байлықтарын игілікке айналдыра алатындай дәрежеге көтерілуі тиіс. Алдыңғы қатарлы техниканы игеруі тиіс. Олай етпесек, біз басқа елдің отары боламыз», деп бірінші Қазақ ұлттық уни­вер­ситеті – қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 1928 жылғы ашылуында жар салған еді. Ал одан бұрынырақ (1918 ж.) Әлихан Нұр­мұхамедұлы келешек жас мем­лекетіміздің алдында тұрған өрелі мақсаттары туралы: «Үсті­міздегі ХХ ғасыр – өркениет бәсе­келестігінің заманы. Бұл уа­қытта күн астындағы орын үшін күреспейтін һәм мәдениетке талпынбайтын ұлттың табылуы кәдік… Қазіргі әлемдік соғыста ғылым үстемдік алды. Күн­делікті өмірде… ғылым айқын­даушы күшке айналды. Білім­сіз халық өркениет қал­тарыс­тарында қалып қоятынын айтып жату артық. Өз мәдениетін сақтау, барлық жақсы нәрсе­лерді игеру жолындағы күреске қа­зақтар да қосылды… Бізге бі­лімді, тәжірибелі саясатшылар, жоғары білікті мамандар қажет. Бізге фабрикалар, зауыттар, шаруашылық ұйымдары, коо­пе­ративтер және басқа да көп нәр­селер керек. Мұның бәрі білімді қазақтарды қажетсінеді. Мұның бәрі бір күнде немесе бір жылда пайда болмайды. Осы­ның бәрін өмірде жедел іске асыру үшін жіті жоспарлау, маман­дардың бейнетті еңбегі, ауқатты азаматтардың қаржысы керек және істі дереу қолға алу керек» деп жазған еді.

Бұдан бір ғасыр бұрын ел мүддесін, халық болашағын көксеген ұлт көсемі, ұлы қай­ратк­ер Әлихан Бөкейхановтың бағдары бүгінгі тәуелсіз Қазақ­станның өркениетті елдер санатына құлаш ұрған дәуірінде шешімін табуда десек, жаза баспағанымыз. Оған кепіл бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан Ұлт Жоспары. Бес инс­ти­туттық реформа, оларды орын­даудағы 100 нақты қадам. Осы­ның негізінде тәуелсіз Қазақ­стан дамыған 30 елдің қатарына қосылуға нақтылы пәрменділік жасап, Әлихан Бөкейхановтың, Алаш қайраткерлерінің ұлы бағ­дарын жүзеге асыруға кепілдік ететініне бүгінгі ұрпақ толық сенімді.

Аманжол ҚОШАНОВ,

академик

АЛМАТЫ

egemen.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>