• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Тұрсын Жұртбай. Жер — ұлттық дербес өмiр сүрудiң басты кепiлi

09 Август, 201673612


Жер — ұлттық дербес өмiр сүрудiң басты кепiлi. Жерсiз ұлт — дербес халық ретiнде жер бетiнде өмiр сүру құқынан, ұлттық қасиеттен айырылады. Жаһанданудың да жұлынын жеп отырған жегі құрт — осы жер. Әлемдік геосаяттың бәрі де осы жерге келіп тіреледі. Жердің иелігі шешілмей, тәуелсіздік те, оған ие ұлттың да, оны билейтін мемлекеттің де мүддесі шешілмейді. Түптеп келгенде, капитализм, имперализм, социализм дегеніміздің өзі де — жерді иеленудің бір формасы ғана. Жерсіз — ешқандай империяның мүддесі жүзеге аспайды. Жерcіз — ешқандай империяның халықаралық қауымдастықта ықпалы жүрмейді. Жерсіз империя — тұл империя. Ал империялық өктемдіктен бас тартқан мемлекет жоқ. Бұл ретте қазақтың тағдыры қосақталған Ресейдің дәмесі бұрын да зор болды, қазір де зор, ертең де өте зор болмақ. Сондықтан да В.И.Ленин:

«Ресейдегі отарлау саясаты дегеніміз — жер саясаты», — деп атап айтқан болатын.

...Жер дауы — қазақ ұлты үшiн бұрын да өте күрделi әрi ең талмауытты мәселе болатын. Сондықтан сол тұстағы қазақ зиялыларының бiрде-бiреуi жер, жер бөлiсi жөнiндегi мәскеулiк жобаны бекiттiрмеуге тырысты. Саяси көзқарастары мен қызмет орындарының әр саланы қамтығандығына қарамастан, мұндай «коммунистiк-колонизаторлыққа» қарсы тұрарлық ұлттық пікір қалыптасты. Қазақстандағы ұлттық қызметкерлердің ішіндегі ең жасы, ең өжетi, бiлiмдiсi Смағұл Сәдуақасов мұны:

«Қазақ автономисына жүргізілген коммунистік колонизаторлық» — деп атады.

Бұл — қазақ қауымының рухани өмiрiндегi ең шешушi әрi тарихи қажеттiлiктен туған заңды қарсылық едi.

Мұндай батыл пікірді айтқан Смағұл Сәдуақасов та Қазақстан үшін тосын тұлға емес. Ол республиканың ішіндегі саяси-ұйымдастыру, экономикалық басқару шараларына батыл араласқан, ысылған қайраткер еді. Әсіресе, Қазақстан автономиясының құрылуы, оның территориясының межеленуі, солтүстік облыстардың Қазақстанға қосылуы, қазақ қызметкерлерін іс басына тарту, 1921-1922 жылдардағы ашаршылықпен күрес, жер туралы заң жобасы мен экономикалық тұрғыдан тәуелсіз даму бағдарын анықтау, тарихи-мәдени, рухани құндылықтарды тану, бағалау барысында Смағұл өзгелерден жеке дара суырылып шықты.

Ол өзiн терең де батыл ойлы, шешiмшiл, өжет және ұлт мүддесiн қорғайтын қайратты да қызуқанды, тәлiмдi де тәжiрибелi мемлекет қайраткерi есебiнде көрсете бiлдi. Смағұл Сәдуақасовтың жер, ұлттық өнеркәсiп, мәдениет саласындағы саяси тұжырымдарының негiзiне «Алашорда» қозғалысының бағыт-бағдары мен тұжырымдары желi болып тартылды. Сол ұлы мақсатты кеңес өкiметiнiң саясатына бейiмдей отырып, «коммунист-отаршылдарға қарсы «ұлттық коммунистiк» үлгi ұсынды. Ол қазақ жерi туралы Ә.Бөкейханов ұстанған жер реформасы туралы жобаны қолдап:

«Сырттан келiп отарлауды уақытша тоқтату керек; б) әуелi жергiлiктi халықты, соның iшiнде байырғы қарашекпендердi де қамти отырып, оларды толықтай жерге орналастыру қажет; в) екiншi кезекте барып төңкерiс тұсында ауып келгендерге жер беру керек; г) содан кейiн ғана Қазақстанның жер жағдайы мен құнарлылығын зерттеумен шұғылданып, оның құнарлы-құнарсыз екендiгiн, яғни пайдалануға жарайтын артық жер бар ма, жоқ па, соны анықтау тиiс», — деп үлкен мәселе қойды.

Мiне, мәселе қайда жатыр! Иә, гәп — жерде. Жер — адамды жейдi. Көзiн өңменiңнен өткiзе қадап, телмiртiп отырған да сол жер, қазақтың жерi болатын. «Тың игеру» науқанын Столыпин сұм аяқтай алмай кеттi. Ал, большевиктер өздерi атып өлтiрген Столыпиннiң бастамасын үкiмет басына келiсiмен шұғыл түрде жүзеге асыруға құлшынды. Бiрақ оған ұлт көсемдерi жол бермедi. Өзге шарасы қалмаған кеңес өкiметi жаппай жазалау саясатына жүгiндi. Ұлт көсемдерiн шетiнен түрмеге қамады. Тергедi. Қинады. Сонда да алаш азаматтары алған беттерiнен қайтпады. Өйткенi жер мәселесi — қазақ ұлтының өмiрi мен өлiмiн анықтайтын ең шешушi мәселе едi.

Бұл платформа кеңеске дейін де, кеңес кезінде де, кеңестен кейін де большевиктер тарапынан жаппай сыналды, «ұлтшылдық платформа» деп бағаланды. Ақиқатына көшсек, Смағұл Сәдуақасұлының пiкiрi дұрыс әрi ол жалғыз өзiнiң ғана емес, сол кездегi алаш азаматтарының ақылдаса келiп қорытқан тұжырымды пiкiрi болатын. Әлихан, Ахмет, Мiржақып, Халел, Жаһанша, Мұхамеджан, Халел Ғаббасов, Әлімхан iспеттi ұлт көсемдерiне мiнбеге көтерiлуге тиым салынғандықтан да, солардың ақылына сүйенiп, солардың атынан сөйлеген сөзi едi.

"Ұраным - Алаш!.." еңбегінен үзінді
arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>