Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы Атырауда өтіп жатыр.
Отырыс барысында ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жер үшін алаңға шыққан Макс Боқаев пен Талғат Аянды босатуды талап ететіндерін айтты. Сондай-ақ, Шаханов ірі жер иеленуші азаматтар туралы мәлімет мемлекеттік құпия екені, оны ірі жер иеленушілердің келісімінсіз жариялауға болмайды деген заң бар екенін айта келіп, ондай заңды бәріміз бірлесіп о дүние аттандыруымыз керек, әйтпесе, жер мәселесі ешқашан шешілмейтінін қадап айтты.