• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

"ОН АДАМ КӨШЕГЕ ЖИНАЛСА, «МЕМЛЕКЕТТІК ТӨҢКЕРІС ЖАСАҒАЛЫ ТҰР» ДЕП АЛЫП КЕТЕДІ"

07 Шілде, 20166963


Өткенде Алматыда «Жас Алаш» газетi мен Болатхан Тайжан атындағы қоғамдық қоры бiрлесіп өткізген білім саласындағы үштілділік реформасына қатысты қоғамдық тыңдауда жазушы Дулат Исабековтің айтқан сөзі.

Дулат Исабеков, жазушы, драматург:
– Қазақта неге осындай жиналыс көбейіп кетті? «Оян, қа­зақ» деп ғасырлар бойы айтып келгенде оянбаған қазақ биыл неге оянды?! «Жақсылық көр­сең – өзіңнен, жамандық көр­сең – өзіңнен» деп С.Тор­айғыров айтып кеткен. Барлығы – о бас­тан-ақ үндемей, билікті үйретіп алғанды­ғымыз­дан. Біз «Нұрқа­ділов өзін-өзі үш рет атты» дегенге сенген ха­лық­пыз. Үш рет өзіңіздің саусағы­ңызды кесіп көріңізші, қалай болады екен? Бір рет атады. «Ойбай, жөнді болмады» дейді де, тағы атады. «Ой, бұл да болмады» деп, басынан атады. Сосын писто­летті жастығы­ның астына қойып, «е, енді дұрыс болды» деп өледі де кетеді. Осыны бір адам «қа­лайша?» деп сұраған жоқ. Жал­пы, біз – полигон-халықпыз. Біздің адамдардың төзім­ділігінің полигоны. «Үш рет атып өзін-өзі өлтірді» деген сөздің ар жағында «бұл адам­дарға бәрібір, не айтсаң да көне береді» деген түсінік жатыр. Енді не істеу керек? Он адам кө­шеге жиналса, «мемле­кет­тік төңке­ріс жасағалы тұр» деп алып кетеді.
Менің­ше, оқу-тәрбие ісінің оңбай жатқаны – бәрін бір министр­ліктің қолына бергені­мізден. Ғылым да сонда, мектеп те сонда. Мектепті жо­ғарғы оқу орнынан бөлу керек. Қазір министрлікте мектеппен айналысатын маман жоқ.
Өткендегі сұхбатымда да айтқам, біз­де осы ұлтқа қастан­дық жасап жатқан көрінбейтін бі­реулер бар сияқты. Оны еш­кім білмейді, ешкім ұстай алмайды. Жазуын жазамыз, айтамыз. Бірақ жазғаныңды ешкім тың­дамайтын, билік білгенін істей беретін дәрежеге жетті. «Айта берсін» дейді. Тым шектен шығып бара жатсаң, аузыңды жабатын құралдары көп. Тағы да бір жиналыс өткі­земіз бе, содан кейін концептуалды үлкен құжат жасап, газетке жариялаймыз ба, қалай бол­ғанда да, бірдеңе істеу керек.
Қазақстанда қазір халықтың саны азайған сайын биліктің басындағылар қуанатын болды. Өйткені проблема азаяды. Міне, сондықтан демография­лық бағдарламаны да қосып айтуымыз керек. Оған не істеуіміз керек дегендей...
Дереккөз: "Жас Алаш" газеті

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>